Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет21/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Серуен

Судың қатқанын бақылау
Мақсаты: судың құрамымен таныстыру,табиғатта пайда болатын құбылыстар туралы түсінік беру.
Тәрбиеші қатқақ суға балалардың назарын аударады. Олар қайдан пайда болды?
Болжамдар: желтоқсанда қар көп болса- сол жылы егін мол болады.
Тақпақ:
Қар жатыр аппақ
Ойнауға жақсы-ақ
Осындай шақта
Кім үйде жатпақ?
Жұмбақ:Қолы жоқ сурет салады,
Аузы жоқ тістеп алады. (Аяз)
Қозғалмалы ойын: «Кімдікі алыс».
Мақсаты: Икемділігін, күшін дамыту.
Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Тоғайларды бақылау
Мақсаты: Қыстағы өсімдіктердің тіршілігін, келбетін бақылауға, сипаттауға үйрету. Ағаштардың айырмашылығын, ұқсастықтарын ажырата білуге, көлеңкесіне қарап тоғайларды ажыратуды үйрету;
Тоғайлар мен бұтарларға қараңдаршы. Ең әдемі тоғай немесе бұтаны тауып, оны сипаттайық. Қыста тоғайлар тыныштық күйде болады, яғни ұйықтайды. Тоғайдың түбіне, бұтақтарына, құрылысына, түсіне қарап, бақылау жүргізу.
Болжам: қар ағашқа жабысса – жылы болады.
Мақал- мәтел: «Бір тал кессең – он тал ек»
Тақпақ:
Қазақ жері –сәніміз
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз.
Қозғалмалы ойындар: «Қояндар мен аю»
Еңбек: Тоғайларды қармен жабу.

Ағаштар мен бұтақтарды бақылау
Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету.
Жапырақсыз қалған өсімдікке назар аудару. Әсіресе қысты күні ағаштар мен бұталардың айырмашылығын жақсы көруге болатындығы туралы түсінік беру.
Өсімдіктердің бір біріне ұқсастығы мен ерекшеліктерін табыңдар. Ауладан өздеріңе таныс өсімдікті тауып, атын атаңдар. Қастарына жақындап барып, қолдарыңмен ұстап сипаттап беріңдер.
Болжам: қыста қар қалың болса, жазда егістік мол болады.
Мақал-мәтел: Аяз мықты болса, мұрның қызарады.
Тақпақ: «Қарағай»
Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Кең құшағын ашады,
Көлеңкесін тосады
Көп қарағай,қарағай
Мейірбанды анадай.
Қозғалмалы ойын: «Аңшы және қояндар»
Еңбек әрекеті: Тал түбі мен бұталардың түбіне қарларды үйіп жинау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет