Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі


Мақсаты - 3 м арақашықтағы көлбеу қойылған нысанаға заттарды лақтыруға үйрету. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық алу»



бет34/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Мақсаты - 3 м арақашықтағы көлбеу қойылған нысанаға заттарды лақтыруға үйрету.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық алу».
Шашырап жүреді, жүгіреді, педагогтің бұйрығымен жерден асықтарды алады.
«Асық лақтыру» – дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, көлбеу қойылған нысанаға асықтарды лақтыру (арақашықтығы – 3 метр)
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінен сәл ашық қойылады, оң аяқты арт жаққа жіберу, оң қол шынтақтан бүгіліп, кеуде тұсында. Асықты лақтырғанда оң қол төмен түсіріліп, төмен, артқа жіберіледі. Асықты қолды алдыға созып, сонан соң жоғары көтеріп лақтырады

Дене шынықтыру
Міндеті: - Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау
Мақсаты - Әртүрлі бағытта бір аяқпен секіре білу шеберліктерін (машықтарын)
жетілдіру, табанның алдыңғы жағымен таянып итерілулерін бекіту.
«Терек» (Қырғыз халқының ойыны).
Жүргізуші сайлайды. Ол – «терек». Жүргізуші шеңбер ортасында тұрады. Ойыншылар шеңбер бойында тұрып, түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. «Терек!» дегенде, жылдам орындарын ауыстырады. Жүргізуші бос орынның біреуіне жылдам тұруға тырысады. Орынсыз қалған бала жүргізуші болады. Ойында бірде-бір рет орнын бермеген бала жеңімпаз атанады.

«Ырғып секіру» (Татар халқының ойыны) (3 рет)


Әртүрлі бағытта бір аяқпен секіру. Ойыншылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Жүргізуші: «Ырғып секір!» дегенде, ойыншылар жылдам бір аяқтарымен секіріп, орындарын ауыстырады. Жүргізуші де бір аяғымен секіріп, олардың біреуінің орнына тұрып алуға тырысады.

Музыка
Міндеті: - Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгертуге үйрету
Мақсаты Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулардан қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету


Музыка тыңдау:
«Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев)
Ән айту:
Ақша қар» (Е. Өміров)
«Шырша әні» (К. Қуатбаев)
Музыкалық-ырғақтық қимылдар:
«Сағат» (Е. Андосов)
Билер:
«Ұлпақарлар биі»
(«Вальс» П. Чайковский үнтаспада,
«Билеп үйренейік» жинағынан)
Музыкалық аспапта ойнау:
«Полька» (А. Филиппенко)
























































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет