Балалардың үйіне қайтуы
|
Жабдықты тазалау, іс-әрекетке дайындық, жобалық жұмыс, семинарға дайындық,
педагогикалық кеңес, ата-аналарға арналған бұрыштарда ақпарат дайындау, бақылау, балалардың іс-әрекеті.
|
Дене шынықтыру пән мұғалімі: Абдужамилов Қ.К Әдіскер:Талдыбаева Ж
Тәрбиелеу - білім беру процесінің дене шынықтыру пәні бойынша циклограммасы
Білім беру ұйымы: «Әдемі» бөбекжай балабақшасы
Топ: «Айгөлек» мектепалды тобы
Балалардың жасы: 5 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі : қазан айы, 2022-2023 оқу жылы (4 апта)
Күн тәртібі
|
Дүйсенбі
24.10.2022
|
Сейсенбі
25.10.2022
|
Сәрсенбі
26.10.2022
|
Бейсенбі
27.10.2022
|
Жұма
28.10.2022
|
Таңғы жаттығуға дайындық
|
Таңғы жаттығуға дайындық
|
Таңертенгі жаттығу
|
Қазан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
|
(демалыс)
|
(демалыс)
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы: Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру; скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру, арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып, кедір-бұдыр тақтай, гимнастикалық скамейка бойымен жүру; гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу.
ЖДЖ
«Зырылдауық» жаттығуы
«Тізені шапалақтау» жаттығуы
«Созыл» жаттығуы
«Сағаттың тілі» жаттығуы
«Сәл отырайық, тұрайық» жаттығуы
Негізгі қимылдар
Тыныс алу жаттығуы: «Балапандар» жаттығуы
Қимыл-қозғалысы аз ойындар
|
|
Дене шынықтыру
Тақырыбы: Жүгіру: шашырап, жұппен, қатармен бір-бірден, екеуден, үшеуден тізені жоғары көтеріп жүгіру; бір сызыққа қойылған заттардың арасымен, кедергілердің арасымен өту арқылы "жыланша" жүгіру, кедергілерден өту арқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру; жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықта жүгіру; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 метр) жүгіру.
ЖДЖ
«Күштілер» жаттығуы
Негізгі қимылдар
Қимыл-қозғалыс ойындары:
«Құстардың келуі», «Кім жақсы секіреді?» ойыны
Тыныс алу жаттығуы: «Балапандар» жаттығуы
Қимыл-қозғалысы аз ойындар
|
Серуен
|
Балалардың серуендегі қозғалыс белсенділігін бақылау, ашық ойындарды бекіту, жаңа және аз қозғалатын балалармен негізгі қимылдарды дамыту бойынша жеке жұмыс.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |