Балалар психиатриясының негіздері



бет10/23
Дата15.05.2023
өлшемі93,16 Kb.
#93220
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
^Nметотнази Психиатрия (копия) (копия)

1) Сергектік күй бұзылысы:


1. Назарсыздық(апрозексия)- маңызды және маңызды емес ынталандыруларға зейінді шоғырландыра алмау және зейіннің толық болмауы. Осыған байланысты барлық тітіркендіргіштерді қабылдау бұзылады, олар еленбейді.


Негізінде жүйке жүйесінің тонусының, сергектік деңгейінің және әрекетке дайындықтың төмендеуі жатыр. Мұндай күйде адам солғын(вялый) көрінеді, айналада болып жатқан нәрселерге мән бермейді, оның назарын бір нәрсемен аудару қиын немесе мүмкін емес.


Әртүрлі дәрежедегі зейінсіздік кездеседі:
-сананың бұзылуында
-седативті препараттармен уланғанда
-айқын шаршауда, апатия кезінде, ауыр интеллектуалдық бұзылуларда
-белгілі бір локализациядағы мидың органикалық зақымдануында.


2. Шамадан тыс алаңдаушылық (гиперметаморфоз, аса сергектік) – назарды бірден адамға әсер ететін барлық маңызды және маңызды емес ынталандыруларға аудару.

Негізінде жүйке жүйесінің белсенділігінің артуы мен шектен тыс сергектіктің жоғарылауы жатыр.


Нәтижесінде зейін өте тұрақсыз, өте өзгермелі болады, адам үнемі әрбір жаңа ынталандыруға көңіл аударып кете береді. Ауыр жағдайларда сана әрекетінің реттілігі мен тұтастығы бұзылады, шатасу, абдырап қалу күйінің дамуына дейін барады.




Мынадай жағдайларда кездеседі:
- маниакальды күйде
- стимуляторлармен және психодислептиктермен уланғанда
- кейде галлюцинаторлы-сандырақ күйлерде
- белгілі бір локализациясы бар органикалық бас миының зақымдануында.


2) Ерікті зейін сипаттамаларының бұзылуы:


1. Зейіннің тұрақсыздығы (патологиялық зейіннің ауытқымалылығы)адамның өз еркімен зейінін өзіне қажетті объектіге аудара алмауы, осыған байланысты оның қызметінің өнімділігі төмендейді. Ерікті зейіннің әлсіздігімен жетекші рөлді еріксіз зейін ала бастайды, осыған байланысты адам үнемі оның назар аймағына кездейсоқ түсетін бөгде тітіркендіргіштермен, кездейсоқ ойлармен («бұлттарда қалықтайды», «қарға санайды») назары ауытқып кетеді. Науқас зейіні үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектіге шоғырланып, бір орында отыруы мүмкін болмайды. Бұзылыстың ауырлығы әртүрлі болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет