Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет35/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Серуен

Қар жауып тұрған құбылысты бақылау
Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.
Тақпақ :
Есік алды тайғанақ жата берсін.
Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,
Шыға беріп жалтақтай,
Ұшып түсті қалпақтай.
Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.
Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді. (қар) Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Қырауды бақылау
Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.
Болжам:
Ағашқа қырау түссе, аяз болады.
Тұман болса, күн жылынады.
Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.
Жұмбақ:
Қант сияқты ақ,
Ұлпа боп жерде жатады. (қар)
Қимылды ойын: «Суықторғайлар»
Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.
Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.

Мұз сүңгісін бақылау
Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.
Сұрақтар:
Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?
Ол қандай? (Сәбіз сияқты)
Сүмелек мұз қай жерде, пайда болады?
Күнгей жақта ма, әлде көлеңке жақта ма?
Тақпақ :
Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,
Қыстың өзі жасағандай бізді ойлап,
Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,
Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап. Мұзафар Әлімбаев
Қимылды ойын: «Үйсіз қалған қоян»
Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.
Еңбек: «Мұз жерлерге құм себу»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет