Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі



бет16/17
Дата16.10.2023
өлшемі284,13 Kb.
#115671
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Áàéçà?îâà ?éãåð³ì ðóñëàí?ûçû áàñòàóûø ñûíûï î?óøûëàðûíû? êðåàòèâ

ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру жолдарына ықпал ететін білім беру мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері анықталды. Оларға бейнелі оқыту әдісі, сенсорлы-перцептивті іскерлік пен сезімдерді дамыту әдісі және т.б. Мұғалімнің тапсырмаларының арасында шығармашылық тапсырмалардың үлес салмағы мол. Мұғалімдердің тапсырмаларын талдау олардың арасында оқушылардың шығармашлық белсенділігін дамытатын проблемалық, зерттеушілік, өмірге байланысты сұрақтар басым екенін көрсетті.
Эксперименттік сыныптағы психологиялық ахуалды зерттеу оның оқу-тәрбие процесінің қатысушылары үшін (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) жағымды екенін көрсетті. Бұл мынадан көрінеді:
Эксперименттік және бақылау сыныптарының арасындағы функционалдық жағдайының қолма-қол бағалауда статистикалық маңызды айырмашылық байқалмады. Бір жылдан соң бақылау сыныбында сабақта сезім, белсенділік, көңіл-күй бағасының деңгейінің кемігенін, сонымен қатар оқуға, мектепке деген қызығушылықтың төмендеуі дәлел болатын интегралдық коэффициенттің кемуі байқалды. Эксперименттік сыныпта ондай өзгерістер байқалмады.
Эксперименттік сыныптың оқушылары эстетикалық, романтикалық, гностикалық эмоцияларды басқалардан артық көреді.
Бақылау сыныбында спецификалық эмоциялардың бұл типтерін басқалардан артық көрмейтінін көрсетті.
Оқушылардың мотивациялық өрісін зерттеу, экспериментті сыныбындағы оқушылар оқу, мектепті жалпы оң бағалайды, оқығысы келетінін білдіреді, оқуды әрекеттің тұлғалық маңызды түрі ретінде анықтайды. Оларда ішкі, процессуалды мотивация басым болса, бақылау тобында сыртқы мотивация басым.
Мектептегі жұмыспен жалпы қанағаттанғандық сезімін эксперименттік сыныптың 80% бақылау тобының 40% жоғары бағалайды. Эксперименттік сыныпта педагогтердің көпшілігі ұжымда шығармашылық ахуалдың жоғары деңгейін атап көрсетті.
Жалпы, сауалнама нәтижесі эксперименттік сыныпта бақылау тобына қарағанда білім берудің жаңа тиімді әдістерін табуға ықпал ететін шығармашылық атмосфера қалыптасқан.
Эксперименттік сыныптың ата-аналары мектептегі психологиялық ахуал мен танымдық қызығушылықты қалыптастыру жұмыстарының сапасын бақылау тобаның ата-аналарына қарағанда жоғары бағалайды. Олар балаларының мектепке қуана баратынын айтады. Көптеген ата-аналар мектептегі психологиялық ахуалдың жоғары деңгейде екенін жетістік ретінде қарастырады. Бірақ, олар мектептің жақсы теориялық білім беретініне сенімсіз, мұғалімдердің біліктілігі жеткіліксіз деген кемшілікті көрсетеді.
Эксперименттік сыныптың көптеген ата-аналары мектепте білім берудің мәні баланың тұлғасын дамытуда, ал бақылау сыныптың оқушыларының ата-аналары – ғылым негізін тануда деп түсінеді. Бақылау сыныбындағы оқушылардың ата-аналарының мұғалімдермен аз қарым-қатынас жасайтыны, мектеп өмірі жайлы аз білетіні «жауап беруге қиналамын» деген жауаптардың көп болуынан көрінеді. Керісінше, эксперименттік сыныптағы оқушылардың ата-аналары ынтымақтастыққа ұмтылып, жұмысты жақсарту туралы ұсыныстарын енгізеді.
2018-2019 жылдар аралығындағы екі сыныптың оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру динамикасын талдау эксперименттік сыныпта вербалды креативтіліктің барлық көрсеткіштері мен бейнелі жылдамдық көрсеткіштері бойынша жылжу болғанын көрсетеді. Бақылау тобында бұл мерзімде вербалды емес жылдамдық көрсеткішінің өсуінен басқа креативтілік көрсеткіштерінде жылжу болмады.
Эксперименттік сыныптың оқушылары жылдамдық, икемділік, сонылық – креативті ойлау көрсеткіштері бойынша жоғары деңгей көрсетті. Өнім әрекетін талдау да осы сынып оқушыларында креативті ойлау көрсеткіштері жоғары екенін көрсетті.
Магистрлік диссертация жұмысында ұсынылған тапсырмалар мен зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу үлгерімі мен білім сапасы үшін жағымды әсер ететіні көрінді.
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру жолдарын зерттеген ғалымдардың және өзіміздің жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, креативтіліктің өлшемдері берілді (тіркемеде).
Қорыта айтқанда, ғылыми әдебиеттерді теориялық тұрғысынан талдау педагогика мен психологияда креативті ойлау проблемасын шешуге бірнеше бағыт бар екенін, бірақ шығармашылықтың бірыңғай тұжырымдамасы жоқ екенін көрсетті. Креативті ойлау – жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың қорытындысы деген пікірді ұстанған ғалымдар таласы әлі де жалғасуда. Креативті ойлаудың жүйелік түсініктемесін тұлғалық категория, жасау процесі және шығармашылық әрекет нәтижесі ретінде қарастырылуы негізделгендей көрінеді. Бұл жұмыста креативті ойлау интеллектуалдық және тұлғалық аспектіні енгізетін күрделі, кіріктірілген құбылыс ретінде түсіндіріледі. Креативті ойлау бұл тұлғаның шығармашылық қабілетінің жаңа ойға дайындық ретінде сипаттайтын және тәуелсіз факторлардың сапасының дарындылық құрылымына кіруі. Психология-педагогикалық жағдайды тұтастық тұрғысынан қарау аясында жүзеге асыру бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру жолдарына ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет