Балаларымызды шетелдіктердің


Көліктің көбеюі салдарынан үлкен қалалардың көпшілігін көк түтін басып қалды. Тіпті еркін



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата15.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#9467
1   2   3   4   5   6

Көліктің көбеюі салдарынан үлкен қалалардың көпшілігін көк түтін басып қалды. Тіпті еркін 

тыныстай алмауға айналдық. Екінің бірі аллергиядан, одан қалса, тыныс жолдары ауруынан ығыр 

болып жүр. Осының бәрі ауаның ластығы мен айналадағы шаң-тозаңнан болып жатқан жоқ па?

Нұралы ЕРСҰЛТАН, Алматы қаласы 

оларға бала беру – қияметтің қайымы. 

Оған та нысың болмаса, бас сұғу мүмкін 

емес, жекеменшік болғаннан соң, бағасы 

да, талаптары  да көңіл көншітпейді. Соны-

мен бірге аталған балабақшалар кез кел-

ген баланы қабылдай беретін болған соң, 

оларды да аралас балабақшалардың қа-

та рына жатқызуға болады. 

Темірхан МЕДЕТБЕК, ақын:

– Мен аралас балабақшаларға тү-

бе гейлі қарсымын. Өз тілімізді мең ге ре 

ал май  жатқанда,  мұндай  ба ла бақ ша-

ларды ашудың не қажеті бар? Қазақ 

мем лекеті болғаннан  кейін, сондай-ақ 

өркениетті елдердің деңгейіне көтерілу 

үшін біз сол өркендеген елдерден көп 

нәр 

сені үйренуіміз керек. Мәселен, 

Гер мания, Францияларда балалар са-

бақ ты тек ана тілінде оқиды. Тіпті әлі 

өр кениетті деңгейге көтерілмеген Өз-

бек стан, Тәжікстан, Түрікменстан елдері 

өз тілдерін барлық жағдайда бірінші 

орынға қояды.  Аралас болған нәрсе 

қойыртпақ болады. Ботқаға май салған 

жақсы, ал бір тамаққа екінші бір та-

мақ ты қосуға болмайды. Тіл де солай, 

та залықты талап етеді. Ол таза болған 

жағ 

дайда ғана мемлекеттік деңгейде 

жұ 

мыс істейді. Оны басқа тілдермен 

ара ластырмау қажет. Тілдің тазалығын 

ба лабақшадан бастау керек. Біз осы ту-

ралы біраздан бері айтып келе жа тыр-

мыз. Бірақ айтқанымыз әлі дұрыс 

орын далып  жатқан  жоқ.  Бас та ға ны-

мыздың өзі дұрыс емес. Әрине, кеңес 

өкі меті тұсында таза қазақ тілінде ба-

Таяуда Алматыда 

«Корея – Орталық 

Азия шығармашылық 

симпозиумы» өтті. Бұл 

мәдени шығармашылық 

байланысты ұйымдастыру 

екі мемлекеттің мәдениет 

министрлері деңгейінде 

шешіліп, тең құқықты 

қарым-қатынаста өту 

жоспарланса да, негізгі 

ұйымдастырушы бізге 

қонаққа келіп жатқан Корея 

Мәдениет, спорт және туризм 

министрлігі болды. 

Футболдан өткен биылғы Әлем чемпионатында Пауль деген сегізаяқтың болжағыштығымен 

тамам жұртты таңғалдырғаны есімізде. Білейін дегенім – хайуанаттар, шынымен де, көріпкелдік 

қасиетке ие ме, әлде мұның бәрі бос сөз бе? 

Айдар ӘБДІҚАДЫР, Түркістан қаласы

Зоолог-ғалымдардың сөзіне сүйенсек, әлемде 

жер сілкінісі, дауыл, топан су іспетті төтенше құ бы-

лыс тардан алдын ала хабар бере алатын, «тірі ба-

ро метр» есебіндегі 600 хайуанат және 400 өсім дік 

бар. Мысалы, Филиппин тұрғындары жа нар таудың 

жуық арада атылатын-атылмайтынын жа байы қа-

бан дар мен маймылдардың іс-әрекетіне қа рап бі-

леді екен. Сол сияқты дауыл жақындап ке ле жат-

қан дай жағдай болса, шағалалар ұшуын тоқ татады, 

кей де тіпті басын құмға тығып жатып ала ды. Екінші 

дүниежүзілік соғыс кезінде бомбаның тасталар сә-

тін болжап, иелерін алдын ала сақтандырған мы-

сық 


тар да болған. Ал Американың Рот-Айленд 

шта тындағы қарттар үйінде өлімді болжайтын мы-

сық бар көрінеді. Ол былайынша ешкімге жа қын-

дамағанымен, жуық арада бақилық болатын адам-

ның жанында сағаттап отыра беруге бар екен. 

Негізі, хайуанаттардың көріпкелдік қасиеті 

шы 

найы факторларға негізделген, яғни олар ат-



мосфералық қысымның өзгерісі мен жердегі титтей 

ауыт 


қулардың өзін адамға қарағанда өте жақсы 

сезінеді.



ДЕРЕК

 Алматыда үш-алты жас 

аралығындағы балалардың 

42 пайызы мектепке дейінгі 

мекемемен қамтылған. Ағымдағы 

жылдың соңына дейін бұл 

көрсеткішті – 48 пайызға, ал 2014 

жылға дейін 70 пайызға жеткізу 

жоспарланып отыр. 

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

Деректерге қарағанда, 2005 жылмен 

са лыстырғанда бүгінгі уақытта Алматыда 

мектепке дейінгі мекемелер саны 20-ға 

артқан. Оның ішінде аралас тілді балабақ-

ша  лар саны – 13, тек қалған жетеуі ғана 

қа зақтілді екен. Мамандардың сөзіне қа-

ра 


 

ғанда, аралас балабақшалар тұрғын-

дар  дың сұранысы мен қажеттілігіне орай 

ашылуда. Яғни тұрғындардың ұлттық, тіл-

дік ерекшеліктері балабақшалардың ара-

лас тілде бой көтеруіне әсер етеді. Бү гінгі 

күні оңтүстік астанамызда 1,5 мил лион-

нан астам азамат тұрады. Оның ба 

сым 

көп шілігі – өзіміздің қаракөздеріміз. Тәу-



бе, балабақша жасындағы қаракөз бүл-

діршіндеріміздің де саны күн санап ар тып 

келеді. Бірақ, өкінішке қарай, олардың 

де ні бүгінде үй баққан кемпір-шалдардың 

немесе жалдамалы тәрбиелеушілердің 

қо лында жүр. Себебі – Алматы қаласында 

балабақша саны жеткіліксіз. Ал қазақтілді 

балабақшалардың саны мүлдем аз. Олай 

болса, өз баласына ана тілін, туған әде-

бие 


тін, салт-дәстүрін үйретемін дейтін 

ата-аналардың сұранысы мен қажеттілігін 

кім ақтайды? Статистика мәліметтеріне сү-

йен сек, ағымдағы жылы оңтүстік ас та на-

мыз да жеті жекеменшік балабақша салы-

нып ты. Ата-аналардың сөзіне қарағанда, 



Аманкелді МҰҚАН, 

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театртану бөлімінің 

меңгерушісі, өнертану кандидаты, театртанушы

ҚЫЖЫЛ

Қазіргі уақытта біздің рухани құн дылықтарымызға өзгелердің қызыға 

қа рап, ұлттық дүниелерімізді арнайы іздеп ке луі – қуанарлық жайт. Осы 

орайда  кә ріс тер дің  қазақы  дүниетанымдағы  фоль кло ры мызды  аударуы, 

ауыз  әде бие ті міз дің  үздік  үлгілеріне  деген  қы зы ғу шы лы ғы ның  зор 

екендігі қуантты. Симпозиум ба ры сында кореялықтардың «Қыз Жі бек» 

эпосы негізінде жасаған 16 бөлімнен тұ ратын заманауи киносериалының 

(авторы – Чжу Чхан Ок), спектакльдің (авторы – Чжонг Енг Ук), «Ер Төстік» 

ертегісі (авторы – Ли Син У) негіз болған компьютер ойынының жо ба сы 

назарға ұсынылды. Алдағы уақытта бұл жобалар қалың көрерменге жол 

тарт пақ. Алайда жыр, қисса, дастан да рымыз бен ертегі-аңыздарымызды 

өзі міздің кино мен мультфильмге айналдыра ал май отырғандығымыз 

қынжылтады.

Бұл симпозиумнің көңілге қоныңқырамаған тұсы – 

мұндай жоғары деңгейдегі шараны өткізуге Қазақстан 

жағынан тек М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институты мамандарының ғана атсалысуы болды. Басқа 

ресми мекемелермен әдебиет пен киноның өзге де 

білгірлерінің бұл шараға қатысы жоқтай сырт қалғаны 

қайран қалдырды. 

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ



Аққуға айналған

 Бегім ана

Күндердің күнінде Санжар хан доста-

ры 

мен аң аулауға шығып кетеді. Жол 



да 

аңға салар бүркітінің басындағы томағасы 

жоқ екенін көреді. Сол үшін қасында жүр-

ген әскердің бірін үйіне жұмсайды. Әлгі 

адам Бегім сұлуды көргенде ақыл-естен 

айы  рылып қалады. Ол үшінші күн дегенде 

әрең есін жинайды. Дереу келген ізімен 

ке 


 

рі қайтады. Жұмсаған адамы барлық 

шын  дықты айтпайды. Қайта жалған әң гі-

ме ге ерік береді. Өзін Бегім сұлудың кі-

дірт  кенін жеткізеді. Тұла бойында тұтанған 

қыз ғаныштан Санжар кері қайтады. Еш те-

ңе 

ге қарайтын түрі жоқ. Бегім сұлудың 



айт қа ны на құлақ та аспайды. Ол ашумен 

Бегім сұ лудың қолы мен бұрымын кесіп 

тас тай ды. 

Бұл жайсыз хабар шалғайда жатқан 

Қа рабура әулиенің құлағына жетеді. Көп 

ұза 


май ол кісі қызына келеді. Алдынан 

Сан жар хан шығады. Оған атақты әулие 

өзінің болжамын айтқан. «Егер менің қы-

зым кінәсіз болса, қазір оның қолы мен 

бұ  рымы қайтадан орнына келеді» дейді. 

Айт са айтқандай, қы зын алып келгенде, 

бар лығы да өз ор нын д а тұр екен. 

Санжар ханның әйелінің кінәсіз екеніне 

көзі толық жетеді. Бі рақ барлығы да кеш 

еді. Қанша жерден ке шірім сұрағанмен, 

Бегім сұлу илікпейді. Аққу құсына 

айналып, көк 

ке көтеріліп жү 

ре берді. 

Санжар оның ар 

тынан қалмай, қай 

та 

оралуын сұрайды. Алай да аққу бей не сіне 



айналған әйе 

лі оған  қайырыл 

май 

ды. 


Көкте  біраз  сам ғап,  те ңіз  жа ға ла уына 

құлайды. Сол жерден кейін 

нен мұ 

на 


ра 

бой көтереді. 

Қызының қазасынан кейін Қарабура 

әу 


лие 

нің жүрегі қайғыға толады. Оның 

осы на 

разылығы салдарынан шаһар да 



көп ұза 

май өмір сүруін тоқтатты. Дария 

суы нан  Жан кент  жермен-жексен  қирай-

ды. Онда жы ландар мекен етеді. 

Көнекөздердің айтуынша, сол ордалы 

жыландар күні кешеге дейін болған екен. 

Осы маңдағы елді мекендерде олар жиі 

бой көрсетіп тұрыпты.

Мұнара Арал және Қазалы ауданда-

рының ортасында орналасқан. Оған Қа за-

лы арқылы барғандар онша жол қиын ды-

ғын көре қоймайды. Ал Арал жақ тан қа-

ты нау  қиындау. 

Бұл ескерткішке ер-азаматтардың ба-

руы да оңай емес екен. Жолға шыққан 

адам 


 

 

дарға түрлі жағдайлар кедергі бо-



латын көрінеді. Бірде көлік бұзылып қал -

са, тағы бірде басқа жағдай орын ала ды. 

Әй теуір, түрлі оқиғалар кездесіп қа ла ды. 

Әділжан ҮМБЕТ, 

Қызылорда облысы

Басы 1-бетте

салып, биыл біз, міне, ол санның 20-ға 

жететінін мақтанышпен айта аламыз. 

Ки нопрокат та дұрыс жолға қойылып, 

елімізде кино өндірісі қарқынды да-

мып келеді. Сондықтан тек Алматы мен 

Астана қалаларында ғана емес, өз 

ге 

де өңірлерде, мәселен Ақмола об лы-

сын 

да, Ақтау қалаларында, жаңа 

дан 

фес 

тивальдардың бас көтеруі заң-

ды 

лық. Биыл жазда Астанада өткен 

No 

mad кинофестиваліне әйгілі ре-

жис сер Тимур Бекмамбетовтің келгені 

ес теріңізде болар, ал енді, міне, «Еу ра-

зияға» да кезек келді. 

Гүлнар ӘБІКЕЕВА, 

арт-директор: 

– Фестиваль бойынша биылғы 

жыл 

 

ғы бір ауыз толтырып айтарлық 

жетістік – шекарамыздың кеңеюі. Се-

бе бі бұған дейін Орта Азия мен түркі 

ел дері ғана қатысып қана келген бай-

қау ға енді Әзірбайжан, Татарстан се-

кіл 

ді елдер де қосылды. Осылайша 

жыл санап, біз, түркі елдері біріміздің 

өне рімізді біріміз танып, өзара бай ла-

ныс ты нығайтып келеміз. 

Бір күдік, бір үміт: Дегенмен, бір қы-

зығы, бұл баспасөз мәслихатында ұйым-

дас тырушылар фестивальға қандай қазақ 

ки нофильмдері  қатыстырылатынын,  ше-

тел дерден келетін қонақтарды, тіпті әділ 

қазылар алқасын да құпиялап айтпай 

қойды. Журналистер жан-жақтан сұрақ 

қойып, қанша суыртпақтап қоймай 

қойсақ та, бұл жөнінде бірде-бір мәлімет 

ала алмадық. Сондықтан «олай болса, 

бізді неге жинады?» деген наразы сұрақ 

та қылаң берді. Оған Ермек Аманшаев: 

«Соңғы кездері қоғамда «бұл фестиваль 

бола ма, болмай ма?» деген сауал туып 

жүрген. Сондықтан біз биыл оның бо ла-

тындығын, Алматыда өтетіндігін рес 

ми 

түрде жариялау үшін өздеріңізді ша қыр-



дық. Осының өзі де, меніңше, үлкен оқи ға» 

деп жауап берді. Сондай-ақ арт-директор 

Гүлнар Әбікеева да осы тұс 

та: «Жылда 

Вандамм бар ма, әйтеуір, ше тел діктерді 

ша қырып, жұлдыздар жү ре тін қызыл кі-

лем де солар жүрсе, биыл шү кірлік, онда 

өзіміздің соңғы жылдары тү  сірілген үздік 

қазақ кинолары арқылы та нылған Берік 

Айтжанов, Ән уар Нұрпейісов, Әсел Са ға-

това, Санжар Мә диев, Қарлығаш Мұ ха-

мед жанова, Арыс тан Мырзагереев сынды 

жас актерлеріміз жүрмек», – деп қосты. 

Мәриям ӘБСАТТАР

Бүгінгі таңда елімізде 

Бүгінгі таңда елімізде 

жылына 15-тен аса 

жылына 15-тен аса 

кинотуынды түсіріледі. 

кинотуынды түсіріледі. 

Бұдан да маңыздысы – олар 

Бұдан да маңыздысы – олар 

түгел дерлік прокатқа түсіп, 

түгел дерлік прокатқа түсіп, 

көрерменге жол тартады. 

көрерменге жол тартады. 

Мысалы, 2009 жылы 

Мысалы, 2009 жылы 

еліміздің кинотеатрларында 

еліміздің кинотеатрларында 

11 отандық фильм 

11 отандық фильм 

көрсетілген, ал кинотеатрда 

көрсетілген, ал кинотеатрда 

көрсетілмей қалғандары 

көрсетілмей қалғандары 

DVD дискілерінде шыққан. 

DVD дискілерінде шыққан. 

 СТОП

-КАДР

 СТОП-КАДР


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (378) 4.09.2010 жыл, сенбі                  



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Тырнақтардың арасының ашылып, 

өздігі нен түсуінің себебі көп. Ең алды-

мен, адамның денсаулық жағдайына 

байланысты. Дәлірек айтқанда, ол 

ағза дағы ас қорыту жүйесінің жұмысы 

мен қан айналымының бұзылуынан, 

түрлі стрестер мен қажудан болады. 

Әрі үй шаруасында резина қолғапты 

пайдаланбаудың соңы да осындай 

салдарға әкеп соқтыратыны белгілі. 

Сол себепті тырнағыңыз дұрыс өсуі 

үшін аптасына екі-үш рет теңіз қырық-

қабаты, грек жаңғағы мен бал сияқты 

йодқа бай тағамдар мен құрамында В 

дәрумені бар азық-түлік өнімдерін тұ-

тын ғаныңыз абзал. Кепкен өрік, алма, 

қара өрік, банан жемістері орга низмді 

калий жетіспеушілігінен қорғайды. 

Косметологтердің айтуынша, ұйқыға 

жатар алдында қолға арналған түрлі 

иісмайларды жағып, тырнақтың қабат-

танған жерлерін егеуіш пен егеп отыру 

қажет. Сонда тырнағыңыз екінші қайта-

ра қабаттанбайды. 

Соңғы кездері тырнақтарымның арасы қабаттанып ашылып, өздігінен 

түсіп қалатын болды. Оның себебі неде және қалай құтылуға болады?

Әйгерім НҰРҚАЛИЕВА, Алматы қаласы

Тырнақты қабаттанудан қалай сақтайды?

ДАТ!

Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ,  «Астана-СК» корпоративті 

қорының бас директоры, балуан: 

– Сіз бұрын боз кілемде ел 

намысын қорғап, даңқты балуан 

атандыңыз, одан соң ел 

спортының тізгінін ұстап, басшы 

болдыңыз. Қазір халықаралық 

ұйымда (FILA-да) туған елдің 

мүддесін ойлайтын спорт 

қайраткерісіз. Қайсысы қиын, 

қайсысының жүгі ауыр?

– Мен ешқайсысын да бөле-жара ата-

мас едім. Жіктеп, жіліктеп шыққым кел-

мей  ді. Өйткені мені осылардың бәрімен 

бір ғана сезім тығыз байланыстырады. Ол 

– спортқа деген шексіз сүйіспеншілік. Бұл 

– әкемнің тәрбиесімен дарыған айнымас 

сезім. Ол қанымда бар. Бүгінде бір сағат 

тұрмақ, бір минут уақытымды спортсыз 

өткізе алмаймын. Спорттан мүлде кете 

алмаймын. «Кетемін!» деп бірнеше рет 

ойла  сам да, шешсем де, кете алмадым. Ол 

қолым 

нан келмеді. Бүгінде Қазақстан 



спортшыларының әр жеңісіне қуанып, әр 

жетістігіне марқайып жүріп жатқан жайым 

бар. Жасырмаймын, әсіресе балуандардың 

аяқ алысына жіті көз тігіп, боз кілемді жа-

ғалап жүремін. Олардың әрбір ерен жетіс-

тігі еліміздің абыройын, беделін өсіреді. 

Қазақтың қайратты ұлт екенін паш ету – 

бұл. Боз кілемнен кетсем де, ел спортының 

абыройын өсіру мақсатында тырысып ең-

бек етіп жатырмын. Осы мақсатта Халықа-

ралық күрес федерациясына (FILA-ға) 

бюро мүшесі болып бардым.



– Спорттан кете 

алмайтыныңызды іс жүзінде 

көрсеттіңіз де. Биліктен кетсеңіз 

де, спортты айналшақтап, гандбол 

мен ауыр атлетиканы дамытуға 

күш салып келесіз. Бұл спортқа 

деген махаббат па?

– Иә, махаббат. Егер боз кілем де біздің 

балуанымыз немесе рингте бокс шымыз 

қарсыласын жеңіп жатса, бұл қай қазаққа 

әсер етпейді дейсіз? Бойымызды мақ-

таныш сезімі кернемей ме?! Жалпы, біз 

намысқой халықпыз ғой. Мені спортқа 

же те леген, спортқа үйір қылған – осы на-

мыс. 

– Жақында ҚР күрес түрлері 

федерациясының президенті 

ауысты. Өзіңіз «бұл – қосымша 

қаржы тарту қамымен жасалып 

жатқан іс» дедіңіз... 

– Иә, жақында Ұлттық федерация құ-

ра 

мында өзгерістер болды. Феде 



ра 

ция 


президенті қызметіне Абай Садықов 

ты 


сайладық. Қазір бізде «Самұ рық-Қазына» 

ұлттық әл-ауқат қорымен келіссөздер 

жүргізіліп жатыр. Келісімге келген де секіл-

діміз. Осы келісім толық жүзеге асса, күрес 

түрлері федерациясына қомақты ақша 

бөлінеді. Біздің сұрап отырғанымыз – бір 

жылға 3 миллион доллар, күрестің үш 

түріне. Осы қаражаттың есебінде балуан-

дарымыз қосымша жалақы алатын бола-

ды. Сондай-ақ жаттықтырушыларға да 

еңбекақы төленеді. Үнемі солармен бірге 

жүретін дәрігерлер мен массажшыларға 

да жалақы беріледі. Өйткені олар жеті-

сегіз ай бойы жырақта жүреді. Уақытта-

рының кө бі сін отбасыларынан тыс жаттығу 

жиын дарында өткізеді. Сондықтан олар-

дың еңбегін бағалауымыз керек. Отба сы-

лық жағдайларына алаңдамас үшін жағ-

дай жасағымыз келеді.

– Аға, біз осы шетелдерден 

балуан әкелуді доғарар емеспіз. 

Сіз осыған қалай қарайсыз?

– Шетелден балуан әкелудің пайдасы 

да, зияны да бар. Әрине, өз балуанда ры-

мыздың болғаны жақсы ғой. Бірақ біз 

мұн дай қадамға шекеміз шылқығаннан 

барып отырған жоқпыз. Жоғары деңгейлі 

балуандар тым аз. Мұндай жағдай, негізі-

нен, еркін күресте белең алған. Мысалы, 

еркін күрестегі Марид Муталимов,  Лео-

нид Спиридонов, Таймураз Тигиев сынды 

сырттан әкелген балуандарды өз жігіттері-

міз жеңіп тұрса, онда, сөз жоқ, олардың 

жол дары ашық. Ал егер оларды жыға 

алмаса, онда дүбірлі додаларда неғұрлым 

жоғары жетістікке қол жеткізу үшін шетел-

ден келген балуандарды апарамыз. Апа-

рып жүрміз. Шетелден балуан әкелудің 

пай дасы – біздің жігіттеріміз солармен 

бірге жаттығып, бірге күресіп, шеберлік-

терін шыңдай түседі. Деңгейлері өседі. 

Біраз нәрсені үйренеді. Дәл қазір біздің 

бапкерлеріміз деңгейі жоғары, хас шебер 

балуандар тәрбиелеп шығара алмай жа-

тыр. Бірақ бұл – бір күндік жұмыс емес. 

Алысқа бармай-ақ, тереңге бойламай-ақ, 

еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізгелі бергі 

тарихымызға көз жүгіртсек, Мәулен Ма-

мы ров, Ислам Байрамуков сынды саңлақ-

тарымыз болған. Мен болашақта Мәулен-

дей жігіттеріміз өсіп шығады деп ой лай мын. 

Бұл – жаттықтырушылардың жұмысы. Біз 

ешкімнің жолын жауып, бағын байлап 

жүр ген  жоқпыз.

– Сіз дайын спортшы әкелгенді 

жақсы көресіз бе, жоқ әлде, 

бапкер шақыртқанды қалайсыз 

ба?

– Әрине, білікті бапкер шақыртқанды 

құптаймын. Өзім Қазақстанға әкелген бап-

керлерімнің ішінде ауыр атлетика маманы 

Энвер Туркелеридің шоқтығы бәрінен 

биік. Осы сыралғы бапкердің ерен еңбе-

гінің арқасында Қазақстан ауыр атлеттері 

соңғы әлем чемпионатында төрт алтын 

медаль жеңіп алды. Төрт алтын! Төрт әлем 

чемпионын шығарды! Мұндай жетістікті 

біздің елде қайталайтын бапкер жақын 

арада шыға қоймас. Мен осы бапкермен 

2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада 

ойындарында сөйлесіп, біздің елге шақыр-

ғанмын. Содан бері қанша спортшы лары-

мыздың бағын ашып, бабына келтірді? Бір 

өкініштісі, ол кісінің жасы келіп қалды. 

Бізде қанша жүреді дейсіз... Белгісіз. Сон-

дықтан жанындағы өзіміздің бапкерлер ол 

кісіден өнеге алып, ілімін үйрене берулері 

керек. Ал одан ертеректе Ресейден кезінде 

КСРО құрамасының бас бапкері болған 

Геннадий Сапуновты шақыртқан болатын-

мын. Ол кісі де Қазақстанның грек-рим 

күре 

сінің дамуына сүбелі үлес қосты. 



Әйелдер арасындағы қол добынан әлемде 

Корея ның көші озық екенін білесіздер. 

Мен осы елден де бапкер шақыртып, біраз 

уақыт одан да көп нәрсе сіңіріп алуға ты-

рыс тық. Бізге аймақтардағы (аудан орта-

лықтарын да ғы)  бапкерлердің  біліктілігін 

арттыруға көңіл бөлу керек. Олардың 

бастарын қо сып, оқыту керек. Әлемдегі 

спорттың қай бағытта дамып бара жатқан-

дығын жеткізіп отырған жөн. Оларды өз 

жұмыстарына қызықтыра түсіп, тәжірибе 

жинақтаула ры на ықпал ету қажет. Әрине, 

олардың өздері де ізденіс құшағында бол-

ғаны аб зал. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет