Балалар психиатриясының негіздері


) Деменция келесідей жіктеледі



бет13/23
Дата15.05.2023
өлшемі93,16 Kb.
#93220
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
^Nметотнази Психиатрия (копия) (копия)

2) Деменция келесідей жіктеледі:
- Органикалык
- Шизофрениялык
- Эпилепсиялык

Органикалық деменция- бас ми жарақаттарында, ми тамырларының ауруларында, қарттық және сифилистік психоздарда кездеседі.




Ол жіктеледі:

  • тотальді (диффузді)

  • ошақты (дисмнестикалық, лакунарлық, парциалді)


1)Тотальді органикалық деменция науқас адамнын барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлгалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды.


2)Ошақты органикалық деменция науқас адамда негізінен есте сактау бузылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзак уақыт бойы сақталады.

Шизофрениялық деменция науқас адамда абстракті ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Бірақ апатия мен абулия салдарынан науқаста еңбек етуге, басқа адамдармен карым-катынаста болуға құлқы жоқ. Сондықтан осындай науқастарды кітапқа толы, бірақ ешкім оқымайтын шкафпен салыстырады.


Эпилепсиялық деменция есте сақтау қабілеті төмендеп, ойлау қабілеті өзгереді. Науқас адамда ой пайымдылығы, детализацияға құмарлық, сөз қорының азаюы мен


қыстырма сөздерді көптеп қолдану байқалады; жиі кызығушылық төмендеуі мен өзінің жағдайына ерекше назар аудару болады (концентрациялық кем акылдылық).


СИНДРОМДАРЫ:


Психоорганикалық (энцефалопатиялық) синдром:
Органикалық психосиндром (психоорганикалық синдром, энцефалопатикалық синдром) – мидың органикалық зақымдануының дамуын тудыратын әртүрлі синдромдар. Бұл синдромның көріністері кең таралған.
МКБ-10 сәйкес анықталған көріністердің маңыздылығына қарай 2 топқа бөлінеді:
- когнитивтік функциялардың бұзылуы (есте сақтау, интеллект, оқу, зейін және т.б.);
- қамту, мазмұн, эмоция, мінез-құлық бұзылыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет