Шығармашылығы:Балажан ақын 1959 жылы шыққан «Бөбекке сөз» жинағынан бастап 2006 жылы баспадан шыққан «Қайырлы таң, балалар!» атты 5 томдық таңдамалы жинағына дейін балаларға арнап 38 кітап шығарды. Сөйтіп, балалар әдебиетіне тақпақгар, ертегілер,скетчтер, инсценировкалар, пьесалар, қойылымдар жазып, қазақ балалар әдебиетінің жан-жақты дамуына мол үлес қосты. Ақын жазушы қазақ сатирасына да елеулі үлес қосты, сатиралық эпиграммалар мен скетчтер, сықақ әңгімелер жазып бірнеше жинақтар шығарды («Қой бағу оңай ма?», «Мен кіммін,білесің бе?», «Сатиралық шағармалар» т.б.). Педагог ақынның «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды. Оншақты қойылымдары республиканың теледидар, радио, қорларында сақталып, эр кезде теледидардан, радиохабардан беріліп тұрады.
Ғалымның (педагогика ғылымының докторы, 2004 ж.), ғылыми еңбектері 1965 жылдан үздіксіз жарияланып келеді. Жеті монография, алты оқу қүралын жазу ғалымның ғылыми еңбектері тәрбиелеу, оқыту ісіне арналған. Ұлағатты ұстаз еңбекшіл ғалым. Негізінен ұлттык тәрбиенің ғылыми теориялық негіздеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, казак этнопедагогикасы, ұлттық тәрбие ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі болды.«Ұлттык тэрбие иірімдері» (2001 ж.), «Қазақ этнопедагогикасы жэне окыту әдістемесі» (2004 - 2011 жж.), «Этнопедагогикалық оқылымдар» (2006ж.) атты оқу құралдарында ғалым казак этнопедагогикасы (ұлттык тәрбие туралы ғылым) ұлттык мэдениетіміздің ғылыми көрсеткіші, мэдениет бастауларының қайнар көзі екендігін жан-жақты дэлелдеп көрсетті. Ақын, жазушы, ғалымның балаларды тәрбиелеу ісіне арнаған өлең әңгімелері мектеп оқулықтарына молынан енген, ұлағатты ұстаздың «Әдеп эліппесі» (1997 ж, 2006 ж, 2008 ж.) атты оку кұралы республиканың барлық қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тэрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылды. Тэрбие ісіне арналған скечтері мен қойылымдарын мектеп оқушылары қызыға пайдаланып жүр. Балабақшаларда ақынның өлеңдері мен ертегілерін үзбей пайдаланып келеді.
Ғалымның «Халық тағылымы» (1992 ж.), «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың эдістемесі» (1999 ж, 2011ж.), «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен этнопедагогика және мэдениеттану мәселелері» (2000 ж.), т.б. ғылыми монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқытушылары оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдаланып жүр.
Ғалым казак этнопедагогикасы гылымын жан-жақты зерттеп,жүйеге келтіріп, окыту бағдарламасын, оқу құралын, оқыту әдістемесін жазып, бұл салада казак ғылымына үлкен үлес қосты.ҚазССР-ының және ССРО-ның оқу ісінің озаты бірнеше медальдар мен құрмет грамоталарының, Республикалық Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, оқыту жэне тэрбиелеу ісінің әдістемелерін шэкірттеріне үйретумен қатар, ағымдағы баспасөз беттерінде үздіксіз жариялап (190 макала), республикадағы озат тәжірибе істерін толықтырып келеді. Үлттық тәлім-тәрбиенің, казак этнопедагогикасының ғылыми негіздерін жүйелеп, оқыту әдістемелерін дамытып келе жатқан ұлағатты ұстаз мектептермен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланысжасап, өнегелі іс-тәжірибелерін таратып келеді.