Бала асырап алу


Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді



бет12/13
Дата03.03.2022
өлшемі1,86 Mb.
#26940
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бала асырап алу шарты

Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді:

  • 1) сотпен белгісіз немесе өлген деп жарияланған, із-түзсіз кеткен деп танылғандар;
  • 2) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар;
  • 3) сотпен ата-ана құқығынан айрылғандар;
  • 4) баламен бірге тұрмайды және сотпен негізсіз деп танылған себептер бойынша алты айдан артық тәрбиелеу және асыраудан бас тартқандар.

Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты ЖСН және өзге деректері  

  • Кодекстің 97 бабына сәйкес, асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкін. Асырап алушының өтініші бойынша балаға тегі мен атын беруге болады, әкесінің аты асырап алушының аты бойынша немесе асырап алушы әйел болса – ол көрсеткен әке аты бойынша айқындалады .
  • Егере бала 10 жасқа толса, онда оның деректері (тегі, аты, әкесінің аты) тек баланың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
  • Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн. Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi. Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнiнің, айының, жылының және (немесе) туған жерiнiң өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
  • «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» мақалаға сәйкес,  асырап алынған баланың  ЖСН, асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады. Сот шешімі бойынша баланың туған күні өзгертілген кезде балаға жаңа ЖСН беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет