Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Кез келген табиғи бірлестік – біртұтас жүйе болып саналады



Pdf көрінісі
бет127/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Кез келген табиғи бірлестік – біртұтас жүйе болып саналады. Оның тірі ағзалардың 
бір бөлігі су мен көмірқышқыл газынан, минералды тұздардан қоректік органикалық 
заттарды түзеді. Бұлар – өндірушілер, оларға жасыл өсімдіктер жатады. Ал қалғандары – 
жануарлар, адамдар – тұтынушылар. Жануарлар да, адам да дайын органикалық заттармен 
қоректенеді. Белгілі бір табиғи бірлестіктің тіршілігі одан әрі жалғасуы үшін ең алдымен, 
өндірушілердің тіршілігіне қажетті қоректік заттар қоры болуы керек. Өсімдіктер су мен 
минералды тұздарды топырақтан алады. Топырақтағы минералды тұздардың қоры шексіз 
емес, өсіп тұрған өсімдіктер тұқым салып, мезгілі жеткенде қурайды, шіриді. Оның 
денесіндегі күрделі органикалық заттар ыдырап, қарапайым минералды тұздарға 
айналады. Дәл осылай жасы жетіп, басқа да жағдайлардан өлген жануарлардың денесі 
шіріп, бірте-бірте өсімдіктерден алған органикалық заттар ыдырап, минералды тұздар 
түзіледі. Міне, осылар топырақпен араласып, тұқымнан, өсімді мүшеден өсіп-өнген 
өсімдіктерге қорек болып, өсімдіктер одан әрі тіршілігін жалғастырады. Бұл өсімдіктер 
осы жердегі басқа тіршілік иелері тұқымдарына (ұрықтарына) қорек болып, олар да 
тіршілігін жалғастырады. Сонда табиғи бірлестіктегі өндірушілердің, 
тұтынушылардың және ыдыратушылардыңүйлесімді жұмысы тіршіліктің үздіксіз 
жүруін қамтамасыз етеді. Бұл үйлесімді тіршілік әрекеттері топтық мінез-қылықтың 
жоғарғы деңгейде дамыған түрі болып есептеледі. Оның заңдылықтарын білу табиғатты 
ауқымды көлемде қорғап, сақтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет