Сөйлеу тілі бұзылуының екінші тобына /ішкі (семантикалық) өндеуінің бұзылуы/ алалия және афазия кіреді.
Алалия – баланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).
Афазия – бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтіретін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекциялар, бас мидың ісіктері.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия, дисграфия, дизорфография
Дислексия- оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дисграфия –жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдыларды қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателер.
17. Тұлға бұзылысы(расстройство личности)
Психопатия(тұлға бұзылысы)(ескірген аты- [конституционалдық] есалаңдық) (грек.ψυχή - жан+ πάθος - азап шегу, ауру) - бала кезінде пайда болатын және өмір бойы байқалатын клиникалық психология және психиатриядағы тұлғаның психикалық бұзылыс түрі.
Психопатия деген диагноз қою үшін берілген критериилердің үйлесуі керек.
Психопатияның белгілері:
1. тұрақтылық деп мінез қасиеттерінің өмір сүру барысында аз өзгеруін айтамыз
2.мінез қасиеттерінің тоталдылығы: психопатия кезінде мінездің бір қасиеттері
бар жерде: үйде де, жұмыста да, қарым-қатынаста да көрініс береді. Егер адам
үйде біреу, далада басқаша болса, онда ол психопат емес.
3.әлеуметтік дезадптация – адам өмірінде әрқашан қиыншылықтар туындайды,
ол қиыншылықтарды өзі немесе айналасындағылар басынан кешеді.
• “Мінез акцентуациялары” (тұлға) деген ұғыммен жан-жақты танысуы қажет.
Тұлға акцентуациялары –қалыпты (үйлесімді) тұлға мен патологиялық
(психопаттық) тұлғаның арасындағы шекаралық қалып.“Акцентуацияланған
тұлға» деген терминді Берлин университетінің профессоры К.Леонград
(1968) ұсынып, мінезі мен темпераментінің қасиеттері аса күшті, қалыптан
шығатын адамдарды атаған.Сонымен қатар адамның екпіндеуі мен
патологиялық мінез (психопатия) туралы түсінікті де бір-бірінен бөліп
қарайды.Акцентуация – адам мінезіндегі кейбір белгілердің күшейюі , ол
патологияға оңай ауысатын мінез белгілері.Акцентуация жеке мінездің
патологиясы емес, бұл сау адамдарда кездесетін жан құбылысы. Көрініс
беруіне қарай мінез акцентуациясын екі деңгейге бөлеміз:
• ашық және жасырын.
• Ашық акцентуация – тұлғалық норманың қалыпты адаптациямен соңғы
варианты, мінез қасиеттерінің тұрақты көзге ұрып тұруы; соның салдарынан
психогендік факторлардың әсерінен уақытша әрекет пен бейімделу бұзылуы
мүмкін.
• Жасырын акцентуация – норманың әдеттегі көрінісі, мінез қасиеттерінің
стресстік жағдайда ғана шұғыл көрініс беруі.
Достарыңызбен бөлісу: |