Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


Балалар мен жасөспірімдер ойлауының бұзылуы



бет10/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Балалар мен жасөспірімдер ойлауының бұзылуы.

Балалардың сандырағы.

Балалар сандырағының ерекшелігі оларда мидың жетілмеуімен байланысты. Бала өскен сайын аурудың белгілері күрделене түседі. Жыныстық (пубертаттық) жетілуге дейін балаларда сандырақ ойлар сирек кездеседі. Мұндай жағдайдағы сандырақта сана бұзылады, мысалы, жұқпалы ауруларда. Сана сақталған кездегі сандырақ жұрнақты (рудиментті) түрінде, жүйесіз болады. Балалардың жұрнақты сандырағы себепсіз, айналадағыларға түсініксіз қорқыныш ретінде болады. Қорқыныш мезгіл-мезгіл пайда болады. Қейбір жағдайда сандырақ күштірек білінеді. Осы кезде ауру абдырап, қорқыныш күдік туып айналадағының бәрінің езіне қатынасы бардай сезінеді.

Кейін онда сандырақ ойлар дамып, соның әсерінен улану, азаптану және жануарларға ауысу сияқты ойлар болады. Сандырақ калыптасудың алдында патологиялық қиялдар болады. Балалардың қалыпты жағдайында да киялдар болады. Қиялдар ойын кезінде біліп-тану үшін керек. Қалыпты қиял кезінде балалар айналадағы шындықпен елесті ажырата алады (мысалы ойнаған кезде атты таяқтан ажыратады, ол «ат сияқты» дейді). Патологиялық қиялда бала айналадағы шын әлем мен қиялдың арасындағы байланысты жоғалтады. Ол «шындық әлемнің қонағы» (Т. П. Симсон). Сандырақ қиялдардың агрессивті болуы балалар шизофрениясына тән. Бала өзін жендет деп санап, адамдар мен жануарларды қорлағаны туралы айтады. Немесе ол түн сайын зиратқа барып, әлген адамдарды қазып алып, бұзақылармен байланысты екенін айтады. Бала қиялы бейнеге айналады.

Қияли ойлар сандырақ ойлар емес. Оларды реттеуге болады. Қелешекте сандырақ тәрізді ойлар сандырақ ойларға ауысуы мүмкін (шизофренияда). Бала кездегі қиялдың мазмұны организмнің ауырғанымен байланысты. Бұл жағдайда сезімдік қиял болады. Жиі осындай сандырақ ойлар ипохондриялық түрінде болады. Мысалы, балалар ішкі ағзаларда ауыруы болмаса да ас өтпейді, жүрек ауырады деген шағымдар айтады.

Пубертаттық кезеңде сандырақ ойлар қалыптасқан болады. Осы ойлар айналадағымен байланысты нақтылы болады. Жасөспірімдер арасындағы сандырақ ойлардың түрі ретінде ұзақ уақыт бойы тамақтан бас тартуы (психикалық анорексия). Олар әздерін «семізбіз» деп санайды. Сондықтан кейде олар өте жүдейді. Тәуліктік рационнан көптеген тағамдар алынып тасталынады. Ауру езін құстырады. Тәбеті бола тұра, астан бас тартады.

Пубертаттық кезенде өзінің әке-шешесін өгейсіну сандырағы (бред чужих родителей) болады. Жасөспірім өзінің ата-анасына себепсіз теріс қарайды, әсіресе шешесіне. Оларға жау ретінде карайды. Ата-анасы бөтен адамдар деген ой туады. Осыған байланысты жас-өспірімнің мінез-құлқы өзгереді. Мұндай сандырақ ойлар тұрақты болғандықтан емдеу қиындыққа түседі.

Жалпы балалар мен жасөспірімдер сандырағының қалыптасуында қиялдың орны ерекше. Сол себептен сандырақтың негізінде кітаптан окыған, кинодан көрген уақиғалар орын алады.

Жасөспірімдерде денесінің құрылысына байланысты өте құнды ойлар туады. Паронойяльдық сандырақ кезінде балалардың ықыласы тек бір нәрсеге ауады. Мысалы электрмен байланысты картиналарды, шамдарды, сымдарды, жинайды. Мұндай жағдай күн сайын, айлап, жылдап болады (шизофренияға тән).
Жыныстық, тағмдық және өзін сақтау инстинктерге байланысты әрекеттің бұзылуы үш топқа бөлінеді.

Жыныстық инстинктің бұзылуы гомосексуализм, садизм, мазохизм және т. б. түрінде білінеді.

Гомосексуализм — ер адамның еркекке, әйелдің әйелге құштарлығы. Басқаша айтқанда бір жынысты жандардың бір-біріне құштарлығы.

Садизм — басқа адамды зақымдандыру арқылы өзінің жыныстық құштарлығын қамтамасыз ету.

Мазохизм — өзін зақымдандыру арқылы жыныстық құштарлықты қанағаттандыру.

Тағамдық инстиктің бұзылуы



Анорексия — тәбеттің болмауы және тағамнан бас тарту. Бұл жағдайда асқазан ауырмайды.

Булимия (мешкейлік)—ауру адамның тәбеті жоғарылап, тойғанын сезінбей тағамды көп мөлшерде қабылдауы. Жеуге жарамайтын заттарды, кейде өзінің нәжісін жеу, тағамдық инстинктің бұрмалануы болады.

Өзін сақтау икстиктінің бұзылуы кәтеріңкі не төменгі болады.



Қөтеріңкі сақтау инстинктінде үрку, қорқу үрейлері басым болады.

Төменгі сақтау инстинктінде адамның емір сүргісі келмейтіні туралы ой мен әрекеттері болады. Сондықтан өзін-өзі жарақаттап не өлтіруі мүмкін.

Қарқынды әрекеттің бұзылуы шизофрения, психопатия сияқты психикалық және мидың органикалық зақымдануында кездеседі.

Бапалардағы әуестіктің бұзылуы

Балалар әуестігінің бұзылуындағы тәжірибеде кеңіл аударатын белгілері:



Дромомания орын ауыстыруға, саяхаттыққа, қаңғыбастыққа деген мезгіл-мезгіл пайда болатын әуестік. Осы әуестік пайда болғанда балалар артын ойламай, кез-келген уақытта үйінен кашып, бірнеше сағат, күн, апта қаңғырып жүреді. Балалар өмірінде мұндай әуес-тік жиі кездеседі.

Жыныстық әуестіктің бұзылуына мастурбация жатады. Ол (жыныстық жағынан өзін өзі қанағаттандыру). Кішкене балаларда мастурбация шын мәнінде жыныс-тық қатынастардың, сезімнің бұзылуынан емес. Ол таза киімі болмағандықтан, құрт ауруларымен зақымданған-дықтан болады. Осы айтылғанға байланысты педиатр бала бақшаларында мастурбация болдырмайтыи шара-ларды қолданып, ал мектепте — оқушыларға жыныстық т-әрбие беру керек.

Жыныстық әуестену олигофрения, шизофрения, пси-хопатия сияқты психикалық ауруларда не көтеріңкі не темендеу болады.



Психикалық анорексия синдромы — езінің асқаза-нында және басқа мүшелерінде өзгерістер болмаса да тағамнан бас тарту. Сәбилерді дұрыс . тамақтандырма-ғанда анорексия пайда болуы мүмкін. Қыз балаларда «анорексия» ездерінің толық екені туралы ойлаудан пайда болады. Бұл жағдайда тәбеті толығынаң жойыл-мағандыктан анорексия орын алмайды. Мұнда қарны ашқан соң тағам қабылдағысы келеді, бірақ бұл сезім жасанды түрде тежеледі. Психикалық анорексия сиңдро-мы білініп тұрғанда психикалық аурудың алдын алу үшін адамды психиатрға көрсету керек.

Булимия (мешкейлік) миы органикалық түрде за-қымданған, ақылы кем балаларда кездеседі.

Организмде минералдық заттар жетіспегенде дені сау балалар тағамға деген әуестігі бұрмаланғандықтан, кұм, сары топырақ, бор-жейді.

Өзін сақтау инстинктінің төмендеуі өзіне қауіптілі-гін сезбейтін олигофрения мен дементтік сияқты психи-калық ауруларда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет