Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата28.12.2016
өлшемі5,13 Mb.
#662
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
151 
 
Таблица1. 
 
 
Базовые в соответствии с требованиями 
Профессионального стандарта 
Специальные 
Трудовые 
действия 
Общепедагогическая функция. 
Обучение: 
Формирование общекультурных 
компетенций и понимания места 
предмета в общей картине мира 
Осуществление профессиональной 
деятельности в соответствии с 
требованиями ФГОС ООО. 
Предметное обучение: 
Разрабатывать рабочую программу по 
предмету, курсу на основе примерных 
основных общеобразовательных 
программ и обеспечивать ее выполнение 
Планирование  и  проведение  учебных  заня-
тий 
 
Реализация концепции нового 
УМК по отечественной истории 
Организация  процесса  обучения 
истории и обществознания в 
условиях внедрения ФГОС ООО. 
 
Разработка  и  реализация  про-
грамм  учебных  дисциплин  в  рам-
ках основной образовательной 
программы образовательной 
организации. 
Определение на основе анализа 
учебной  деятельности  обучающе-
гося оптимальных (в том или ином 
предметном  образовательном  кон-
тексте)  способов  его  обучения  и 
развития 
Организация, осуществление контроля 
и оценки учебных достижений, 
текущих и итоговых результатов 
освоения основной образовательной 
программы обучающимися 
 
Осуществление новых подходов к 
оценке планируемых результатов 
освоения образовательной 
программы 
 
Формирование навыков, связанных с 
Информационно -коммуникационными 
технологиями (далее  ИКТ) 
 
Организация работы с текстовыми 
редакторами, электронными 
таблицами, мультимедийным 
оборудованием. 
 
 
Воспитательная деятельность: 
Проектирование ситуаций и событий, 
развивающих эмоционально- 
ценностную сферу ребенка (культуру 
переживаний и ценностные ориентации 
ребенка 
 
Проектировать образовательный 
процесс на основе ситуаций, 
позволяющих реализовать 
воспитательный потенциал 
исторического образования, его 
исключительную роль в  формиро-
вании российской 
гражданской идентичности 
и патриотизма 
Развитие у обучающихся 
познавательной активности, 
самостоятельности, инициативы, 
творческих способностей, 
формирование гражданской позиции, 
способности к труду и жизни в 
условиях современного мира 
 
Разрабатывать и реализовывать 
проблемное  обучение,  осуществ-
лять  связь  обучения  по  предмету 
(курсу,  программе)  с  практикой, 
обсуждать  с  обучающимися  акту-
альные события современности 
Развивающая деятельность: 
Формирование и реализация программ 
развития универсальных учебных 
действий, образцов и ценностей 
социального поведения, навыков 
поведения в мире виртуальной 
реальности и социальных сетях, 
формирование толерантности и 
позитивных образцов поликультурного 
общения 
 
Формирование современной 
толерантной личности, готовой к 
восприятию этнического и 
конфессионального многообразия 
мира. 
Выработка сознательного 
оценочного отношения 
к  историческим  деятелям,  процес-
сам и явлениям. 
Подбор тем для индивидуальных 
проектов с учетом специфики 
обществознания и истори 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
152 
 
Необходимые 
умения 
Общепедагогическая функция. 
Обучение: 
Владеть ИКТ-компетентностями: 
общепользовательскаяИКТ-компетентность; 
общепедагогическая ИКТ-компетентность; 
предметно-педагогическая ИКТ-
компетентность 
Применять современные 
образовательные технологии, включая 
информационные, а также цифровые 
образовательные ресурсы 
 
Использовать ресурсы 
современного УМК по истории 
России для подготовки к ОГЭ и 
ЕГЭ. 
Использовать системно - 
деятельностный  подход,  приме-
нять  современные  образователь-
ные 
технологии в организации 
процесса обучения истории 
 
Предметное обучение 
Объективно  оценивать  знания  обучающихся 
на основе тестирования и 
других методов контроля в 
соответствии  с  реальными  учебными  воз-
можностями детей 
Осуществлять новые подходы к 
оценке качества планируемых 
результатов освоения программ 
 
 
Организовывать различные виды внеурочной 
деятельности: 
игровую, 
учебно-
исследовательскую,  художественно-  продук-
тивную,  культурно  -досуговую  с  учетом  воз-
можностей  образовательной  организации, 
места  жительства  и  историко  -  культурного 
своеобразия региона 
Изучать и использовать историко - 
культурное наследие Хакасии как 
образовательный ресурс 
 
Воспитательная деятельность: 
Управлять учебными группами с целью 
вовлечения обучающихся в процесс 
обучения и воспитания, мотивируя их 
учебно-познавательную деятельность 
Использование ресурсов 
общественных организаций в 
патриотическом воспитании 
учащихся 
Использовать в практике своей работы 
психологические подходы: культурно 
- исторический, деятельностный и 
развивающий. 
Использовать историко - 
культурный стандарт как научное 
ядро содержания школьного 
исторического образования. 
Необходимые 
знания 
Общепедагогическая функция 
Предметное обучение 
Преподаваемый предмет в пределах 
требований федеральных 
государственных образовательных 
стандартов и основной 
общеобразовательной про 
граммы,  егоистории  и  места  в  мировой  куль-
туре инауке. 
Роль общественно - научных 
предметов в реализации ООП 
ООО. 
Историко-культурный стандарт. 
Особенности отбора содержания 
региональной и локальной стории 
Виды исторической информации и 
способы работы с ними на уроках 
истории. 
 
Таким  образом,  сложившаяся  система  работы  в  ГАОУ  РХ  ДПО  «Хакасский  институт  развития 
образования  и  повышения  квалификации»  по  методическому  сопровождению  учителя  в  реализации 
Федерального государственного образовательного стандарта основного общего образования обеспе-
чила  возможность  разработки  и  реализации  проекта  по  методическому  сопровождению    пилотных 
образовательных организаций по реализации ФГОС среднего общего образования и решению задачи 
повышения качества образования в республике. 
 
Литература: 
1.  Федеральный  государственный  образовательный  стандарт  основного  общего  образования/ 
М-во образования и науки Рос. Федерации.-М.:Просвещение,2014 
2.  Формирование  универсальных  учебных  действий  в  основной  школе:  от  действия  к  мысли. 
Система  заданий,  пособие  для  учителя/  А.Г.  Асмолов,  Г.В.  Бурменская,  А.И.  Володарская  и  др.под 
ред. А.Г. Асмолова.- М.: Просвещение, 2014 
3.  Профессиональный  стандарт  педагога  (утв.  Приказом  Министерства  труда  и  социальной 
защиты РФ от 18 октября 2013 г. No544н) 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
153 
 
ӘОЖ 378.2:316.3 
 
БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН  ГУМАНИЗАЦИЯЛАУ – ҚОҒАМНЫҢ  
ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ 
 
Рысбекова  С.Т.-  тарих  ғылымдарының  докторы,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  
университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, Алматы. 
Рысбеков  Т.З.  -  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  М.Өтемісов  атындағы  Батыс 
Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал. 
 
Мақалада  «гуманизм»,  «гуманитарлық  білім»  түсініктерінің  жалпытарихи  сипаттамасы 
анықталады.  Қоғамның  тұрақты  дамуының  негізі  болып  табылатын  білімнің  гуманизациялануы 
және  гуманитаризациялану  процестеріндегі  қазіргі  білім  беру  тенденциялары  айқындалады.  Осы 
мәселелерді шешудегі интеллигенцияның ерекше ролі көрсетіледі. Авторлар бүгінгі жоғары білімді 
мамандардың  тұлға  ретінде  тиімді  қалыптасып,  бәсекеге  лайықты  болуы  мәселелерін  де 
қарастырады. 
Негізгі  сөздер:  гуманизм,  гуманитарлық  білім,бәсекеге  лайықтылық,  рухани  мәдениет, 
құзыреттілік, интелегенттілік, білім беру кеңістігі 
 
Гуманизм  мен  гуманитарлық  білім  –  қоғамның  тұрақты  дамуының  негізі  және  қажетті  жағдайы 
болып  табылады.  Тұрақты  дамудың  кең  философиялық  мағынасы  ешқандай  да  ішкі  және  сыртқы 
қауіптің  динамикалық  теңдігін  әлсірете  алмайтын  творчестволық  эволюциялық  әлеуметтік  жүйені 
білдіреді.  Мұндай  жүйе  өз  әрекетімен  бүгінгі,  сондай-ақ  келешек  ұрпақты  қауіпті  жағдайға  алып 
келмейді,  табиғи  ортаны  бұзбайды,  адамның  құлдырауына  әсер  етпейді,  қоғамның  қауіпсіздігінің 
негізін  шайқалтпайды.  Бұл  арада  біз  білімнің  қоғам  өмірінің  тек  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  ғана 
емес, жаңа ұрпақтың тұрақты болашағын қамтамасыз ететін белгілерін де  көрсететін ерекше жақтары 
екендігіне сүйенеміз. Сондықтан да білімнің гуманитарлық құрамының деңгейін өз дәрежесінде қолдау 
өте маңызды. Бұл еліміздің болашағын қамтамасыз етеді, ал адам өмірін өте қызықты, сапалы және 
еркін етеді. 
Гуманизм деген  түсінік  дүниетаным  ретінде  өзінің дамуының  ұзақ  жолын  өтті. Оның  ата мекені 
антиқалық  (ежелгі)  болып  саналады.  Антиқалық  дәуірде  гуманизм  Протагор,  Сократ,  Демокрит, 
Эпикур, Платон, Аристотель, Лукреций, т.б. ғақлияларында (трактат) орын алды. 
Ортағасыр  дәуірінде  гуманизм  адамзатты  сүю  және  қайғысына  ортақтасу  әдепнамасы  ретінде 
өзінің көрінісін дін ілімдері  түрінде тапты. Қайта өрлеу дәуірінде гуманизм жаңа мазмұндық сипатқа ие 
болды.  Адамзат  баласы  сұлулығы,  әрі  адамгершілік  мүмкіндіктері  жағынан  жоғары  құндылыққа  ие 
болды.  Бұл  дәуірдегі  гуманизм  жақтастары  Бэкон,  Эразм  Роттердамский,  Монтень,  Мор,  Петрарка 
және т.б. болды. 
Егер  де  «гуманизм»  түсінігінің  тікелей  шығу  көзіне  келер  болсақ,  адамзаттың  ойлау  тарихы 
көрсеткендей  бұл  түсінік  терең  философиялық  және  адамгершілік  мазмұнмен  рим  жазушысы  және 
мемлекет  қайраткері  М.Т.Цицеронмен  толықтырылды.  Оның  түсіндіруінше  «гуманизм»  (humanitas) 
түсінігін бес өзара байланысты мағынада қолданған [1, б.71, 91, 142, 163, 209, 253, 252, 355, 373]: 
- «білім», «білімділік», «ағартушылық» . Бұл оның негізгі маңызы сияқты; 
- интеллектуальдық айбын мен адамның жетілуі; 
- құдайға сыйыну, құдайларды ізет тұту, тұрақтылық, адалдық; 
- жабайы өмірге қарсы адам өмірінің өркениеттіліігін сипаттау; 
- адамгершілік  деңгейін  бейнелейтін  және  адамгершілік  құндылықтарды  сипаттайтын 
философиялық  категория  ретінде.  Цицеронның  гуманизмнің  мазсұндық  мәні  адам  тәрбиелеудің  көп 
ғасырлық негізіне айналды. 
Бүгінгі  таңда  гуманизм  (әлемдік  гуманизм,  неогуманизм)  негізінде  дүниежүзілік  мәдениетті 
құрайтын  жалпы  адамзаттық  маңызды  құндылықтардың  жүйесі  жатыр  деп  айта  аламыз.  ЮНЕСКО 
стратегиясының жаңа атауы жаңа  гуманизм. Жер шары халықтарының мәдени және дүниетанымдық 
көзқарастарын  сыйлауға  өте  маңыз  береді.  Бұл  Халықаралық  гуманистік  одақтың  анықтамасымен 
келістірілген,  яғни  гуманизм  –  бұл  адамдардың  өз  өмірінің  мәні  мен  формасын  өзі  жасауға  үйтқы 
болатын  құқықтар  мен  міндеттерді  бекітетін  ұжымдық  көзқарас,  демократиялық  және  этикалық  өмір 
ұстанымы. 
Бүгінгі таңда планетарлық гуманизм (неогуманизм) адамзаттың табиғат пен әлеуметтің ортадан 
келетін  қауіп-қатерлермен  күресте  жеңіп  шыға  алатын  қабылетіне  сенімділігін  қолдайды.  Гуманизм 
әлемдік әлеуметтік эволюцияның заңды және табиғи процесі болып табылады. 
Бұл  процестегі  педагог-ағартушының  рөлін  асыра  бағалау  қиын  сияқты.  Ғалым  –  гуманист  – 
жастарды тартудың орталығы, ғылымды ұйымдастырушы, ақиқаттың жақтаушысы. 
Педагогикалық  мәселелерді  шеше  отырып  шындық  қандай  болғанда  да  ол  гуманистік 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
154 
 
идеяларды  жоққа  шығармайды.  Сондықтан  да  антикалық  білім  және  ағартушылық  идеялары 
гуманизмді әр-алуан білім жүйелері ретінде анықтайды. 
Соңғы  жылдардағы  білім  саласындағы  өзгерістер  жас  адамның  өмірі  оқудан  жұмысқа 
бағытында  дамымайтындығын  көрсетуде.  Ол  болашақ  мақсаттарға  сәйкес  келетін  ақылға  қонымды 
жолдарды таңдауды актуальді ете түседі. Бұл мәселеде тұрақты дамыған қоғамға қарай қозғалыстағы 
гуманитарлық  білімінің  маңызын  ерекше  атау  қажет.  Оның  құндылықтары  адамның  тиянақты  іс-
әрекетімен  іске  асады,  оның  шынайы  өмірдегі  саяси,  экономикалық  және  мәдени  процестерге 
қатынасын  анықтайды.  Сондай-ақ  бүгінгі  гуманитарлық  білімді  талдау  көрсеткендей  интеллектуальді 
кеңістікте бұрынғы білім жүйесінің көріністерінің орын алуы әбден мүмкін. 
Гуманитарлық  білімнің  мәндік  сипаттамасын  аша  отырып  біз  «гуманизация»  және 
«гуманитарлану»  деген  түсініктерді  пайдаланамыз.  Бұл  ұғымдардың  принциптерін  басшылыққа  ала 
отырып,  біз  оқу  орнында  гуманитарлық  ортаны  жасаймыз.  Ал  өз  кезегінде  тұлғаның  жан-жақты 
дамуына жағдай туғызады. Бұл арада гуманитарлық пәндердің маңызын бағаламау мүмкін емес. 
Педагогикалық  тәжрибе  көрсеткендей  гуманитарлық  білімнің  сапасын  студенттердің  меңгерген 
рухани  құндылықтарының  көлемімен  пікір  түюге  болады.  Сондықтан  да  жаратылыстану  және 
техникалық  білімді  шексіз  айқындау,  олардың  гуманитарлық  білімнен  басымдылығы  рухани 
мәдениеттің  тәрбиелік  мүмкіндігін  азайтады.  Математика  көп  жақсылықтарға  үйретеді  дегенмен 
келісуге болады, бірақ бірге әсерленуге (уайымдауға, қайғыруға) үйретпейді. 
Соңғы жылдардағы педагогикалық тәжрибе көрсеткендей тар шеңбердегі мамандық деңгейінде 
құзыретті маман даярлау олардың «мейрімсіз кәсібилер»,»қатыгез мамандар» болып шығатындарын 
көрсетуде.  Жалпы  мәдени  адамдар  болуға  философиялық  ойлау  қабылеті  мен  кең  деңгейдегі 
гуманитарлық  білімі  бар  педагогтар  ғана  көмек  бере  алады.  ХХІ  ғасырда  бізге  керегі:  тәрбие 
міндеттеріне  бағынған  білім,  кәсіби  және  жоғары  мектептердің  саналуандығы,  өзінің  адамгершілігін 
сезуді  қайта  жандандыру,  адамның  қадырлейтін  биік  бір  нәрсе  болып  қайта  жаңғыруы,  ар-ұяты  мен 
намысының қайта дамуы [2, б.60]. 
Гуманист  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  әрбір  адамның  қоғамдағы  ұстанатын  этикалық  нормалары 
білім мен өнер арқылы тиімді екендігін поэтикалық ойлармен көрсетеді. «Адамдық борышың: халыққа 
еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен. Білімсіз, өнерсіз 
болады ақыл тұл» [3, б.18]. 
Сондықтан  да  біз  білім  адамның  қалыптасуының  тәсілі  ретінде  тек  гуманитарлық  және 
мәдениеттанулық болған жағдайда ғана шынайы болады деп айта аламыз. Маңыздысы сол, білімнің 
өзі мен оның реформалануы адамның гуманитарлық табиғатының алдынан шықса. 
ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамды ғалымдар әртүрлі атайды; 
постиндустриалді қоғам, ғылыми-техникалық революция қоғамы, жоғары технологиялар қоғамы, ашық 
қоғам,  жаппай  коммуникациялар  қоғамы,  жаппай  тұтыну  қоғамы,  ақпараттық  қоғам,  білім  қоғамы, 
жаһандық  инновациялық  қоғам.  Осыдан  қазіргі  білімнің  саналуан  амалдары  да  келіп  шығады.  Егер 
инновациялық – білімдік амал жөнінде әңгімелесек 
-  тар мамандық білімнің жалпы классикалық білімнен басымдылығы; 
- әлеуметтік-гуманитарлық  білімге  қарағанда  инженерлік-техникалық  білімнің  басты  болып 
дамуы; 
- қоғамда  менеджерлік  элитаның  қалыптасуы  келіп  шығады.  Бұл  арада  білімдік  стратегия  мен 
инновациялық  қоғамның  екі  символының  кейбір  қарсы  тұруын  көруімізге  болады:  адам  –  ғылыми  – 
техникалық  прогрестің  қосымшасы  және  элитарлық  тобының  тіршілік  етуінің  құралы  болып 
табылатын.  Екіншісі  –  қоғамның  әрбір  адамы  жан-жақты  білімдік  процестің  мақсаты  мен  нәтижесі 
болатын «Хомо - білім» [4, б.51]. 
Білімдік мәселелерді шешуде интеллигенцияның рөлі ерекше болып табылады. Интеллигенция 
(латынша  intelligens  –  түсінетін,  ойлаушы,  ақылды)  -  ой,  творчестволық  еңбектермен  кәсіби  тұрғыда 
айналысатын, мәдениетті дамытатын және тарататын, жоғары адамгершілікті қолдайтын адамдардың 
қоғамдық  тобы.  Басқаша  айтқанда,  интеллигенцияны  кәсібилікпен  қатар  адамгершілік  те  сипаттайды 
Д.С.Лихачев «жартылай білушілерді» интеллигент (зиялы) деп атауға болмайды. Олар «арсыздықпен 
және  ымырасыздықпен»  әрекет  етеді.  Зиялылықтың  негізгі  принциптері  –  интеллектуальды 
бостандық. Зиялы адам тек өзінің ар-ұяты мен өз ойларынан бос емес» [2, б.4] дейді. 
Қазіргі  педагогика  мен  психологияның  дамуының  басты  тенденциясы  білім  саласын 
гуманизациялауға,  білім  алушылардың  творчестволық  әлеуетінің  жан-жақты  дамуына,  білім  беруші 
мен білім алушының өзара тең дәрежедегі, серіктестік қатынастардың қалыптасуына бағытталған. 
Білім  беру  ұйымдарында  бостандық  пен  жауапкершілік,  ішкі  дүниенің  дамуына  көңіл  бөлу, 
қолдау,  сенім  арту  және  ынталылықпен  қатар  тұлғаның  қабілетін,  оның  өмірлік  мақсаттары  мен 
құндылықтарын білу кәсіби дамумен қатар жеке өсу мүмкіндіктерінің кеңеюіне, олай болса, гуманистік 
парадигмадағы  өз-өзінің  өзектілігін  кеңейту  мүмкінділігі  артады.  Нағыз  гуманистік  құндылықтарға 
адамның  өз  өмірін  меңгеру  қабілетін,  өз  тұрмысының  шынайы  субъектісі  болуға  дайындығын 
дамытатын міндетін қойған білім ғана жете алады. 
Тұлғаның  аман  есендігі  мен  денсаулығы,  жекелік  өзін-өзі  өзектілендіруді  іске  асыруы  мен 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
155 
 
өрлеуінің ұдайы процеі болып табылады; керісінше сәтсіздік пен ауру-сырқаулар өзін-өзі өзектілендіру 
жолында кедергі туғызады. 
Білім қазіргі кезде бүкіл адамзат баласының тұрақтылығы мен тірі қалуының басты жолдарының 
бірі  ретінде  танылып  отыр.  Адамзат  баласы,  ең  алдымен,  білім  арқылы  жаңа-жаһандық  гуманизмнің 
негізін  іздеуде,  себебі  ол  адамзат  руханият  маңызды  жетістіктерін  енгізіп,  сапалы  және  әлеуметтік 
белсенді  адамдарға  біріктіретін  белгілі-бір  метаидеологиялық    бола  алады.  Адамзаттық  гуманизм 
адамға табиғи жаратылыс ретінде ұдайы білім процесінде қатынас жасауға уағыздайды. 
Қазіргі жаһандық білім кеңістігін гуманизациялау үшін адам болмысы тұрмыстық шынайы адами 
субстанцияларына  (ішкі  бірлігі  жағынан  қаралатын  объективті  шындық)  икемдейтін  шындық  қажет. 
Сондықтан  да  бүгінгі  білімнің  философиялық  парадигмасы  білімнің  онтологиялық  (иделистік 
философияда  болмыс  туралы  метафизикалық  ілім)  және  аксиологиялық  функцияларын  оның 
қоғамдық және жекелік маңыздылығы көзқарасына сәйкес адамның жаһандық міндетінің бағытына сай 
шешу  керек.  Ал  бұл  өз  кезегінде  адамның  рухани  дамуын  және  рухани  әлеуетін  өсіру  арқылы 
тұлғаның сана-сезімін арттыра түседі. 
Қазіргі  таңдағы  жаһандық  инновациялық  білім  адамға  табиғаттың  бөлігі  және  күрделі  жүйе 
ретінде  адамгершілікпен  көңіл  аудару  позициясын  алуда,.  сондықтан  да  білімдік  амалдар  оларды 
жекелеген салаларға бөліп, дамудың сыңаржақты басымдылығын жасамай, оның табиғатын, тұрмысы 
мен сапасын үйлесімді біріктіретін әдістерді қамтамасыз етуі керек. 
Білімнің гуманизациялануының жаһандануы адамның когнитивті, аффективті және құндылықтар 
жүйелерінің өзара қатынастарының байланыстары арқылы қамтамасыз етіледі. Олар дүниетанымның 
қалыптасуына, руханият негіздеріне, тұрмысының туындауына әсер етеді. Адамның сан-алуан күрделі 
жүйесінің  ішінде,  оның  маңызды  құрамдас  бөліктерінің  бірі  -  тұлға  болып  табылады.  Ол  оның 
дамуының интегративті нәтижесі және мәнінің белгілі бір деңгейінің көрсеткіші болып табылады. 
Тұлға мен қоғам арасындағы өзара қатынаста адамның құқығы мен бостандығына ерекше көңіл 
бөлінеді.  Демократияның  маңызды  көрінісі,  мәні  жеке  адамға  сыйластық  пен  оны  жоғары  құндылық 
ретінде  тану,  барлық  азаматтардың  теңдігі,  түріне,  жынысына,  тіліне,  дініне,  әлеуметтік  шығу  тегіне, 
мүліктік  және  сословиелік  жағдайына  қарамай,  келісімге  бейімділік,  төзімділік  (толерантность) 
жағдайында қарау болып табылады. 
Жеке адам (тұлға) мен азамат негізінен алғанда ұқсас түсінік . Азаматтық қоғамның басым жағы 
(доминанта) жекелей алған тұлғалар. Азаматтың тәрбиедегі тұлғаны мыналар сипаттауға тиісті: 
- құқықтық , демократиялық мемлекет пен оның негізгі азаматтық қоғамды білу мен ұғыну; 
-  тұлғаның  азаматтығы  бостандық,  ар  сияқты  түсініктермен  тығыз  байланысты,  адамгершілік 
қағидаларының  мәні  бар,  өзі  үшін,  өз  елі  үшін,  оның  бүгінгісі  мен  болашағына  жауапкершілік  сезімді 
білдіретіндігін білу және ұғыну; 
-  азаматтық тәрбиедегі тұлға – бұл заңды сыйлайтын, патриотты тұрғыдағы ниетті тұлға. Олар 
өздерінің қоғамдағы міндеттерін орындауға барлық күшін салатындығын білу және ұғыну; 
-  азаматтық  тәрбиедегі  тұлға  мыналарды  білуге  және  ұғынуға  тиісті:  а)  жекелей  алғанда  әрбір 
тұлғаның ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарамай, оның жеке басының бостандығын, өзін-өзі іске 
асыру,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  жетілдіру  құқығын  мойындау  және  сыйлау;  тұлғаның  жан-жақты 
дамуына мүмкіндік туғызып, оның әлеуетін, мүддесін, мақсатын, ұмтылысына жағдай жасайды; 
-  шиеленістерді  бейбіт  түрде  шешеді,  ымыраға  келу  жолын  іздейді,  басқалардың  пікірі  мен 
тілегін  сыйлайды,  адамдарда  болатын  айырмашылықтарға  түсіністікпен  қарайды,  өзінікінен 
ерекшеленетін көзқарастарды, ұстанымдарды мойындайды, өзінің кәсіби мәселелерін шешуге, кәсіби 
өсуге және өзін-өзі жетілдіруге белсене араласады; 
-  өз мемлекетінің заңына сәйкес басқа  азаматтарға  зиян келтірмей өмір сүріп, әрекет жасайды 
[5, б. 30-31]. 
Қорыта  келе  айтқанда  қазіргі  технологиялар  себепші  болатын  жаңа  экологиялық  шындық, 
адамгершілік  мәселелері,  сондай  –  ақ  экономикалық  және  саяси  дағдарыстар  планетарлық 
қарқындағы  қатерлерге  қызмет  өтеді.  Олар  гуманизмнің,  гуманитарлық  білімнің  және  Ғалымдардың 
мәдениетаралық диалогтары жаңа формаларының негізінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 
шешіледі.  Сондықтан  да  қазіргі  таңда  жаһандық  гуманистік  білім  жүйесінің  негізі  Адам  мен  Әлемнің 
эквивалентті  (баламалы)  қатынасы  негіз  болуға  тиісті.  Ол  адамгершілік,  эстетикалық  қатынас, 
сүйіспеншілік, аса зор құрмет көрсету және өмір алдында бас ию қатынастарын енгізеді. Үздіксіз білім 
беру адамның рухани дамуына ерекше кеңістік жасайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет