10-лекция.
Психикалық аурулар түрлері.
(1 сағат)
Жоспары:
Шизофрения (белгілері мен ағымы).
Шизофрения түрлері және сипаттамалары.
3. Шизофрения ауруларын емдеу жолдары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.
Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.
Қосымша:
Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.
Лекцияның мәтіні:
Шизофрения тек психиатриядағы маңызды пробле-малық ауру емес жалпы медициналық сырқат. Шизоф-рения ауруымен кебінесе жас адамдар ауырады. Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор. Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ. Ол бала кезде де, ересек кезде де болуы мүмкін. Сол себептен балалық және пубертаттық, онан соң кә-рілік кездегі шизофрения туралы айтылады.
Шизофрения ұзақ мерзімді ауру. Көп уақытқа созыл-ған аурулардың жартынан көбі шизофрения. Шизофре-ния жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.
Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу се-бептері анық емес. Психиатриядағы кәптеген өткір тео-риялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты.
Шизофрения ауруының клиникасы жан-жақты. Онда болатын барлық белгілерді атап өту мүмкін емес. Ши-зофренияда болмайтын белгілерді айту оңай. О. В. Кер-биковтың айтуы бойынша шизофренияда ешқашанда Корсаков белгілері тәрізді, сананың делириозды бұзыл-уы болмайды. Бірақ балалар шизофрениямен ауырған-да делирийдің кейбір белгілері көру елестеушілігі ре-тінде кездеседі. Қалғанның барлығы да әр түрлі вариа-ция ретінде шизофренияда кездесуі мүмкін. )
Жалпы клиникалық көрінісін жазу оңаи мәселе емес. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жал-пы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық бел-гілер бар. Аурудың пайда болу тегі, оның бірнеше түр-ге бөлінуі жағынан кептеген пікірлер бар. Бірақ бар-лык психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену (расщепление) бар екеніне күмәнданбайды («Шизо»— бөлшектену, осыдан ауру-дың аты пайда болады). Бұл аурудың атын швейцар психиатры Э. Блейлер қойды.
Белшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байла-нысты. Сезіну, қабылдау, ойлау, жүріс-тұрыс психика-ның әр түрлі жақтары болып саналады. ІІІизофренияда осы керсетілген біртұтастық бұзылады, яғни психика-лық қызметін тұтастығы, бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айт-қанда айналадағы шындықпен байланыстан білінеді. Ескі психиатрлар шизофренияны беттері ауыстырылған кітаппен, дирижерсыз оркестрмен салыстырған. Психи-калық қызметтің барлық жақтарының бұзылуы айна-ладағы жағдайға сәйкес емес кылықтарды тудырады. Мысалы, медицинаға қатысы жоқ адамның рак ауруы-ның себебін табуы. Ауру әйел үйіндегі электр сымын айналадағылардың әсерінен сақтану үшін балық майы-мен майлайды. Троллейбус жүргізуші жолаушылардың паспортын көрсетуін талап етеді. Осындай ауру адам-дардың айналадағы ортаға сәйкес емес таңыркарлык мінез- кұлықтары болады. Ауру адамдар ынтасы аз, әрекетсіз және тұйык болады және жасырынып айнала-дағы ортадан алшактайды, мұндай адамдардың субъек-тивті әлемін ескі авторлар Қытайдағы орта ғасыр ка-малының кабырғасымен салыстырады.
Тұтастықтың бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлеуі-нен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып, оның сөйлемі тек жекеленген сөз-дерден кұралады. Мысалы, «Мен колжуғышта отыруым керек, себебі бірнеще архимандриттер мұра қалдырды».
Психикалық қьгзмет тұтастығының және онын ай-наламен байланысының бұзылуын аурудың эмоциясы-нан айқын көруге болады. Олар айналадағы шындыкка сәйкес болмайды. Мысалы, жас әйел езінің сәбиіне мейірімсіз болып, оны тамақтандырмауы да мүмкін. Келген жақын туыстарымен жолықкысы келмей, тек әкелген заттарына назарын аударуы мүмкін. Бір ауру адамның кезінше әкесі қайтыс болады. Ол әкесіне қа-рамай оның әкелген жүзім шырынын орі қарай іше берген. Психиатриялық ауруханаға жатқызған кезде мұндай аурулар бұған назарын аудармайды.
Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар ездерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ыкпалымен болатынын, айтады (кинестетика-лық автоматизм).
/Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мы-салы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет кылып салып, «өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жок» деп түеіндіреді. Егер ауру өзінің салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адам-ды көрмей, оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамыған-дықтан суреттерінде символизм мен белшектену білі-неді.
Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады (токистер, ішексіздер, интерма, амбурга, эхологика және т. б.).
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзы-лып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект кызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адам-дардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандыктан аурудың диагнозын қоюға болады.
Шизофрениядағы керсетілген жалпы белгілер бала-ларға да тән, бірак балалар психикасының ерекшелік-теріне байланысты бұл белгілер езгеше болуы мүмкін. |
Психиатриялық қызметте бөлшектену белгісі осы жастағы сау балалармен салыстырғанда ауру баланың көңілінің ерекшелігінен білінеді. Мысалы, кішкене ба-ланың ықыласы балалар ойындарында емес, ойынға қатынасы жок баока затта болады. Ботинканы алып, бала күні бойы отыруы мүмкін. 7 жастағы баланың үш жыл бойы бала-бақшаға барып, әзін үлкен деп санап, аты-жөнімен атауды талап еткен. Үйіне келгеннен соң ата-анасына өзінің Марья Ивановнамен бірге істейтінін айткан. Артынан бұл «әйелдің» пластмассадан жасаған ойыншық үйрек екені белгілі болды. Бұл жәйт ата-анасы мен дәрігерлерге бала психиатриялық аурухана-ға түскеннен кейін белгілі болды. Баланың эмоциональ-дық салқындығы ата-анасына деген жеккөрушіліктен, жауласудан және агрессивті болуынан білінеді. Әуес-тенуі бұзылғандықтан ертерек мастурбация болып, са-дистік ойлар мен әрекеттері байқалады. Кішкене бала-лар өздерін өлтіруші ретінде сезініп, дар ағашты, өлті-ру суреттерін, қаңқа мен табыттарды салады. Шизоф-рениялық процесс білінбей, жай басталады.
Е. Крепелиннің жіктеуін осы уақытқа шейін жеке-ленген психиатрлар мен психиатриялық мектептер пай-даланады. Ол бұл ауруды төрт топқа бөлген қарапайым, гебефрениялық, кататониялық параноидтық.
Жас өспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым турінде алдынғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуальды өнімсіздік байіқалады. Аурудың гебефрениялық түрінде (гебеос — грекше бала) баланың мінез-қүлқында есерлік, мәнер-лік, бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады.
Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен козуы бар кататониялық синдром басым болады. Па-раноидтық түрінде алдыңғы қатарға елестеушілігі (жиі жалған елестеушілігі) бар сандырақ ойлар шығады.
Келтірілген Е. Крепелиннің жіктеуінің кемшілігі, оның статикаға негізделуінде. Мұнан баоқа Е. Крепелин жазғандай аурудын барлық түрлері ақылдың ке-містігімен аяқталмайды.
Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі ауру-дың клиникалык ерекшеліктері мен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрт бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті.
Үнемі ағымды (непрерывная) шизофрения
Аурудың бұл түрінде дерт қозбай үнемі ағымды болады.
Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі (злокачественная), параноидты және жай ағымды (вя-лотекущая) түрлері болады.
Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады. Олар: психи-калық өнімділіктің төмендеуі (энергия потенциялының төмендеуі), эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыс-тары. Мұнан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар (қарым-қатынастық, улану, әрекет жасау), же-келенген елестеушіліктер пақда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны бай-қалады. Ауру білінбей, жайлап дамиды. Сабақ окудың орнына ауру назарын басқа мәселелерге аударады. Мы-салы, астрономия мен философияның күрделі мәселе-лерін шешуге әрекет жасайды. Бұл белгі «философия-лық улану» деген ат алды. Күрделі мәселелерге көңіл аударуына, ғылыми әдебиетті оқуына қарамастан олар-дың білімдері үстіртін, жұмыстағы енімділігі нашар болады (мұны «энергия потенциалының төмендеуі» дейді). Психиканың бөлшектенуіне байланысты жоға-рыдағы көрсетілген белгілерден басқа шизофренияның бұл түрінде эмоциялар айтарлықтай өзгереді. Олар туыстары мен жақындарына дөрекілік көрсетеді. Сырт-тан қарағанда шизофренияның айтылған түрі пубертат-ты құбылыстарға ұқсас. 8—9 кластарда көптеген оку-шылардың оқу үлгерімі төмендейді. Физиологиялық пубертатты жылжуда эмоциональдық өзгерулер ашу-ланшақтық, дөрекілік, тұйықтық ретінде боладьк)
Айырмасы неде? Ауру балалардың сабақпен шұғыл-данғанына қарамастан оқуы төмендеп, әнімділігінң нашарлауы шизофренияның негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Олар көп отырғанына қарамастан ештеңе өндіре алмайды, ыкыластары нашар, жүйесіз болады. Білімдерін іс жүзіне асыруға тырыспайды. Шұғылданған істері нәтижесіз болады. Шын мәнінде оларда білім болмайды. Бұған қарамастан олардың өз ойлары бойынша білімдері ерекше жоғары. Олардың жүріс-тұрыстары да ерекше. Олар ұсқыны кетіп ешкімге жақыңдамайды.
Эмоцкялар. Қалыпты жағдайда пубертаттық жаста ауру бала өздерінің жақындарына дөрекілік керсетеді. Мүның себебі «мен» деген сезімінің күшеюінен, қалып-ты жағдайда сау балалар дерекілік керсеткенімен кө-біне мейірімді, өте сезімтал болады. Мұндай балаларға әке-шешесі беделді болмаса да, баска біреу, мысалы, оқытушы беделді болады.
Шизофренияда мүлде басқаша. Мұнда эмоцияның төмендеуі жақындарына бағытталған суық дөрекілік, мейірімсіздік ретінде болады. Отбасының қуанышы мен қайғысы ауру адамнан тыс өтеді. «Басқалардың ата анасы» деген сандырақ, дисморфофобия, психикалық анорексия болуы мүмкін.
Бұл түрдің ішінде аурудың жағымды және жағым-сыз ағымы болады. Осы айтылған бұзылушылықтар аурудың алғашқы мерзімінде болады. Біраз уакыттан соң (бірнеше айдан, жылдан соң) психоздың манифес-тациялық мерзімі білінеді. Бұл эмоцияның бұзылуы (депрессия не маниялар), жүйеленбеген сандырақ ой-лар (ізіне түсу, уландыру, физикалық әрекет), елестеу-шіліктер, (жиі жалған елестеушілік), психикалық авто-матизм үлкен психоз ретінде білінеді. Герефреникалық белгілер (ақымақтық қозу суреттері), ступор мен қозу сияқты кататониялық кәріністер жоғарыдағы айтыл-ғандарға қосылады. Емдеудің арқасында белгілердің қарқыны төмендейді, бірақ біржола аурудан айығып кетпейді. Бір-бір жарым жылдан соң процесс калыпта-сып, ақырғы жағдай болып, кейбір психикалық бұзы-лулар сақталып (жекеленген сандырақ ойлар, елестеу-шіліктер), ақылдың кемістігі дамиды. Емдеу жаксы нәтиже бермейді.
Параноидты шизофрения
Аурудың бұл түрі үнемі ағымды, 25-тен кейін, кейде 30—35 жастағы және одан да үлкенірек адамдарда бо-лады. Бұл жағдайда шизофренияның нақты белгілерінің бірі сандырақ аурудың барлық мерзімдерінде басым болады.
Параноидты шизофрения жайлап басталады. Ауру-дың алғашқы кезеңінде жабысқақтық (невроз тәрізді) және психопатия тәрізді патологиялық бұзылу орын алады. Бұл мезгілде ауру адамдар ешкімге сенбейтін, жабырқаңқы, айналадағыға назары тарылып, ойлауы-ныц бір ойдан екінші ойға ауысуы қиындайды (ригидті болады). Аурулар өздерімен өздері болып, эмоциялары нашарлайды. Невроз тәрізді бастауда жабысқақ құбы-лыстар болуы мүмкін. Психопатия тәрізді басталуда отбасы мен жұмыста сиыспаушылық, ұрысқақтық пай-да болады. Олар бір жұмыста тұрақтамай, семьялары-нан ажырасады. Осы кезде қарым-қатынастық, қызға-нушылық сандырақ ойлар білінеді.
Бастапқы кезеннің ұзақтығы 5—6 жылдан 20 жылға дейін. Бұл кезде ауру адамдар психиатр көзіне туспей-Ді.
Аурудың манифестациясы сандырақ қайғылар ре-тінде білінеді. Алдымен паранойяльды кезецде парано-йяльды белгі дамып, елестеушіліксіз жүйеленген түсін-дірмелі сандырақ болып, психикалық автоматизм құбы-лыстары болмайды. Маңызы жағынан сандырақтар ізіне түсу, қызғаншақтық, ойлап тапқыштық, реформа-торлық, махаббаттық және делсалдық болады. Мүндай сандырақ ойлар кейде шын болып көрінуі мүмкін («әйелім опасыз», «жұмыста одан құтылғыеы келеді», «көршілер қуып шыққысы келеді», «ол — ерекше өнер-тапқыш»). Сандырақ ойлар абсурдты болмай, өмір жағдайлары мен дауды бұрмаланған түрінде бейнелей-ді. Психоздың дамуы біртіндеп, бірнеше жылға созы-лады. Ауру адам өте белсенді болып, көптеген газеттер мен үкімет орындарына хаттар арқылы хабарласып, олардың алдына талап қояды. Кәптеген жылдар еткен соң бұл белсенділік тәмендейді.
Егер ауру кептеген жылдар бойы бір деңгейде бол-са, онда аурудың ерекше түрі паранойяльды шизофре-ния туралы айтады. Бірақ прогредиентті параноидты шизофренияға қысқа мерзімді паранойяльды кезең тән. Мәні жағынан ізіне түсу, қарым-қатынас пен улану сандырағы жиі болады. Кейінірек (бірнеше аптадан, айдан, жылдан кейін) паранойяльды белгінің орнына параноидты белгі келеді. Бұл жағдайда жалған елес-теушілігі, психикалық автоматизм құбылыстары бар физикалық және психикалық әрекеттердің сандырағы пайда болады. Басқаша айтқанда Кандинский — Кле-рамбо белгісі дамиды. Ауру адамдар олардың ойлары сезімдері басқаның әрекетімен баскарылады дейді. Олар бастарында дыбыстарды естиді. Бұл кезде адамның жеке басы тұрпайы түрде езге-ріп, әлеуметтік жағдайға бейімсіздегі айқын білінеді.
Паранойяльды параноидты кезеңдерден кейін пара-ноидты шизофренияныц парафренді кезеңі болады. Мұнда сандырақ қияли түрде өзгереді. Ауру адамдар өздерін кәдімгідей емес, барлық әлемге әсер ететін құ-діретті, сиқырлы қабілеті бар ұлы адамдардай санайды. Бұл кезде жалған елестеушілік пен психикалық авто-матизмніц басқа белгілері сақталады. Аурудыц көріні-сінде елестеушілік пен жалған елестеушілік басым бол-ғанда параноидты шизофренияның елестеушілік түрі туралы айтады. Ауру адамдар дауыстарды басында және сырттан естиді, олар осы дауыстармен және өзде-рімен әздері сөйлеседі, дауыстардың болуын басқалар-дан жасырады. Қазіргі кезде емдеудің арқасында ауру
/ Баяу ағымды (аз прогредиентті) шизофренияда нев-
роз және психопатия тәрізді бұзылулар аурудыц көрі-нісінде басым болып, біртіндеп дамиды. Аурудың бұл түрінде жеке адамда шизофрениялық өзгерістер бол-ғанымен, олар біртіндеп дамып, үнемі ағымды қатерлі прогредиентті (параноидты) шизофренияға тән терең дәрежелерге жетпейді. Сандырақ ойлар мен елестеуші-ліктер не мүлде болмайды, не жұрнақ түрінде білінеді. Невроз тәрізді шизофренияның баяу түріндегі ауру-дың көрінісіцде жабысқақ үрейлер, құшта,рлык, ойлар мен әрекеттер, ырымдар (ритуал) басым болады. Ырым-дар біртекті, ұзақ және өзгермейтін болады. Мұнан басқа жеке адамныц шизофрениялық ерекшеліктері аутизм, боямалылық, эмоцияның солғындануы, ойлау-дың бұзылуы ретінде білінеді. Шизофренияның баяу ағымды түрінде истерия тәрізді және ипохондриялық көріністер болуы мүмкін. Аурудың ағымы солғын бол-ғандықтан шизофрениялық кемістік біртіндеп білінеді. Баяу ағымды шизофрения психопатия тәрізді бұзылу-лар ретінде өтеді. Шизофренияның бұл түрі жиі жас-өспірім кезінде басталып, алдымен мінез-қүлықтың бұзылуы ретінде білінеді. Мінез-құлықтағы қиыншы-лықтар алдыцғы қатарға шығады. Олардыц тәртібі нашар, тыңдамайтын, үйден және мектептен қацғырып кететін болады. Алдымен бұл сыртқы себептерге (жаза-лау, дау) байланысты болуы мүмкін. Артынан тәртіп-тіц ауытқуы шын себептермен байланысын жоғалтады. Отбасы мен мектепке бейімделмеу орын алады. Жас-еспірімдер үлкендердің бақылауынан шығады. Олар ерсі киініп, өмірін ойын-тоймен өткізеді. Әлеуметсіз қауымдарға тартылып, ұрлау және одан да ауыр (біреуді себепсіз өлтіруге дейін) қылмыстар жасайды. Жиі ток-симаниялық заттарды, алкогольды, наркотиктерді пай-далануға үйренеді.
Психопатия және басқа шекаралық бұзылулардап ерекше (жеке адамның патологиялық дамуы), оларда біртіндеп эмоцияның салқындығы, әлеуметтік бейім-делмеуге байланысты ойлаудың бұзылуы сияқты ши-зофрениялық өзгерістер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |