1) Олигофрения келесідей жіктеледі:
Дәстүрлі жіктемеге байланысты 3-ке жіктеледі:
-дебилділік
-имбецилділік
-идиотия
• Дебилділік- жеңіл түрдегі кем акылдылық. Науқас адамдардың абстрактілік ойлау қабілеті төмен, білімі қарапайым, өз бетінше жұмыс істей алмайды, баяу, бірақ есте сақтау, сөйлеу мен еліктеушілік қабілеті жақсы дамыған. Арнайы мектеп, интернаттарда оқу, жазуға, санауға және біреудің қарауында қарапайым жұмыс істеуге үйретіледі.
• Имбецилділік бұндай науқастардың абстрактілік ойлауға қабілеті жоқ, сөз қоры өте аз, сөйлем құрай алмайды, әріп пен сан білсе де оқи алмайды, қойған сұрақтарға өте қарапайым жауап береді. Өзін күтуге, қарапайым жұмыс істеуге үйретуге болады.
• Идиотия психикалық кем ақылдылықтың терең түрі. Науқас адам сөйлемейді, эмоциялары қарапайым (жылау, айғайлау), жүре алмайды, кейде стереотипті қимылдар жасайды, өзін-өзі күте алмайды. Осындай науқастаға І топ мүгедектігі беріледі.
Аурулардың халықаралық классификациясының (1994 ж.) 10-шы қаралымында( МКБ-10) ақыл-ой кемістігін ауырлығына байланысты төрт дәрежеге жіктейтейді:
• жеңіл
• орташа
• ауыр
• терең
(яғни имбецилділік екі деңгейге бөлінген - орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі).
• Ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесі (дебилділік)
Бұл жағдайда когнитивті бұзылулар күрделі ұғымдар мен жалпылауларды қалыптастырудың қиындығы мен абстрактілі ойлаудың мүмкін еместігі немесе қиындығында болып табылады. Ойлау негізінен көрнекі-бейнелі болады, жиі күнделікті сөйлеу жақсы дамыған болады (онда кейде күрделі абстрактілі ұғымдар қолданады, бірақ олардың мағынасын әрқашан түсіне бермейді). Көптеген жағдайларда жеңіл ақыл-ой кемістігі бар адамдар күнделікті үй шаруасын жақсы орындап, жақсы практикалық хабардарлық таныта алады («олардың дағдылары білімдерінен жоғары» - Е. Крапелин).
Олар арнайы оқу бағдарламаларын меңгеруге және қарапайым еңбек дағдыларын меңгеруге қабілетті. Олардың көпшілігі арнайы мектептер мен мамандандырылған кәсіптік оқу орындарын бітіріп, біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істеп, отбасын құрып, жеке шаруашылықтарын жүргізеді. Дегенмен, олар мінез-құлықтың басым стереотипін өзгерту қажеттілігі туындайтын стандартты емес жағдайларға жолыққан кезде жиі қиындықтарға тап болады. Олар өз пайымдауларын әрең қалыптастырады, көбінесе өз еркімен шешім қабылдай алмайды , басқалардың айтқанына көнгіш(внушаемы), сондықтан олар басқа адамдардың көзқарастарын оңай қабылдайды, кейде басқалардың теріс әсеріне ілініп кетуі мүмкін (мысалы, зиянкестер жеке пайдасы үшін араңдата отырып, қолындағы құралға айналдыруы мүмкін).
Мақал-мәтелдерді түсіндіріп, логикалық ойлауға есептер шығарғанда, олар нақты түсіндірмелер немесе кездейсоқ жауаптар беруге бейім.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар адамдарда IQ 50-69 диапазонында болады, бұл шамамен 9-12 жастағы балалардың психикалық дамуына сәйкес келеді.
• Орташа ақыл-ой кемістігі (имбецилдіктің жеңіл нұсқасы)
Психикалық дамуы орташа тежелген адамдар психикалық дамуы ауыр тежелген адамдарға қарағанда анағұрлым күрделі түсініктерді қалыптастыра алады.
Оларда өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары болады, еліктеумен ең қарапайым еңбек дағдыларын жаттықтыру арқылы меңгере алады. Олардың сөздік қоры бай, қарапайым сөз тіркестерімен өз ойларын жеткізе алады, қарапайым әңгіме құра алады.
Бұл индивидтердің салыстырмалы бейімделуі оларға жақсы белгілі жағдайларда ғана мүмкін болады, жағдайдың кез келген өзгерісі оларға нақты (тікелей тәжірибеден алынған) түсініктерін пайдалана отырып, жаңа жағдайға бейімделуіне қиындық тудырады, себебі олар бар түсініктерін пайдалана отырып жаңа жағдайға бейімделе алмайды. Мұндай адамдар өз бетінше өмір сүре алмайды, оларға үнемі басшылық пен бақылау қажет.
Олардың кейбіреулері ең қарапайым жұмыстарды арнайы жасалған жағдайларда (мысалы, емдік-еңбек шеберханаларында) орындай алады.
Бұл науқастардың IQ деңгейі 35-49 аралығында.
• Ауыр ақыл-ой кемістігі (имбецилдіктің ауыр нұсқалары)
Танымдық белсенділік ең қарапайым бейнелерді ғана қалыптастыру мүмкіндігімен шектеледі; абстрактілі ойлау, жалпылау мүмкін емес.
Пациенттер өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын ғана меңгереді, оларды оқыту мүмкін емес. Сөздік қоры бір-екі ондаған сөзбен шектеледі, сөздік қоры тек олардың негізгі қажеттіліктерін жеткізуге жеткілікті.
Неврологиялық бұзылулар жиі кездеседі. Науқастар үнемі күтім мен назарды қажет етеді.
Бұл науқастардың IQ деңгейі 20-34 аралығында.
• Терең ақыл-ой кемістігі (идиотия)
Идиотия – танымдық қабілеттердің дамуының ең терең(өрескел) бұзылуы.
Психикалық дамуының ауыр тежелуімен ауыратындар өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын да (киіну, жуу, ас құралдарын пайдалану және т.б.) меңгере алмайды, олардың сөйлеуі не мүлде қалыптаспайды, не аз ғана қарапайым сөздерден тұрады, өздеріне айтылғанды аз ғана түсінеді, өзіне қамқорлық танытып жүрген адамдарды(мысалға,анасын) танымауы мүмкін, жеуге болатын және жеуге болмайтынды ажырата алмайды (жеуге болмайтын заттарды жұтады), көбінесе кеңістіктік қатынастар туралы түсінігі болмайды (мысалы, биіктік туралы: олар үлкен биіктіктен құлап кетеді), сирек ыстық, ащы және т.б. (зақымдануы, күйіп қалуы мүмкін) туралы түсініктерді қалыптастырады.
Көп жағдайда интеллекттің дамымауы қозғалыс сферасының бұзылуларымен және ауыр соматикалық ауытқулармен бірге жүреді. Басқалардың тұрақты күтімі мен бақылауын қажет ететін мұндай науқастардың өмірі ең қарапайым өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандырумен анықталады.
Ақыл-ой кемістігінің терең бұзылысы бар адамдардың IQ деңгейі 20-дан төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |