Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар. Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою. Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды кезек жоғары-артқа көтеру.
ЖДЖ
«Алға, жоғары, шетке» жаттығуы
Жалпы дамытушы жаттығулар
«Аттар»
Қимыл-қозғалыс ойындар
Тыныс алу жаттығулары
|
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы:
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу. Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу; артқы жағынан қолды айқастырып көтеру; қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу. Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею.
Музыка ырғағымен жеңіл жүгіру
Доппен ЖДЖ
«Қолды жоғар көтер» жаттығуы
«Қолды ауыстыра отырып, гимнастикалық орындық үстімен допты домалату» жаттығуы
«Шығыршыққа дәлде» ойыны
Негізгі қимылдар
Тыныс алу жаттығуы
Қимыл-қозғалысы аз ойындар
|
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы:
Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).
Өздігінен жүру, шеңберге тұру
«Күштілер» жаттығуы
ЖДЖ
Қимыл-қозғалыс ойындары:
«Күміс алу» ойыны
Тыныс алу жаттығуы: «Балапандар» жаттығуы
Қимыл-қозғалысы аз ойындар
|