Кемістік пен тонау сандырағы (бред ущерба и ограбления) қартайған адамдардың қан тамыры зақымданған және басқа психоздарда болады. Ауруға отырған үйі тоналғандай көрінеді. Олар бір жерге матрацтар мен ыдыстарды үйе бастайды. Үйлерінен заттардың жоғалатыны, көршілерінің үйлеріндегі азық-түлікті алып кететіні және олардың заттарын булдіретіні туралы айтады.
Кызғану сандырағы (бред ревности) соңына түсу сандырағының бір түрі. Кызғану сандырағы жиі маскүнем еркектерде болады. Аурулар өзінің әйелдерін (күйеулерін) опасыз деп күдіктенеді. Әйелін (күйеуін) ұсақ-түйекте әшкерелеп, астыртын жұмысқа дейін шығарып салып не қарсы алады. Мұндай ауруларда әйелінің (күйеуінің) опасыздығын дәлелдейтін жүйе қалыптасады.
Өзін-өзі қорлау сандырағы (бред самообвинения). Бұған өзін-өзі кінәлау, қылмыс жасау сандырақ ойлар жатады. Ауру өзін бір нәрсеге кінәлімін деп санайды. Мысалы, олар айналадағыларға ауру жұқтырамыз деп санайды. Осы ойдан қорқып, кісілерге жуымай, ауыздарын орамалмен жабады. Өздерін айналадағылардың көңіл белуіне тұрмаймын деп санап, тамақтан бас тартып, төсекке жатпайды. Олар өздерін мүсәпірміз деп санайды.
Осы топтағы сандырақ ойларға ипохондриялық сандырақ жатады. Аурулар өздерін сифилис, туберкулез, рак, спид сияқты жаман аурулармен ауырамыз деп санайды. Осы айтылғанға сене отырып, көптеген соматикалық шағымдар жасайды. Мұндай аурулар емханаға жиі барады. Олар барлық мамандардың тексеруінен өтеді. Бірақ тексерулердің нәтижесінде мұндай ауру адамдардын ішкі мүшелерінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Ауру дәрігердің дәлелін жоққа шығарады не өзінше бағалайды.
Ипохондриялық сандыраққа жақын тұратын нақұрыс (одержимость) сандырағы бар. Аурулар өздеріне сырттан күш енген (шайтан, кейде бақа мен жылан) деп санайды. Өте сирек жануарға не қарама-қарсы жынысқа ауысу сандырағы кездеседі. Бір ауру әйел өзін қойға ауысьш, үстін койдың жүні басқан деп сезінген. Қыз бала өзінің ұл болғанын сезінген.
Ұлылық сандырағы (бред величия). Бұған байлық, тектілік, тұлғалық, ойлап табушылық, сүйіспеншілік сандырақтары жатады.
Сандырақтың бұл түрінде аурулар өздерін кеп ақ-шаның (мыңдаған, миллиондаған), сарайлардың, автомобиль мен самолеттердің иесімін деп санайды. Мұндай аурулар ездерін жиі өте сұлу, дарынды, кемеңгер жазушы, ғалым, артист деп санайды. Мысалы, бір ауру әйел өзін «сұлулықтың құдайы» деп санап, Мәскеуде сұлулардың конкурсын еткізуді талап етіп, онда бірінші орынға ие боламын деп ойлаған. Иванов деген ауру өзін белгілі Карузо деп таныстырған. Екінші бір ауру әйел өзін белгілі маршалдың қызымын деп таныстырған. Кейде ауру адамдар өздеріне ұлы адамдардың, үкімет басшыларының жақсы ниетте екенін айтады. Олар өздері туралы радиодан айтатынына, газеттерде жазатынына сенеді. Ойлап табу сандырағында ауру адамдар өздерін ғылыми еңбектердің, өнертапқыштың авторы деп есептейді, рак ауруына қарсы тұратын дәрілерді ойлап таптым деп санайды.
Сандырақ ойлардың маңызы көңіл-күймен тығыз байланысты, Ұлылық сандырақ ойларды айтатын аурулардың көңіл-күйі көтеріңкі болады. Өздерін қорлау туралы сандырақ айтатын аурулардың көңіл-күйі төмен, жабырқау болады.
Сандырақтың нақтылы маңызы аурулардың түратын заманына, мәдениеттік деңгейіне, біліміне және мамандығына байланысты. Егер ертеректе сандырақ мәні шайтандармен, дуалаумен, бал ашумен байланысты болса, ал қазір оның мәні атом энергиясымен, ғарыштық сәулелермен, спидпен байланысты.
Сандырақ ойлар маңызынан басқа да көрсеткіштер аркылы топтастырылады.
Жүйеленген және жүйеленбеген не үзінді-кесінді сандырақтар туралы айтуға болады.
Жүйеленген сандырақ. Мұнда аурулардың айтқан сандырағы бір бүтін жүйе құрайды. Бір қате, ауру жағдайындағы пікір екіншіден туып, бір сандырақ ой екіншісінен туады. Осылай ауырған жағдайда бүтін жүйелік көзқарас қалыптасады. Сандырақтың бұл түрінде дерексіздік тану зиян шегеді. Сезіну арқылы танудың бұзылуы аз орын алады. Бұл жағдайда елестеушілік пен сағым болмайды. Нақтылы болған жағдайларды аурулар сандырақ түрінде түсіндіреді. Өздерінің сандырағын дәлелдеу үшін кептеген болған жағдайларды келтіреді. Бірақ нақтылы жағдайларды бір жақты және қате түсінеді. Осындай сандырақты түсінік беру сандырағы дейді. Мысал ретінде қызғану сандырағын айту керек.
Ауру адамдардың сандырағы әрдайым жүйелі болмайды. Сандырақ ойлар көбінесе бір-бірімен байланыссыз, үзінді ретінде болады. Мұндай жағдайда елестеушілік, сағым, көзге көрінетін аффективті бұзылулар орын алады. Басқаша айтқанда сандырақтың құрылымында сезім арқылы білудің бұзылуы үлкен орын алады. Осы бұзылудың әсерінен сандырақ бейнелі болады. Сондықтан мүндай сандырақ бейнелі деп аталады.
Жоғарыда көрсетілгендей, ауруды ойынан тайдыруға, түзетуге болмайтындығы сандырақтық бір белгісі болып саналады. Кейбір жағдайда аурудың сандырағын айтқан кезінде шамалап болса да түзетуге болады. Мұндай жағдайларды сандырақ тәрізді ойлар деп атайды. Осындай ойлар қиял түрінде жиі балаларда және психопатияда болады.
Сандырақ ойлардан өте бағалы ойларды ажырату керек. Өте бағалы ойлардың негізінде сандыраққа қарағанда нақтылы болған жағдайлар орын алады. Бұл нақтылы жағдайлар ауруға өте үлкен әсер еткендіктен, онын калыпты өмір сүруіне кедергі жасайды. Кейде адамды жәбірлесе, қорласа ол езінің маңызды жұмыстарын тастап, барлық күшін езін ақтауға жұмсайды. Қызғану негізінде ерлі-зайыптылардың біреуінің бұрынғы кезде болған көз бояушылығының орын алуы мүмкін. Кейде ауру өзінің кемістігіне үлкен мән береді. Мысалы, жиі өздерінің мұрындарының әдемі емес екенін айтады. Мұрны әдемі емес адамдар аз емес. Бірақ бұған адамдар көңіл бөлместен, қалыпты жағдайда өмір сүріп, қызмет жасайды. Бірақ кейбір аурулар өздерінің мұрындарының әдемі емесін айта отыра, кешеге шығуға ұялып, кісілермен қарым - қатынаста болмай, өлу туралы ойлар туады.
Сандырақ, сандырақ тәрізді ете маңызды ойлардан басқа жалықтыратын (жабысқақ) ойлар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |