Балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету – тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау. 60 пен бірдей жауабы


-5 жаста o Қарапайым пішіндерді бояй алады



бет6/6
Дата23.11.2023
өлшемі37,55 Kb.
#125178
1   2   3   4   5   6
4-5 жаста
o Қарапайым пішіндерді бояй алады.
o Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады.
o Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады.
o Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады.
o Ермексазбен жұмыс жасай алады.
o Бау байлай алады.
5-6 жаста
o Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады.
o Әріптер мен сандарды жаза алады.
o Балғамен шегені ұра алады.
o Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді.
Баулармен ойындар

Сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.
Ермексазбен ойын

Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.
. 27 Логопедиялық жұмыс үрдісінде сөйлеу моторикасын дамыту

Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан, яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуына, кеңістікті бағдарлауға, заттық іс-әрекетті орындауға, өзіне деген сенімдікті нығайтуға көмектеседі.
В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды, яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, соғұрлым қимыл-әрекеті мен белсенділігі де артады.

Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың сөздік қорларын дамытуда, қызығушылықтарын арттыруда ойындарды, тапсырма – жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы «ерекше» балалардың ауыз екі сөйлеуі дамып, қарым-қатынас жасау, еркін де сенімді араласу машығын игереді. Таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ойын түрлері өте көп. Ойындардың бірі – саусақ ойыны. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын аталмыш орталықта және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады

Саусақ жаттығулары: Пассивті: сипау, діріл, уқалау. Активті: дауыстың сүйемелдеуімен (түрлі тақпақпен, көрініспен т.б сүйемелдеу), сүйемелдеусіз болып бөлінеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет