Балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету – тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау. 60 пен бірдей жауабы


 Онтогенездегі интонацияның дамуы



бет2/6
Дата23.11.2023
өлшемі37,55 Kb.
#125178
1   2   3   4   5   6
16. 16. Онтогенездегі интонацияның дамуы
Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс: 

  1. Мелодия

  2. Ритм

  3. Темп

  4. Қарқындылық

  5. Тембр

  6. Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі. Ғалымдар интонацияны дыбыстан бұрын пайда болған деп есептейді [9, 105].

  7. «Интонацияның адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Мысалы, бесіктегі сәбилер алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз мағына- сын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға бастайды, соған сәйкес әрекет жасайды. Оған біреу қатты сөйлесе, иегін кемсеңдетіп жылай бастайды, ал енді біреу жағымды дауыспен«агу-агу», «кіш-кіш» десе және сол сияқты анасының еркелеткен сөздерін естіп, олардың мағынасын ұқпаса да, көздерін жаутаңдатып, езу тартып күледі» [9, 105]. Интонация сөйлеу мазмұнымен тығыз байланысты. Үннің жоғары/төмен шығуының, сөздің жылдам/баяу айтылуының үлкен мәні бар. Төмендегі мысалдардан дауыстың түрліше құбылуының тілдік құралдар арқылы бейнеленуін, олардың адам эмоциясын білдірудегі қызметін байқауға болады

17. Артикуляциялық аппараттында кездесетін әр түрлі ақаулықтар
Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті. Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық мүшелерінің жұмысы. Артикуляциялық аппараттың ақаулары (бұзылыстары).
Артикуляциялық аппараттың құрылысында туа біткен немесе ерте (7 жасқа дейін) жаста пайда болған кезкелген бұзылыстар баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Артикуляциялық аппаратында кешірек пайда болған кемістіктер әдетте күрделі кемістіктерге соқтырмайды, бірақ ауызша сөйлеу тілінің жеке сипатына және сапасына маңызды әсерін тигізеді.Артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлері.Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады.Жарық – таңдайдағы туа біткен саңылау. Жарықтар жұмсақ және қатты таңдайдың және олардың альвеолярлы өскінінің жырығы; үстіңгі еріннің жарығы бөліп бөлінеді. Жарықтың салдарынан ринолалия және ринофония пайда болады, еріндік-тістік дыбыстардың артикуляциясы қиындайды немесе бұзылады. Тістену (ортогнатия) - астыңғы және үстінгі тістердің бірігіп тұрғанындағы жақ сүйектердің қабысуы (4А сурет).Қалыпты жағдайда үстіңгі тістер біршама алға жылжып тұрады.
18.Интонациялық құрылымдарға сипаттама беріңіздер
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.1. Мелодия (гр. melodіa – ән, әуен) – белгілі бір көркем ойды бейнелейтін, ырғағы мен ладтық-интонациялық жағынан жүйеге келтірілген дыбыстар тізбегі. 2. Темп- термоэлектрлік қозғалыс күшінің пайда болуынан қандай да бір параметр немесе көріністің өзгеру жылдамдығы.[1]
3.Қарқындылық'> Қарқындылық (орыс. интенсивность (лат.intensio - қарқын)) — дыбысты, әсіресе дауысты дыбысты, айтуда өкпеден шығатын фонациялық ауаның күшеюі мен солғындау дәрежесі. Қарқындылық — бір шаманың күшейтілген, үдемелі шамасы. Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Ырғақ, ритм (грек. rhythmus – үйлесімділік, réo – ағу) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет