Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі


Әдіснама – теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен ұстанымдар жүйесі. Зерттеу университеті -



бет4/17
Дата16.10.2023
өлшемі284,13 Kb.
#115671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Áàéçà?îâà ?éãåð³ì ðóñëàí?ûçû áàñòàóûø ñûíûï î?óøûëàðûíû? êðåàòèâ

Әдіснаматеориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен ұстанымдар жүйесі.
Зерттеу университеті - мемлекет пен ұйымдық қаржыландыру қолдап отыратын озат іргелі зерттеулер жүргізілетін орталықтар, оқытушылар мен студенттері белсенді жұмылдырған университет қабырғасындағы шынайы ғылым мен білім. Сонымен қатар, зерттеу университеттері - аймақтық экономикалық дамуға әсер етуші, технопарктерді қалыптастырушы, кәсіпкерлік инкубаторларды қолдау мен кіші бизнесті қолдауға септігін тигізетін орталықтар. Және де, бұл елдің қоғамдық дамуында маңызды рөл атқаруға міндетті ұлттық элитаны қалыптастырушы орын.
Инновация – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. «Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі анықтама берген, осы ұғымға «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс тәсілдер» деп түсінік берген.
Инновациялық үрдісжаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Магистратураның білім беру (оқыту) бағдарламасы – пәндердің тізбесі, оқу және ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмыстарының, кәсіби практика түрлері мен көлемі және оны бақылау түрлері арқылы айқындалған магистранттарды даярлау мазмұнының жалпы сипаттамасы.
Педагогикалық эксперимент – педагогикалық үдерістерге өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтижесін өлшеу саны.
Іс-әрекет - еңбек, үдеріс, белгілі бір жұмыс.
Креативтілік – бұл жаңа тұғырлар мен жаңа өнімдердің қажеттілігіне бейімді бағытталатын қабілет. Аталған қабілет тұрмыстағы жаңаны, тіпті сол үрдіс саналы және санасыз сипатта болса да сезінуге мүмкіндік береді.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Креативтілік пен креативті ойлаудың ғылыми әдіснамалық негіздерін шетел ғалымдарының ішінде Е.Р. Торренс жалпы адамдағы креативтілік алдында кездескен қиыншылықтарды жеңіл шешуге көмектеседі десе [1], Ф. Баррон кретивтілік пен интеллект арасындағы байланыстарға тоқталады [2], ал Д. Векслер вербальды емес креативтілікті зерттеу әдістемелерін қолдануға баса назар аударады [3].
М. Вертгеймер креативтіліктегі өнімді ойлаудың маңызы зор екенін ескертеді, ал [4], Дж.Гильфорд тұлға дамуындағы интеллектінің алатын орны мен креативті ойлауды дамытуда ойлаудың оперативтік типтерін бөліп көрсетеді [5], С.Медник кретивті ойлауды әдістемелер арқылы анықтау жолдарын ұсынса [6], ал Л.А.Тейлор креативті ойлаудың пайда болу табиғатына тоқталады [7].
Г.Ю. Айзенк тұлғаның креативтілігін танымдық үрдістерге зерттеулер жүргізу арқылы анықтайтын әдістемелерді қарастырды [8], ал Х. Трик креативті ойлаудың танымдық үрдіс ретіндегі маңызын көрсетсе [9], М. Уоллах креативтілік пен интеллект байланысына тоқталды [10].
Қазіргі уақытта әртүрлі ғылым салаларында креативті мәселесін жан-жақты зерттеп, креативті білім беру парадигмасын жасауға бағытталған зерттеулер: Д.Б.Богоявленская қоғамдағы ғылым мен технологияларды жаңаша жасау креативтілікке әкеледі десе [11], Ч.К.Борисов креативтілік әдіснамасының парадигмалық моделін ұсынады [12], А.В.Брушлинский креативтілікте танымдық үрдістердің маңыздылығына тоқталады [13], ал Н.В. Вишнякова кәсіби акмеологиядағы креативті ойлауды дамытудың психологиялық негіздерін ашып көрсетеді [14], М.С.Каган адамның іс-әрекетін жүйелі талдау креативтілікке жол ашады десе [15], А.М.Матюшкин жоғары мектептердегі психологияның өзекті мәселесі деп түсіндіреді [16], ал Я.А. Пономарев креативтілік психологиясы мәселелерінде шығармашылық үрдістердің кезеңдерін көрсетеді [17].
Креативті ойлауды дамыту мүмкіндіктерін Ресей ғалымдары Т.Н. Галич инновациялық оқыту жағдайында креативтілікті дамытуға болады десе [18], А.В. Морозов жоғары мектепте үздіксіз білім беру үрдісі арқылы оқытушының креативтілігін дамытуға болады деп қарастырады [19].
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын дамыту – жоғары педагогикалық білім берудің маңызды құрамдас бөлігі. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру тарихын Қ.Б. Сейталиев [20], мұғалімдерді білім беру мұратына сәйкес даярлау тәжірибесін Г.К. Ахметова [21], жоғары педагогикалық білім беру мазмұнының даму тарихын А.Д. Қайдарова [22], болашақ мамандарды даярлау біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен тәжірибесін іске асыруды С.Т. Каргин [23], іс-әрекеттің жемістілігін педагогикалық категория ретінде жүзеге асыруды А.Қ. Рысбаева [24], оқыту үрдісінде жеке тұлғаны дамытуды А.С.Мағауова [25], жоғары педагогикалық мектепте болашақ маманның кәсіби дарындылығын дамытуды Л.М. Нәрікбаева [26] жоғары педагогикалық білім берудегі нарықтық экономика тұсындағы өзгерістерін Р.Б. Мұхитова [27], жоғары мектеп дидактикасының дамуы Т.С. Сабыров [28], жоғары мектеп дидактикасының дамуының ғылыми-педагогикалық негіздерін Е.Ө. Жұматаева [29], жоғары оқу орнындағы оқыту мәселелерін Болон үрдісі талаптарына сай басқаруды Н. Асанов [30], С.Ә. Әбдіманапов [31] зерттеді.
Инновациялық білім беру ортасының жаңа типті мектептерде қалыптасу жүйесін Н.А. Әбішев [32], Т.А. Линчевская, Р.Р. Масырова [33], педагогикалық инновациялық білім беру жүйесіндегі жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы екендігін негіздеген Н.Р. Юсуфбекова [34], педагогикалық зерттеулердің әдістемесі мен әдіснамасын енгізуді Ш.Т. Таубаева [35], студенттерді инновациялық іс-әрекетке даярлау К.Ж. Ажибеков [36], болашақ мамандардың креативтігін қалыптастыру Б.А. Оспанова [37], А.С. Швайковский [38], студенттің креативтілігін дамыту мақсатында инновациялық технологияларды пайдалану Т.Г. Галиев [39], болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту Е.И. Бурдина [40], педагогтердің кәсіптік құзіреттілігін дамыту Б.Т. Кенжебеков [41], студенттің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру А.А. Молдажанова [42], болашақ мұғалімдерді әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау жүйесі Г.Ж. Меңлібекова [43], педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру З.А. Исаева [44], Р.Ш. Бектұрганова [45], мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту С.Н. Лактионова, Ш.Т. Таубаева [46], мұғалімдерді шығармашылық әрекетке даярлау В.В. Шахгулари [47], Н.А. Гончарова [48], Р.Ш. Сыздықова [49], педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту логикасы Б.А. Тұрғынбаева [50] мәселелерінің түрлі қырлары зерделенеді, акмеологиялық тұғырға А.А. Деркач [51], Н.В. Кузьминаның [52] зерттеулеріне негізделген психологиялық-педагогикалық тұғыр септігін тигізді.
ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының «Өмір сапасы» бөлімінің 2-тарауында білімдендіру ортасына : мобильдік, креативтілік, коммуникативтілік ,нақтылық, динамизм тәрізді ақпараттық қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге көңіл бөлінді.Сондықтан Елбасы : «Білім беру ісінде 4К моделіне креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық реформалардың жағдайында мамандардың кәсіби дайындығын жүзеге асыруға қажетті білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған байланысты жоғары мектептерде білім берудің педагогикалық жайлы ортасын тудыру мәселелерін зерттеу, оқытудың ақпараттық-техникалық және коммуникативтік құралдары мен әдістерін дұрыс таңдау, сондай-ақ шығармашылық педагогикалық іс-әрекетті ғылыми ұйымдастыру қарқынды жүргізілуде.
Мәселенің теориялық тұрғыда жеткіліксіз әзірленуі және тәжірибелік мәні, автордың жеке қызығушылығы «Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі» деген зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет