|
Қоршаған орта
Міндеті: Өз құрдастарын тарта отырып, ұлттық ойындар ойнау
Мақсаты—ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру
-Балалар ,татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
-Татулық-достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір-бірін тыңдайды,ойыншықтармен бөліседі,ренжіспейді,тату-тәтті ойнайды. Сондықтан достық татулықтан басталады.
-Бүгін біз бірігіп «Хан талапай» асық ойынын ойнаймыз.
|
Математика негіздері
Міндеті: -заттардың салмағын өлшемі бойынша анықтауды үйрету; заттың салмағы оның өлшеміне байланысты емес, деген ұғым беру
Мақсаты : салмағына қарай тең және тең емес заттар туралы білігін қалыптастыру
«Ауыр – жеңіл», «бірдей» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға сыныпта бар заттарды қолға қойып, салыстырып, заттардың қайсысы жеңілірек, қайсысы ауырлау екенін салыстырып білуді ұсынады: кітап және қарындаш, тас және қағаз парағы, текше және кесек, әуе шары және футбол добы, моншақ және шеге, шеге және дән және т.с.с.
Сондай-ақ салмағы бірдей жұптарды анықтауды ұсынады. «Өлшеу» бойынша жұптық жұмыс. Балалар тапсырманы орындайды.Тексерген кезде жұптардың әрқайсысы өз жауабын түсіндіреді
|
|