Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет9/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Жабысқақ ойлар (навязчивые идеи — обсессиялар)— ауру адамның ықыласынсыз оның санасын алатын ойлар. Кейде мұндай» ойлар аз маңызды, қисынсыз болады. Ауру мұндай ойларға сын көзімен қарап, олардан құтылуға тырысады, бірақ құтыла алмайды. Мысалы, адамда мынандай ой пайда болуы мүмкін: «Егер мен қазір өліп кетсем не болар еді?», «Менің туған-туысқандарым не істер еді? Не айтар еді?». Осы ой ауруға бір келіп, бір кетіп, оның сана,сында паналап, мазасын алады. Кейде жабысқақ ойлар қисынсыз болады. Мысалы, ауру адам дәрігерге «Неге әтештің басы біреу, ал басы екеу болса, әтеш не істер еді?» «Неге адамда екі қол, ал егер үшінші қол болса, ол қайда орналасады?» деген ойдың мазалағаны туралы айтады. Жабысқақ ойлардық мысалы ретінде радиодан таңертең естіген мелодия не ән «басыңнан кетпейтінін» айтуға болады.

Жабысқақ ойлардан басқа жабысқақ қорқыныштар (навязчивые страхи — фобиялар), тілектер мен әрекеттер болуы мүмкін. Мысалы, көптен сахнаға шығып жүрген артисте сол сахнада ойнаудың алдында дорқыныш пайда болуы мүмкін. Басқа біреуде қорқыныш белгілі бір кезеңнен кейін болады. Бір қызда ұйықтардың алдында белмедегі барлық заттарды үстап көру жабысқақ тілегі (влечение) пайда болады. Осы тілегі орындалғаннан кейін ғана ол ұйықтай алатын болады. Бір ауру әйел үнемі борды ұнтақтау үшін жүмысында да отыра алмайды. «Есікті жаптым ба, жаппадым ба?», «Үтікті сөндірдім бе?» деген жабысқақ күдіктер (сомнение) болады.

Жабысқақ ойлар, тілектер, әрекеттер мен қорқыныштар кебіне бірге кездеседі. Бұл құбылысты — жабысқақ жағдай (навязчивые состояния) дейді. Жабысқақтар кейде сау адамдарда да болады. Бірақ бұл жағдай аз уақыт болып, олардың жалпы өміріне, қызмет қабілетіне әсер етпейді. Бұл жағдай қысқа мерзімді болады. Жабысқақ жағдайлар невроз бен психоздарда кездеседі.

Жоғарыдағы айтылғаннан басқа ойлаудың бұзылуының тағы да түрлері болады. Мысалы, ассоциативті процестің бұзылуы. Ойлаудың езгеруі жылдамдау және баяулау түрінде болуы мүмкін. Ойлаудың жылдамдауында ойлар тез және үнемі етіп жатады. Кездейсоқ байланыстардың арқасында ойлау үстіртін және дерексіз өтеді. Ауру дәрігердің қойған сұрағына жауап бере сала өз назарын басқаға аударып, сол туралы сөйлей бастайды. Көңіл-күй жоғары болған кезде ойлау жылдам өтеді. Ойлау күрт жылдамдаса ойлар секіре бастайды. Айналадағы заттарға және аурудың пайдаланатын сөз-деріне байланысты ойлаудың тақырыбы жылдам өзгереді. Аурулар ұйқастырып айтуға бейім болады. Кейде ойлаудың жылдамдығы соншалық тез болғандықтан ауру туатын барлық ойын айтып үлгермейді.

Ойлаудың патологиялық баяулауында ойлардың пайда болуы мен өтуі қиындыққа соғады. Бұл жағдайда ауру қойылған сұраққа баяу, аз сөзбен жауап береді. Ойлау бұзылуының бұл түрі көңіл-күй төмендегенде жиі кездеседі.

Ойлаудың үзілуі—аурудың сөйлем кұрылымындағы
логикалық байланыстың болмауы.

Ауру әңгіменің алғашқы бірнеше сұрағына ұрыс жауап беруі мүмкін.


Онан соң сөйлеуінің мәні болмайды.

Сөйлемдегі сөздердің арасындағы дұрыс байланыс сақталуы мүмкін.

Ойлаудың мұндай бұзылуы шизофренияда жиі кезде


седі.

Ойлаудың қисынсыздығында аурудың сезінде мән де грамматикалық байланыста болмайды. Бұл жағдайда ауру адамның сейлемі жеке сездерден не буындардан кұрылады. Ойлаудың қисынсыздығы ой алжасуында, (сананың бұзылуында) жұқпалы аурулар кезінде болады.

{ Ойлаудың персерверациясы — ұзақ уақыт бір ойдың басым болуы. Мұндай жағдайда ауру бірінші сұраққа дұрыс жауап беріп, келесі сұрақтарға сол жауабын айта береді. Мұндай көрініс мас адамдарда болады. Мидың тамырлары зақымданған ауру адам сұрақтарға былай жауап береді:

Фамилияңыз кім?—Иванов. Атыңыз кім?—Иванов. Қайда тұрасыз?— Иванов. Ойлаудың бұзылуы ретінде есиетшілдікті айтуға болады. Өсиетшілдік дегеніміз — жеміссіз данасыну. Ауру адамның сөйлемі дұрыс, шексіз болуы мүмкін, бірақ еш мағынасыз болады.



Ойлаудың толықтылығы— езгерудің бір түрі болып саналады. Басқаша айтқанда, ойлаудың патологиялық жабысқақтығы, зорға жылжуы. Мұндай жағдайда аурудың сөздерінен бастысын және болмашыларын айыру қиын. Қойылған сұрақтарға бірден жауап бермей, алыстан бастап, керексіз болмашы заттарға тоқталады. Қояншық аурумен ауырған әйел алғашқы рет талмаңыз қашан болды деген сұраққа былай жауап береді: «1963 жылдың маусымында мен ерте тұрдым, ауа райы жақсы еді. Өзімнің Нюра, деген досыма бардым. Ол базарға баруға киініп жатыр екен. Біз сөйлескеннен соң көшеге шықтық. Нюра трамвайға отырып базарға кетті. Мен дүкенге нан алуға бардым. Кезекте 5—6 адам тұрды, мен нан алдым. Менің бір сомым бар еді, маған 84 тиын қайырып берді. Нанды сеткаға салып, дүкеннен шықтым. Қөпірге жеткенде мен талып қалдым». Сұраққа жауап берердің алдында ауру әйел мардымсыз нәрселерге көп тоқталды.

Ойлаудың мұндай бұзылуы қояншық және жасқа байланысты психоздарда, сандырақ ауру адамдарда болады. Қейде ауру бүгінгі күн лексиконында жоқ сөздерді қолданады. Мысалы, «жалған адам», «камнит», «зарумбование» т. б. Бұл неологизмдер деп аталады. Шизофрения сияқты аурумен ауырған адамдар баста ойдың жоғын, ойлардың үзілгенін айтады. Қейде олар ойлардың көптігінен бастың керілгенін айтады. Мұндай ойлардың көбеюін ментизм құбылысы дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет