ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
161
етеді.
Тарихи фактілерге тұлғаның ықпал жасау деңгейі- бір жағынан осы фактілердің сипатына
байланысты болса,екінші жағынан, тұлғаның қоғамға әсер ету мүмкіндігіне,оның осы қоғамдағы
алатын орнына байланысты.
Тарихи процестің барысына кім ықпал жасай алады? Крапивенский C. Э.тарихи процеске әсер
ететің тұлғаның анықтамасы ретінде « белсенді өмірлік ұстанымы бар және қоғам өмірінің
салаларының дамуына ,сол арқылы жалпы тарихи процеске өзінің еңбегімен,күресімен,теоретикалық
ізденісімен және т.б. белгілі үлес қосатын әр индивидті жатқызады» [3,б.306].Біздің ойымызша,
ықпалды тек белсенді тұлға ғана емес,сонымен қатар пассивті адамдарда жасайды,дәлдірек
айтқанда,әрекет етпеу-бұл да әрекет ету. Мысалы,қазіргі таңда халқымыздың бір бөлігінің ана тілін
меңгеруге құлшынысынын болмауы,ертеңгі күні қазақ тілінің, өзіміздің қоғамда лайықты орын
алалмайтығынын себепкері болады.
Жалпы алғанда,қоғам барлық адамдардың өзара байланысынан құрылады.Сондықтан,әр тұлға
тарихи фактілерге кішігірім істерімен болса да ықпал ете алады. Және қаншалықты көп индивидтер
бірыңғай ойлап,әрекет етсе,оның жасайтын ықпалы да салмақты болады. Әрине,оның дәрежесі осы
адамдардың әлеуметтік жағдайларына байланысты .Бірақ,жалпы алғанда сандық өзгерістер сапаға
айналады,әрбасқа адамдардың әрекеттерінің жиынтығы қоғамды оң өзгерістерге әкеледі.
Жеке тұлғаның әрекеті бір жағынан,жалпы қоғамға ,екінші жағынан басқа,нақты адамдарға
ықпал жасайды.Мысалы,егерде бір адам сапалы білім алса-бұл бір жағынан,азда болса да,қоғамдағы
сауаттылық деңгейін көрсетеді,екінші жағынан,осы адамның айналасына әсер етеді:өзгелердің білім
алуына түрткі болады, олардың білім деңгейін көтереді.
Жалпы,қоғамның дамуы- оған тән заңдылықтармен жүзеге асады,оны жеке адамдардың еркімен
тоқтату мүмкін емес.Бірақ,адам тарихтың жүзеге асу барысына елеулі ықпал ете алады.Бұл тұрғыда,
С.Е.Нұрмұратов«тарихи оқиғалар алдын-ала қашалып,белгіленіп қоймайды,сондықтан, тарих
болашағы алуан түрлі баламаларға ие»деген пікірімен келісуге болады. [4,б.73].
Тарих бір сызықтық және алдын ала белгіленген болып табылмайды,әр жеке тұлға оған әсер
етеді,сондықтан да әр адам тарих пен қоғам алдында өзінің әрекеті үшін жауапты.
Әдебиеттер:
1. Әбжанов Х.М.,Әлпейсов Ә.Қазақ интеллегенциясы мен мәдениеті туралы.Алматы.1992жыл.
2. Гринин Л. Е. Тарихтағы тұлға: Қазіргі әдістер// История и современность, № 1, 2011.
3. Крапивенский С. Э.Тарихтағы тұлғаның рөлі.волглград қ.,1996.
4. Нұрмұратов С.Е.,Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында//Халықаралық конференция
материалдары//2007.
ӘОЖ 81:002
ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП МЕҢГЕРТУ
Безаубекова А.Д. - филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Мақала өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
меңгерту жайлы жазылған. Өзге ұлт өкілдеріне заманауи технологияларды қолдану арқылы қазақ
тілін үйренудің бірнеше мүмкіндіктері бар: қазақ тілі сабағында жан-жақты ашу, шығармашылық
жұмыстарын ұйымдастыру, өз білімдері мен дағдыларын практика жүзінде қолдану.
Негізгі сөздер: ақпараттық технология, интерактивті оқыту, компьютерлік тестілеу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясының XII
сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін, ту, елтаңба,
әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік
тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін
тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі...» - деп нақты ашып айтты.
Ел егемендігінің басты сипаттарының бірі – мемлекеттік тіл болғандықтан, білім беру
ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасы Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға маңызды
ықпал ететіндігі даусыз.
Осыған байланысты өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгерту- оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертуде тіл дамыту жұмыстарына ерекше мән беріледі. Сондықтан,
мұғалімнен қазақ тілі сабағында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп,
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
162
қолданылатын материалдарды дұрыс таңдау (сөздің, сөлемнің үлгілерін беру), тілдің теориясы мен
сөйлеу практикасының қарым-қатынасын түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асыруды қажет етеді.
Сондықтан тіл дамыту арқылы қазақ тілін меңгерту жұмысы төрт бағытта жүргізіледі:
Бірінші – мәдени, әдеби сөйлеу білуге үйрету, яғни орфографиялық дағдыныимеңгерте отырып,
оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Екінші, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Демек , тілдің
лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді.
Үшінші, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларын
меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру
арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру.
Төртінші, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жазып, әрі сөйлей білуге үйрету.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін заманауи технологиясын қолдану арқылы үйрету өте тиімді.
Сабақта заманауи технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану пән мұғалімдерінен тәжірибелікті,
ізденісті, әдістемелік шеберлікті қажет етеді. Яғни, оқу-тәрбие үрдісін интенфикациялу – заманауи
технологияларды ақпараттық техника құралдарымен байланыстыру болып табылады. Өзектілігі –
мұғалім уақытты тиімді пайдаланады, білім мазмұнын жаңаша жеткізуге тырысады. Әдістемелік
шеберлігін жетілдіру арқылы оқушының сабақты қабылдау ынтасын, өз заманына сай білім, білік,
дағдысынғ шығармашылығын арттыруға жол ашады.
Соңғы уақытта мектептерде ақпараттық – телекоммуникациялық құралдар : мультимедиялық
проекторлар, компьютер, интерактивті тақталар пайда бола бастады, барлық мектептер интернет
жүйесіне қосылуда. Ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлі формада графика,
дыбыс, анимация , видео пайдалануға мүмкіндік береді. Интерактивті тақта және проектормен жұмыс
кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға мүмкіндік алдық. Видеофильмдер,
мультимедиялық презентациялар арқылы қазақ тілін үйрету мүмкіндігі артады, әр оқушылардың
ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада меңгереді.
Қазақ тілін үйретуде интерактивті тақта мен кіріктірілген тест жүйелері сияқты мүлде жаңа өлшемді
технологиялар пайда бола бастады. Интерактивті технологияларды өз сабағымызда пайдалана
алсақ, интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін
практикада пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаларды шығара аламыз.
Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
меңгертудің төмендегі мүмкіндігін тиімді пайдалануды ұсынамыз:
1. Компьютерде дыбыстық және бейнефрагменттер көмегімен демонстрация жасау. Ол көрнекі
– бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым – қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді
және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндік туғызады. Компьютердің көмегімен оқұшы өз
бетінше,сондай ақ өзге оқұшылармен топтасып бірге жасайтын жұмыстарды ұйымдастыру Компьютер
оқұшы білімін бағалауға көмектеседі.
2. Қазақ тілін меңгертуге арналған электрондық оқұлықта әр тақырыпқа сай тлық мәлімет
берілген. Электрондық оқұлық дисплей экранында жай ғана мәтінді көрсетіп қоймайды, ол оқұшыға өз
жолымен көрнекті материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Ол жұмыс жасағанда жедел көрі байланыс, анықтамалық ақпаратты тез іздеу, демонстрациялық
мысалдар мен модулдер, бақылау (тренажер, тестілеу,ьөз білімін бақылау) қызметін атқарады.
3. Microsoft Power Point презентациясы мұғалім күнделікті сабақта пайдалана алатын құрал
Microsoft Power Point презентация көмегімен әр тақырыпты көрнекілік құралдармен безендіріп,сабақты
жүйелі,тартымды,қызықты өткізу болады. Презентация уақытты үнемдеуге көмектеседі,оқұшылардың
есте сақтау қабілетін арттырұға мүмкіндік жасайлды және оқұшылар принтерден қажетті материалды
шығарып қолдана алады.
4. Интернет желісі жобалардың презентацияларын дайындауға, кез келген аудиовизуалды
ақпарат алуға кең мүмкіндік береді. Қолданушы түрлі бағытарда желі қорларын пайдалануға мүмкіндік
алады, яғни кез келген салада қызықтыратын тақырыпты, не болмаса, бөлімді тереңірек зерттеуге
мүмкіндігі бар. Интернет желісі арқылы еркін әңгімелеседі, электрондық поштаның мүмкіндігін
пайдаланады.
5. Интерактивті тақта топтағы оқұшылардың барлығын оқыту ушін құнды құрал Интерактивті
тақта басқарұға мүмкіндік беретін экран. Бормен тақтаға жазылған кескенді интерактівті тақтадағы
түрлі түсті, ұқыпты кескінмен салыстырұға болмайды. Сабақта Aktiv Vote тестілеу жуйесі арқылы тест
алу мүмкіндік бар. Интерактивті тақта ақпаратты түрлі мультемедиялық ресурстар көмегі арқылы
таныстырұға мүмкіндік береді. Ол сызбаларды түсіндіру женілдетіп, қиын мәселелерді шешуге
көмектесе алады.
Яғни,интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
1. Web сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалды түсіндіруге,
игертуге қолайлы.
2. Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға
мүмкіндік туғызады.
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
163
3. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты
орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай жасайды .
4. Оқушыға жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға
мүмкіндік береді.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды
қолдануды,мәселені бірлесіп шешүді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысын немесе
идеяны ерекшелеуді шектнйді. Интерактивті оқыту технологиясы бұл ұжымдық өзін өзі толықтыратын
барлық қатысушылардын өзара әрекеті негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін
болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Интерактивті оқыту – бұл білім алушы мен оқытушының қарым-қатынасын тікелей жүзеге
асыратын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке,
өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет мәселені бірлесіп шешуге алып келетін –
ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір
көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушініңбасым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту
барысында оқушылар сыни ойлауды,тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі
мәселелрді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды,
дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта
жекелей, жұптық және ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады,
құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.
Сабақ түсіндірген кезде сабақта берілетін ақпарат материалдарын жүйелу жаңа формация
мұғалімінен шығармашылық ізденісті бұрынғыдан да көп талап етеді. Сабаққа қатысты жасалынған
слайдтарда сабақ мазмұнын білім стандарты талаптарына сай қамту мақсатында көптеген қосымша
дерек көздері мен дидактикалық материалдарды жинақтау қажет болды, соладың ішінде
иллюстрациялық суреттер көп көмегін тигізеді. Аудио және видео материалдардын тіл үйретуде
пайдалану өте тиімді (Мысалы, жазып өлеңдерден үзінді оқу, кинофильмнен үзінді, әндерін тыңдату,
кеіпкерлердің әдеби образын көру).
Қазақ тілін меңгертуде интерактивті тақталарды қолдану тіл үйренуге жаңа мүмкіндік береді, оқу
үдерісі қызықты да көрнекті болады.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертуде интерактивті технологияны қолданудың мақсаты:
интерактивті технологиялар және техникалық объектілердің көмегімен ақпаратты шығармашылықпен
жеткізу, материалды іріктеп, таңдап, көркем де қызықты флипчарттар жасап, оқушылардың пәнге
деген танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Интерактивті технологияларды қолдану арқылы біз өз уақытымызды және күшімізді үнемдеу,
ресурстарды өз қалауымызша пайдалану мүмкіндігін аламыз. Бұл технологиялар білім беру жүйесінде
мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісінде терең де сапалы білім беруге жол ашады.
Ал, оқытушы үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі,
инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі артады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік
деңгейде іс-тәжірибемен танысады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді.
Компьютерлік тестілеу арқылы сабақтың материалын қаншалықты игергенін жылдам тексеріп
шығу, қай сұраққа дұрыс немесе қате, қанша уақытта жауап бергенін анықтау, сондай-ақ тест
нәтижелерінің динамикасын жасау-заманауи техниканың мүмкіндігі.
Қорыта айтқанда, өзге ұлт өкілдеріне заманауи технологияларды қолдану арқылы қазақ тілін
үйренудің бірнеше мүмкіндіктері бар. Яғни, мұғалім үшін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі сабағында
тақырып мазмұнын жан-жақты ашу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру,
сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, істелген жұмысы үшін жауапкершілік сезімдерін нығайту,
интерактивті технологияларды қолдануда шығармашылығын көрсету және өз білімдері мен
дағдыларын практика жүзінде қолдану мүмкіндігі.
Әр мұғалім қазақ тілі дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра
білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білген
нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Әдебиеттер:
1. Маманов Ы. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту. – А., 1977. – 71 б.
2. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. –
Алматы, 1978. – 56 б.
3. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестікті гу-
манизациялау құралы. – А., 2002.
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
164
УДК 81'42(075.8)
КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ КЕЙБІР КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ
Досова А.Т. - ф.ғ.к., доцент, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті
Бүгінгі таңда тіл білімінде жазушы шығармаларының тілдік табиғатын толық тану үшін
жазушы шеберлігін бір ғана стилистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттігі қойылып отыр. Қазақ
әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Т.Ахтановтың шығармашылық лабораториясы біраз
зерттеу жұмысына өзек болғанымен, лингвистикалық стилистика тұрғысынан талдауға түскен
жоқ. Т.Ахтанов романдарында қолданылған тілдік құралдар лексика-грамматикалық, стильдік
ерекшеліктер тұрғысынан қарастырылуы мақала тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Т.Ахтанов
романдарының лексикалық қоры алғаш рет тілдік тұрғыдан қарастырылып, олардың стильдік
ерекшеліктері айқындалады.
Негізгі ұғымдар: тіл, дүниетаным, танымдық аспект, антропоөзектік бағытта, мәтін.
Әрбір жазушының тілдік тұлға ретіндегі табиғатын, шығармашылық шеберлігін анықтайтын
негізгі құралдардың бірі оның суреткерлік болмысын танытатын тілдік өрнектермен айшықталған
көріктеу тәсілі болып табылады. Осымен байланысты Т.Ахтанов шығармаларында қолданылған
көркемдік тәсілдер жазушының тіл көркемдігін ғана көрсетіп қоймай, оның әсемдік әлемін,
дүниетанымын танытатын мазмұнға ие. Жазушы шығармаларында қолданылған теңеу, эпитет,
метонимия, қайталау сияқты көріктеу құралдары оны тілдік тұлға ретінде танытатын жазушылық
шығармашылығын, таным әлемінен ақпарат беретін бірден-бір тілдік құралдар болып табылады.
Эпитеттің зерттелу тарихы ертедегі грек ғалымдарынан бастау алған. Ұлы оқымыстылардың
пайымдаулары басқа тілдерде эпитет жайындағы ілімнің ілгері дамуына әсер еткен. Қазақ тілінде
эпитетке алғаш анықтама берген А.Байтұрсынұлы: “Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп
айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айту. Асылында айқындау нәрсені я
көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады”, - деп жазады [1, 155].
Эпитет қандай да бір сөздің сапасын, белгісін білдіретін көркемдеуіш құрал болғандықтан оны
айқындау деп те атайды.
“Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті
сөз” [2, 209].
Жазушылар, ақындар шығармаларында эпитеттер мол кездеседі. Жазушылыр тіліндегі
эпиттеттерді стильдік қызметі мен құрылымына қарай жіктеп көрсетуге болады.
Т.Ахтановтың қай шығармасы болмасын тұнып тұрған сөз маржандары яғни эпитетке өте бай.
Бұл, әрине, жазушының тамыры тереңге кеткен үлкен бәйтерек – сөз зергері екенін дәлелдей түседі.
Т.Ахтанов романдарында кездесетін эпитеттерді стильдік қызметі, яғни автордың эпитеттерді қолдану
мақсатына қарай бірнеше топқа жіктеуге болады.
1) Автордың эпитетті қолданудағы мақсаттарының бірі – табиғат көріністерін, тұрмыстық
жайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқушы сезіміне әсер етерліктей етіп беру. Мысалы,
“Шаңқай түске қарай көтерілген күн, ыстық аптабымен күйдірмей, қалың ағашқа, жайқалған көк
шалғынға, құйқалы топыраққа мол қызуын сіңіріп балқытып келеді”(Шырағың сөнбесін, 18-б).
Сөйлемде көңілге жайдары шуақ төгетін жаз көрінісі сұлу сөздермен нақты берілген. “Алатаудың
қарағай орманды көп жықпылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнар сұйылып, күлгін тарта бастады. Кешкі
күннің қиғаш сәулесі тау жоталарын қызғылт-сарғыш ерекше бір нәзік нұрға малған” (Шырағың
сөнбесін, 13-б). Талас жоқ, осы сөйлемдердегі эпитеттің сөйлемге әдемі ажар беріп тұрғаны даусыз.
Алғашқы сөйлемде жазушы қарағай орманды жыпқылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнардың табиғат
аясындағы керемет үйлесімді суретін берсе, келесі сөйлемде тау жоталарын нәзік нұрға малған күннің
қиғаш сәулесін көз алдыңызға елестетесіз. Алатаудың сұлу келбеті әсем суреттелген. “Жұрттың
бәрінің көзі таудан бергі жазық даланың ортасында жалғыз тұрған үлкен, биік, қоңыр төбеге түсті”
(Қаһарлы күндер, 13-б). Сөйлемдегі үлкен, биік, қоңыр сөздері – күрделі эпитеттер. Олар сөйлемге
айрықша өң беріп, өмір суретін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. “Жылы үйдің есігіне жуықтай бергенде
желкесінен тартып әкеткендей, адам баласының әлі келмейтін ақ дүлей елсіз, панасыз далаға қарай
қойларымен қоса ысырып әкетіп барады” (Боран, 36-б). Мұнда эпитет пен теңеу түйдектеліп келіп,
шығарма ажарын аша түскен. “Қоспанның әлі келмеді… Қара дүлей ақыры оны қойымен қоса жарға
қарай ысырып әкетті” (Боран, 38-б). Бұл сөйлемде автор эпитет арқылы қыстың қатал мінезін шынайы
түрде суреттеген.
Жазушы романдарында табиғат көріністерін (пейзаж) беру мақсатында қолданылған
эпитеттерді мезгілге, қалыпты күйіне қарай жіктеп көрсетуге болады.
а) Мезгілдік мағынаны білдіретін эпитеттер: алыстағы әлсіз найзағайдай қараңғы түн, айлы таң,
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
165
қара көлеңке ымырт, қалыңдап келе жатқан қараңғылық, қою қараңғылық, күңгірт бейуақ, шығар
күннің сәулесімен күмістей жарқыраған алып ақ дала, алдамшы ай жарығы т.б.
ә) Қалыпты табиғатты білдіретін эпитеттер: биік көк аспан, біріне-бірі ұқсас қар жамылған ақ
адырлар, боз жусан, жаңбырлы аспанның астында қарауытып сұлық жатқан дала, жел кермек татыған
қарағай, жібіген қу шөпшек, ақшыл бояуы оңған бұйра боз, кермек исі аңқыған құрғақ жусан, қоңырқай
сұрғылт тартқан жұпыны жер, тыныстап тұрған жым-жырт дүние, нәзік тыныштық, рақат тыныштық,
бұлыңғыр аспан, ай нұрына жарқыраған аппақ қар, дымқыл ауа, дымқыл қара қоңыр бұлт, қоңыр
күңгірт сәуле, қуқыл қар, күңгірт мұнар, суық төңірек т.б.
б) Қозғалыстағы (динамикалық күйдегі) табиғат құбылыстарын білдіретін эпитеттер: ағын су,
жігер құйып құлшындыратын еспе леп, жұмсақ майда жел, ұйтқыған боран, ұйтқыған жел, ұлыған
боран, шаңытқан боран, ызғарлы жел, ысқырған боран, ақ боран, ақ дүлей, ақ түнек, аласұрған ақ
дүлей, ат құлағы көрінбейтін бозамық түнек, боз қырау, буалдыр тұман, бұрқыраған қарлы боран,
гуілдеген боран, гулеген боран, долы толқын, жаяу боран, жаяу борасын, жұпар леп, қара бұйра шаң-
түтін, қара дүлей, қатқыл боран, қоңыр жел, ойнақ салған есер жел, қою бұйра түтін, сұрапыл дауыл,
нәзік самал, бұрқыраған ақшыл тозаң т.б
2) Жазушы эпитетті кейіпкердің бейнесін, сыртқы көрінісін, портретін жасауда кеңінен қолданған.
Мысалы, “Қазір де қабағының астынан Мұратты бағып отыр. Бұрын ескермеуші еді, сөйтсе бұл қазақ
өзіне бола көрікті екен. Әттең, тек беті жалпақтау, болмаса тік маңдай бітісі пілдің сүйегінен ойғандай,
әсем де бір түрлі өткір де қоңыр жүзі, ортасы сәл дөңестеу, жұқа танаулы қыр мұрыны, бүкіл қағылез
сергек тұлғасы – өзінше бір шығыстық сұлулықтың үлгісіндей” (Қаһарлы күндер, 24-б). “Тік маңдай”,
“өткір де қоңыр жүз”, “қыр мұрын”, “қағылез сергек тұлға” - бұлардың барлығы - қазақтың хас сұлу
жігітінің бейнесі. Бұл оралым эпитетпен қоса теңеуді де қамтып кетеді. Мұраттың “маңдай бітісі пілдің
сүйегінен ойғандай” делініп, Мұрат портреті сомдала түскен.
Т.Ахтанов эпитеттерді кейіпкер бейнесін сомдауда жиі қолданған. Мысалы, “Қартбай орнынан
тұрды. Мұрат оның биік болмаса да сүйекті, берік тұлғасын, сирек шегір мұртты, шешек дағы бар
қызыл шырайлы жүзін сүйсіне шолып өтті” (Қаһарлы күндер, 27-б). “Өзі ұзын бойлы сүйекті жігіт.
Сопақша бүйрек бетті, дүрдиген қара ерінді қара” (Боран, 20-б). “Сұңғақ бойлы, атжақты қара торы
қыз…” (Боран, 52-б). Қарап отырсақ, жоғарыдағы кейіпкерлердің қай-қайсысы болсын, өзінше дара
тұлғалар. Олардың бейнесі де қайталанбас, өзіне ғана тән ерекшелігімен ажыратылады.
Т.Ахтанов эпитетті, әсіресе, әйел портретін жасауда ұтымды қолданған. Мысалы, “Алевтина
Павловна ақсары, сұлу келіншек, оның аты қандай құлаққа майдай жұмсақ болса, кісінің көзіне өзі де
сондай әсер етеді. Денесі ашыған жұмыртқадай жұп-жұмыр, сәл ғана ұрты білініп, бұғағы үлбіреген
дөңгелек жүзді, ұш жағы қайқайған кішілеу ғана “ерке мұрын” (Шырағың сөнбесін, 14-б). “Маруштың
шашы көмірдей қара, жылтыратып ортасынан қақ айырған, биік қабақты, үлкен дөңес мұрынды қатқан
қара торы келіншек. Әйелге сонша үлкен мұрынның жарасқанын алғаш рет осы Маруштан көрдім.
Егер мұрны осыдан кішілеу болды бар ғой, анау биік қабағына, тостағандай қара көзіне, мына жақ
бітіміне жараспас еді. Арық болғанмен, арсиып тұрған жоқ, денесі де жинақы, сымбатты, тек бір ғана
айыбы қушықтау иығына ірі жүзді бас қондырысы үлкендеу” (Шырағың сөнбесін, 15-б). “Шырағың
сөнбесін” романының кейіпкерлері Алевтина Павловна мен Маруштың портреттері әсерлі берілген.
Эпитетке тұнған маржан сөз өрнектері оқырманның алдына бір-біріне кереғар, “бірі күн болса, бірі түн”
сияқты екі түрлі әйел бейнесін әкеледі.
3) Автор эпитетті кейіпкерлерін мінездеуде де орынды пайдалана алған. Мысалы, “Бұл ылғи
кішкене көзінің құйрығында украиндық бір қуақы ұшқын жылтылдап, езуінде күлкі тепсініп, кісіге сәл
қағыта қарайтын адам еді” (Қаһарлы күндер, 14-б). “Үлкен жалпақ бетті болғанмен өңі жұқа, лезде
қуарып, не қан тепсініп шыға келеді” (1, 15-б). “Иықты, сүйегі мығым болғанмен орта бойлы Қасболат
Қоспанға төменнен жоғары қарайды. Күлімсіреген жылы шырайымен ішке тартып, ескі достығын
танытып тұр. Қоспан осындай инабатты адамның мойнын создырып қойған өзінің үлкен денесінен
ұялып, берекесі қашты” (Боран, 40-б). “Бұл сөйлеп шыққаннан кейін бір жылмаңдаған саржалақ жігіт
ұстай алды” (Боран, 41-б).
Келтірілген мысалдардың алғашқысында эпитеттер арқылы “қу”, “алаяқ”, “тұрақсыз” адамның
бейнесі бейнеленсе, екінші сөйлемде ішіндегісі лезде сыртына шығатын, жаны таза, ақкөңіл образ
сомдалған. Үшіншісінде, автор “Боран” романындағы орта бойлы Қасболат пен ірі тұлғалы Қоспанның
сырт болмысын салыстыра көрсетеді, өзінің үлкен денесінен ұялып, берекесі қашқан кейіпкердің
көңіл-күйі юмормен берілген. Төртінші сөйлемде ұшқалақ адамның бейнесі оқырманға сұлу сөз
арқылы жеткен.
Автор кейде кейіпкер мінезін толық ашу үшін эпитетпен қатар теңеу, метафораны да жеткілікті
дәрежеде қолданып, кейіпкер образын асқақтата суреттеген. Мысалы, “Ал, енді бір, көп сөйлеспей,
тілдеспей-ақ ұғатын адамым Ираида Ивановна. Көп командирлердің ішінде құба төбел, қоңырқайы
ғана. Сырт кескінінде “мен мұндалап” көзге түсер ешнәрсе жоқ: орта бойлы, кеуделі, толықша денелі,
кішілеу қайқы тұмсық, аққұба әйел. Нағыз орыс бітім. Сөйте тұрса да оны өзім елде көп көрген қазақ
әйелдеріне ұқсатам да тұрам, түрі бөлек болса да өзімнің ескі таныс, сыралғы жеңгелерімнің бірі
сияқты. Ираида Ивановна қимылға да сөзге де сараң, үлкен-кішінің алдында бірдей – мейірлі
|