Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері


Балалар мен жгісөспірімдегі аффект бұзылуының ерекшеліктері



бет5/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

Балалар мен жгісөспірімдегі аффект бұзылуының ерекшеліктері.

Балалар эмоцияларының бұзылуы айқын болмайды, бірақ жиі болады. Сау балалардың көңіл-күйі жиі өзгеріп тұрады. Дені сау бала болымсыз әсерлердің арқасында жылауы мүмкін. Әрине, кеңіл-күйдің езгеруінің барлық түрі патологиялық болмайды. Орталық нерв жүйесі толығынан дамымағандықтан және ішкі секреция бездері мен зат алмасу процестерінің тұрақсыздығынан балалардың эмоциясы өзгермелі болады. Олардың іс-әрекеті интеллекттіге емес, эмоцияға байланысты.

Эмоцияның патологиялық бұзылуының төмендегідей ерекшеліктері бар. Ертеректе пубертаттық кезеңге дейін балаларда депрессия жағдайы айқын білінбейді деп саналды. Жалпы бала психикасына ұзақ уақыт қайғыру тән қасиет емее. Депрессиялық қайғыру балаларда жылдам жойылады.

Мектепке дейінгі балаларда депрессия болғанда, олар жылдам шаршап, ішінің ауыратыны, денесінде ұнамсыз сезімдердің барлығы туралы шағым айтады. Мұндай аурумен ауырған баланың сырт пішіні соматикалық ау-румен ауырғандай. Баланың түсі жүдеу, тәбеті нашар, ойнағысы келмейді. Айтылғандай жағдай балалардың тек психикалық аурулармен ауырғанында ғана болмайды. Мұндай көрініс соматикалық және жұқпалы аурулармен ауырғанда да болады. Кейде көңіл-күйінің төмендеуі, зарығу, әлсіздену сияқты депрессия белгілері соматикалық аурудың белгілерінен бұрын білінеді. Ба-лалар үлкендер сияқты зарықпайды, бірақ іші пысып, қөңілсіз болатынын айтады. Олар ызақор, жылауық болады. Ересек балаларда, жасөспірімдерде үлкендерге қарағанда дерттің қозуы қысқа және айқын болуы мүмкін.

Өмір сүргісі келмейтін ойлар және өлу әрекеті көбінесе ересек балаларда болады. Кейбіреулердің болжамы бойынша 10 жасқа дейінгі балаларда өлу туралы ой болмайды. Басқалардың айтуы бойынша мұндай ойлар мұнанда ертерек жаста болады. Балалардың өлу әрекеті олардың ойларына емес, еліктеу мен наразылыққа байланысты.

Эйфория — балаларда нашар тараған. Балалардағы болатын эйфорияның ерекшелігі олардың қозғалысының көбеюі мен мазасыздануында. Жасеспірімдерде болатын эйфория айқын ересек адамдардікіне ұқсас. Кебінесе балаларда болатын эмоциональдық бұзылу — үрейге тоқталып өтейік. Үрей (страх)—балалардың әр кезеңінде және көптеген ауруларда кездеседі. Үрей дара түрінде (түнгі үрейлер) және психикалық бұзылудың бір бөлігі ретінде болады. Мысалы, балалардын елестеушілігінде, сандырағында және депрессиясында үрей жиі болады. Үрей психикалық сау балаларда да болады, Бұл балалардағы қорғану реакцияларының басым болуынан. Әр түрлі психикалық аурулардағы (қояншық, реактивті жағдайлар және т. б.) үрейдің жиілігі жоғарыда айтыл-ған реакцияларға байланысты. Әр түрлі аурудағы үрейдің клиникалық ерекшеліктері болады. Мысалы, баланың нерв жүйесі зақымданған жағдайында үрейін толық және шын айтып береді. Шизофрениямен ауырған балалар өздерінің үрейін бірнеше жыл бойы жасырады. Үрейі бар баланың психикалық жағдайын мұқият зерттеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет