Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады.
Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған
жерін жатын дейді (5-сурет).
Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді,
жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның
аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.
Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары
биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады.
Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.
Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір
(бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында
дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша
(жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі
тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша
(аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір
аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі.
5-сурет.Аналықтың құрылысы. 1. Аналық аузы; 2. Мойны; 3. Жатыны.