Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет4/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

ЭМОЦИЯНЫҢ БҮЗЫЛУЫ.

Адам өз емірінде әр турлі заттар мен құбылыстарды жай қарамай, оларды эмоциямен (сезіммен) қабылдайды. Сондықтан эмоция — объективті шындыққа деген біздің қарым-қатынасымыз, сезіміміз. Бұл айналадағы шындыққа деген біздің дұрыс не теріс көзқарасымыз.



Төменгі сатыдағы эмоциялар адамның органикалық қажеттілігін өтеумен байланысты. Мысалы, ашығу, шөлдеу. Жоғары сатыдағы не күрделі эмоциялар адамның еңбек әрекетімен, эстетикалық қажеттілігімен, отбасы, қауым, Отан алдындағы борышымен байланысты.

Адамның өмірінде әр түрлі эмоциялар орын алады. Бірақ негізгі болкп жоғары сатыдағы эмоциялар саналады. Адамның эмоциялық жағдайы айналадағы орта мен адамның ішкі күйіне байланысты. Емтиханда алған жақсы баға адамды қуантады. Бәрімізге белгілі қарын ашу адамның көңіл-күйін төмендетеді. Физиологиялық тұрғыдан эмоциялар ең алдымен ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен байланысты. Ми қыртысы астындағы орталықтар шартсыз рефлекстермен де байланысты. Сондықтан да олардың эмоция пайда болудағы ролін атамай кету дүрыс болмайды. Бірақ, адамның эмоциясындағы негізгі қызметті ми қыртысы атқарады. Осының айғағы ретінде әр адамның өз көңіл-күйін реттеп алатынын айтуға болады.

Эмоциялардың патологиясы. Эмоция бұзылғанда жиі депрессия не дистимия, гипотимия кездеседі. Бұл жағдай зарығу, сағынумен байланысты. Сыртқа білінбейтін психикалық зақымданудан кейін де депрессия пайда болады. Бұл жағдайдга адамның көңіл-күйі төмендеп қайғылы, мұңлы болады. Айналадағы әлем көңілсіз болып көрінеді. Айналадағыларға ықыластың төмендеуінен ауру катты қайғырады. Зарығу жағдайы жеңіл және ауыр түрінде болады. Ауыр түрінде адам өзін-өзі өлтіргісі келеді (суицидальдық ойлар). Өзін-өзі әлтірудің барлығы да психиканың бұзылуымен байланысты (XVIII ғасырдың француз психиатрлары осылай санайды) емес. Бірақ суицидальдық әрекеттердің көбі психикалык ауру адамдарда, депрессиямен ауырғандарда жиі болады. Депрессиямен ауырған адамдардың бет пішіні қайғылы, ауызы салбырап, қас арасында әжімі болады. Со-нымен, адамның бетінен депрессиямен ауыратынын білуге болады. Кейде патологиялық түрде көңіл-күй жоғарылап эйфория болады. Кейде эйфория рак, туберкулез сияқты аурулармен ауырған адамдарда да болады. Эйфорияда көңіл-күй кетеріліп, қуанышты болады. Бұл жағдайда адам әзін-езі жоғары санап, денсаулығын мықты сезініп, өзін шыдамды, күшті деп есептейді. Айналадағының бәрі жақсы болып көрінеді. Аурудың бет ажары жанданып, ойлары жылдам өтетін болады. Эйфория маниакальдық жағдайда, соматикалық қатты ауруларда, органикалық негізді ақылдың кемістігінде, мас болғанда болады.

Дисфория — зарыгу, ашыну, кею жағдайындағы наразылық білдіру. Депреесияға қарағанда мұнда айналадағыға кею, ашулану сезімі болады. Кейде маниакальды ауру адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады, бірақ мұнда да ол ашуланып, әр минутта кеюі мүмкін.

Дисфория кояншыққа, ми атеросклерозына және мидың басқа да органикалық ауруларына тән белгі. Эмоциональдық жігерсіздікте не эмоциональдық тұрақсыздықта, әлсіздікте адам көңіл-күйі жылдам өзгеріп отырады. Дәйекті себепсіз ауру адамдар жылап, содан соң күлуі мүмкін. Айтылғандай көрініс қалыпты жағдайда, балаларда, ми склерозында болады (психикалық әлсіреу, мысалы, неврастения — мидың органикалық ауруларында).



Эмоциональдық селқостықта (апатия) эмоциялар мүлдем болмайды. Ауру адамдар айналадағыларға да, өздеріне де көңілсіз қарайды. Мұндай жағдайды көзі ашық өліммен теңестіреді. Мұндай көрініс шизофренияда, ауыр органикалық ауруларда кездеседі (мидың ісігінде).

Аффект— елірмелі, қысқа мерзімді ызалану. Ол дені сау адамдарда да болады. Физиологиялық аффект адамды толғандыратын қайғымен байланысты. Мысалы, ұрысқан кезде адам ашуланып, жаман сөздер айтып, ұрып та жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда сана өзгермейді, амнезия болмайды. Мұнда адам күш салса өзін-өзі ұстай алуы мүмкін. Айтылғанға керісіншепатологиялық аффект бар. Бұл жағдайда адам өзіне-өзі есеп бере алмайды. Патологиялық аффектің айырмашылық белгісі сананың түнеруі және болған оқиғаның естен толық шығуы. Физиологиялық аффект пен патологиялық аффекті ажыратудың сот-психиатриялық істе маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет