Бастауыштың 2 сыныбында Қазақ әдебиетінің 2 бөліміндегі Оспанхан Әубәкіровтың –«Сүт қалай ұйытады» ертегісінің мазмұны:
Түсінігім бойынша қысқаша мазмұн: Бір күні сүт ұйықтап қалған екен. Қатты ұйықтағандықтан ұйып қапты. Ұйыған сүт айранға айналады ғой. Ел-жұрттың сүттің бұл әрекетіне таң қалады, яғни қайран қалады. Айран көп ұзамай ашып, быжып, іріп қапты. Яғни іркітке айналыпты. Іркіт дегеніміз- айран құрамының екіге бөлініп іруі. Бірі-сарысу болса, екіншісі-қоюы. Сүттің енді оянбасын білген әжей сүтті дорбаға құя салып,іліп қойыпты. Дорбадан сарысу тамшылап, іркіт сүзіле бастайды. Ел-жұрты дорбадан тамған суды сүттің көз жасы дейді екен. Сөйтіп ұйқышылдық салдарынан сүт өзінің бастапқы сұйық қалпын жоғалтады. Ендеше, адам баласына да көп ұйықтаған зиян екен.
Негізгі идеясы:Балаларға бір шетінен жаман әдет, яғни ұйқының зиян екенің атап өту.Күні бойы ұйқтаудың немесе ұзақ ұйқтаудың зияны бар екенің айту.Ал қосымша,сабақ барысында ұйқтаудың тәртібін де қоса үйретуге болады. Мысалға: жатар алды киім ауыстыруға, ұйықтар алды 2 сағат алдын тамақ жемеуге, тіс жуу, ерте жатып, ерте ұйықтау керек екенің осы тақырып арқылы үйретуге болады.Ұйқышыл болсаң жұмыстан, сабақтан кешігеді, жұмысың өнбейді.Өзіңді жайсыз сезініп, күнінің бытшыт шығады.Сабақта зейінің болмайды. Осыны балаға түсіндіру.
3 автор:Шона Смаханұлы
Өмірбаяны: Қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Шона Смаханұлының өмір тарихы қилы белең-белестерден тұрады. Әулие-ата өңірі Талас өзенінің жағасында 1924 жылы 2 қарашада дүниеге келген ол ата-ана мейірінен ерте айырылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Балалық шағы балалар үйі мен интернат бөлмелерінде өткенде, болашақ қаламгердің жастық, жігіттік шағы Ұлы Отан соғысының от-жалынына сәйкес келеді. Сөйтіп Шөкеңнің жастық, жігіттік дәуірінің ең бір аяулы кезеңі оқ пен оттың арасында қар жастанып, мұз төсеніп жүріп, майдан даласында қалып қояды. Соғыстан кейін бipaз жыл бойына (1943-1957 жылдары) ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай тәмамдайды. 1957-1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған.
Шона Смаханұлының шығармашылық еңбегі мен қоғамдық-азаматтық қызметі оның өзінің ең сүйікті ісі ұстаздық өмір талаптарымен, ұрпақ тәрбиесі ісімен тығыз байланысты болды.Ұстаздық ете жүріп, шығармашылық ізденістерінің өрісін кеңейтті. Бірыңғай шығармашылық қызметке ауысқанда, бала оқыту мен тәрбиелеу ісінен қол үзбеді. Шона Смаханұлы ана тілін ардақтау, ұлттық рухани құндылықтарды қадірлеу туралы өлең жазып қана қойған жоқ, балаға ана тілінде білім беру, баланың ана тәрбиесінде өсуі туралы халықтық маңызы зор ұран көтерді және сол жолда аянбай еңбек етті, қоғамдық ұғым қалыптастырды, қоғамдық сананың жаңғыруына, жаңаруына қол жеткізді. Қазақ тілінде білім беретін мектептер ашу жолында кеңестік кезеңнің алынбас қамалдай болып тұрған тосқауылын бұзып-жарып шықты. Автор 1988 жылы Алматы облысында дүние салған.
Достарыңызбен бөлісу: |