Лекцияның мәтіні:
Адамның айналаны танымы тек түйсік және қабылдаумен шектелмейді. Біз айналадағы заттар мен кұбылыстарды қабылдап қана қоймай, оларды салыстырамыз, тұжырымдаймыз, ондағы негізгі және косалқы жақтарын айырамыз. Сезім мүшелері арқылы келетін әсерлерді өңдеудің және алынған мәліметтерді талдаудың аркасынля пайда болатын түсінік пен қорытындылауды ойлау дейді. Баскаша айтқанда ойлау дегеніміз адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылама бейнеленуі. Ойлаудың жоғары сатысы сәйлеумен тығыз байланысты. Сондықтан ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.
Шындыққа сәйкес келмейтін, шындықтан алшак, түзетуге болмайтын ойларды сандырақ ойлар (бредовые идеи) дейді. Шындыққа сәйкес келмейтін қате пікір — сандырақ ойлар болып саналады. Егер сандырақты айтылған анықтамамен шектесек, оған қарсылық білдіруге болады. Діни түсініктер, идеологиялық пәлсапалық тұжырымдар да материалистік көзкараспен салыстырғанда қате пікір болып саналады. Діни адамды да басқаға сендіру қиындыққа түседі. Бірақ, бұл қалыпты жағдай, керісінше сандырактың пайда болу негізінде жоғары нерв қызметі бұзылуымен байланысты патологиялық механизм жатыр.
Сонымен, сандырақ ой түзетуге келмейтін, пікірдің патологиясына байланысты пайда болады. Сандырақ ойлы аурудың ойлағанын өзгерту ешқандай нәтиже бермейді. Емдеудің арқасында сандырақ ойлар өзінің маңызынан айрыльш, мүлде жоғалады. Ауру сандырағының клиникада маңызы зор.
Егер сағым мен елестеушілік ең оңай түрінде сау адамдарда болса, ал сандырақ ойлар тек психозбен ауырғанда болады.
Маңызы жағынан сандырақтың бірнеше тобы бар: Соңына түсу сандырағы (бред преследования). Бұл жиі кездеседі. Оған қарым-қатынас, ерекше маңызды сандырак, уландыру, әсер ету, кінәлау, ұрлау, қызғану, кемсіту сияқты ойлар жатады.
Қарым-қатынас сандырағы (бред отношения) — бар ауруларға айналадағы адамдар нашар қарайтын, оған күлетін, ол туралы сыбырласатын болып көрінеді. Бұл жағдайда ауруға қатысы жоқ әрекеттерді ол өзінше бағалайды. Мысалы, шизофрениямен ауырған адам әкесінің тамак ішерде қолдарын столға қойғанына ерекше мән береді. Ауру мұны «соғыс басталады» деп есептейді. Мұндай сандырақтарды ерекше маңызды сандырақ (бред особого значения) ойлар дейді.
Кейде ауруларға оларды уландыратындай болып көрінеді. Мұндай жағдайда олар өте күдікті болып, тамақ ішуден бас тартады. Кейде олар жақындарын өздеріне жау санап, уландырады деп ойлап, жақындарының әкелген тамағын қабылдамайды. Кей жағдайда аурулар «дәрігерлер мен медбикелер өздерін қуғындайды және уландырады» деп санап, тамақты тек жақындарының қолынан қабылдайды. Бұл уландыру сандырақ ойлар (бред отравления).
Әрекет сандырағында (бред воздействия) аурулар өздеріне көзқарас, гипноз, электр тогы, радиотолқындар, белгісіз аспап, теледидар мен ғарыш толқындары арқылы әсер етеді деп санайды. Психиатрия ауруханасы
жағдайында болып тұрып, аурулар өздеріне басқа қаладан гипноз арқылы әсер ететінін айтады. Олар өздеріне электр тоғының әсерін сезініп, аппараттың еден астында не қабырғаның ар жағында тұрғаны туралы тұжырым жасайды. Кейде аурулар белгісіз аппараттарды дәрігерлер тәжірибе жүргізу үшін қолданатыны туралы айтады. Кейде ауруларға оларды газбен, микробтар арқылы уландыратын болып көрінеді.
Нақтылы соңына түсу сандырағы (собственно бред преследования). Ауруларға әр адым сайын жеке адамдар не мекемелер соңына түскендей болады. Олар таныс емес адамдардың бақылайтынын машинамен қуатынын айтып, шамның жарығымен шағылыстырып соқыр қылғысы келеді деп ойлайды.
Кінәлау сандырағы (бред обвинения) кезінде аурулар оларды кінәлайтыны туралы айтады. Мысалы, тіс дәрігері болған адам ауырғанда оны инструменттер жетіспеген үшін кінәлап, сотқа жауапқа тартатындай болып көрінеді. Іс жүзінде оның жұмысында айтылғандай оқиға болған жоқ. Немесе ауру адам өзін жұмыстан шығарады деп ойлап, ертесімен бас дәрігерге келіп, оның столына кұжаттарын қойып, тезінен жұмыстан шығаруын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |