Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет36/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Қайың ағашын бақылау
Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.
Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.
Тапсырма:ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға ағаш суреттері таратылады.
Тақпақ:
Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың кеп сәлемі.
Жұмбақ: Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)
Қимылды ойын: «Апандағы аю»
Мақсаты: зеректікке, ептілікке баулу.
Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Терезедегі өрнектерді бақылау
Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектердің қалай пайда болғаны жайында түсінік беру.
Тапсырма: трафареттің көмегімен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.
Тақпақ:
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта атырап
Іздерінен қар ұшып
Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.
Жорамал: қыс аязды болса – жаз ыстық болады.
Жұмбақ:
Отта жанбайды
Суда батпайды. ( Мұз)
Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»
Мақсаты: оңды – солды жалтақтап қарай жүгіруге жаттығу.
Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Балаларды үйге қайтару

Ата –аналарға кеңес
Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет