– Спортты ғылыми тұрғыда
дамыту керек деген мәселеге
қалай қарайсыз?
– Ол туралы көп айтылып, көп жазылып
жүр. Бірақ іс жүзінде атқарылып немесе
орындалып жатқаны шамалы. Мысалы,
мен кезінде допингке қарсы зертхананы
іске қосқанмын. Бірақ ол да сол қалпында
тұр. Тек спортшылардан сынақ алып жүр.
Болды. Негізі, ол орталықта ғылыми тәжі-
ри белер жасауға да болады.
– Егер шетелден келген балуан
аса жоғары жетістікке қол
жеткізсе, онда оның бапкері
болып тіркелген жаттықтырушы
да атақ-даңқтан құр
қалмайтындай. Мәселен,
қамшының сабындай қысқа
уақыт ішінде «Қазақстанға еңбек
сіңірген жаттықтырушы» болып
шыға келеді. Осындай атаққа
бапкерлік ғұмырларының
барлығын сарп еткен кейбір
жаттықтырушыларымыз әзер қол
жеткізеді. Айырмашылық жоқ
сияқты...
– Иә, бұл солай. Тіпті шетелден келген
балуан Олимпиада чемпионы болса,
Үкіметтің қаулысы бойынша оның бапке-
ріне де 250 мың АҚШ доллары көлемінде
сыйақы беріледі. Күміс медаль алса,
жаттықтырушысы 150 мың доллар алады.
Осылай 6-орынға дейін. Сонымен қатар
Күрес федерациясы да алтын алған ба луа н-
ға 100 мың доллар сыйақы таға йын дап
отыр.
– Сіз Қазақстан күрес түрлері
федерациясының кеңейтілген
жиынында «балуандарымыздың
намазға жығылуы олардың
жоғары нәтижеге қол жеткізуге
кері әсерін тигізіп отыр» дегенге
саятын сөздер айттыңыз. Сонда
балуандарымыздың бес уақыт
намаз оқуларын хош көрмейсіз
бе?
– Жүктемесі ауыр жаттығу жұмыстары
кезінде, сондай-ақ маңызды турнирлер
барысында олар шаршап, шалдығады.
Жаттығу жұмыстары ауыр, одан қалса,
салмақ қуады. Ол оңай емес. Күніне бес-
алты белдесу өткізеді. Ал намазға жығылу
– пси хо логиялық тұрғыдан алғанда, қо-
сым ша жүктеме. Қарбалас дайындық пен
боз кілем бәсекесі кезінде жүйкеге әсер
етеді. Өйткені бес рет намаз оқу, әркімнің
қо лы нан келе бермейтін үлкен жауапкер-
шілік. Бұған тек ішкі сезімдері мықты, рухы
күшті адамдар барады. Құдай мені кешір-
сін, бірақ мен «балуандарымыз намазға
боз кілеммен қоштасқаннан кейін жығылса
да болады ғой» деп ойлаймын. Өйткені
олар ел намысын қорғап жүр. Бұл – өте
жауап ты іс. Әлем чемпионаты немесе бас-
қа да ма ңызды турнирлерде боз кілемге
бекітілген уақытта шақыртады. Ешкім де
«намазыңды оқып ала ғой» деп тосып
тұрмайды. Мен де барлық қазақ жастары-
ның инабатты болғанын, дұрыс жолмен
жүргенін қалай мын. Сол үшін біз жағдай
жасауымыз ке
рек. Бірақ соңғы 1,5-2
жылдай уақыт ішін де жіті бақылап жүрмін,
маңызды бе л десулер өтетін күні намаз
оқу дың осындай бір кедергілері бар. Нақ-
ты айтқанда, ірі тур
нир
лер барысында
алаңдап, тықыршып мазалары кетеді. Ба-
луан дарымыз өз мүмкіндіктерін толық жүзе-
ге асыра алмай жүр. Сіз мені дұрыс түсініңіз,
егер теріс жо л ға түсіп кеткен, арақ ішіп,
темекі тартып, на ша шегіп жүрген жас тар
өмі р ге деген көз қа ра с тарын өзгер тіп, намаз-
ға жығылса, мен оған қуана мын.
– Балуандарымыздың алдына
нақты мақсат қойып, дүбірлі
додалардан жүлде алуды жүктеп
отырған көрінесіздер...
– Бізде білекті балуандар жоқ емес,
бар. Әсіресе грек-рим күресінде, қыздар
күресінде. Тек осыларды жақсылап дайын-
дап, спорттық баптарына келтіріп, бақ та-
рын аша білуіміз керек. Алда әлем чемпио-
наты мен Азия ойындары бар. Әлем
чемпионаты 6-12 қыркүйек аралығында
күрестің үш түрінен Мәскеуде өтеді. Еліміз-
дегі күрес жанкүйерлеріне құлаққағыс
ретінде айтарым, бұл чемпионат ұлттық
телеарна арқылы көрсетіледі. Яғни өз ұл-
қыздарымыздың бүкіләлемдік біріншілік-
тегі өнерлерін эфирден тамашалай ала-
сыз дар. Мұнда алтын алу оңай болмайды.
Сонда да намысты қолдан бермей, өздерін
көрсеткісі келетін кейбір балуандарымызға
мүмкіндік береміз. Одан кейін 12-27 қа-
ра
ша аралығында Қытайда XVI жазғы
Азия ойындары өтеді. Біз үшін осы дода-
ның саяси маңызы зор. Сондықтан алтын-
ды көп алсақ деген ойымыз бар. Қытай
кілеміндегі басты бәсекелестеріміз, қар-
сыластарымыз Иран, Қытай, Оңтүстік Ко-
рея, Жапония, Өзбекстан балуандары
болмақ. Әйтсе де балуандарымызға бес
алтын алуды жүктеп отырмыз: қыздар
күресінен – екі алтын, грек-рим күресінен
– екі алтын, ал еркін күрестен – бір алтын.
Ал екі жылдан кейін Лондон Олимпиадасы
өтеді. Оған да уақыт аз қалды. Ағылшын
жерінде өтетін Олимпиада ойындарында
елімізге екі алтын медаль алып берсек
деген ойымыз бар. Осы мақсатта бапкер-
леріміз жүйелі түрде еңбек етіп жатыр.
Олар өздеріне жүктелген тапсырманы
біледі.
– Сіз тәуекелге бел буғыш
адамсыз ба? Мұны сұрап тұрған
себебім, кезінде, өзіңіз ел спортын
басқарған жылдары, кейбір спорт
түрлерінде ұлттық құраманың
тізгінін күні кеше ғана спортшы
болып жүрген жас жігіттерге
ұстаттыңыз. Солардың бәрі бірдей
сенімді ақтай алды деп ойлайсыз
ба?
– Бәрі бірдей ақтаған жоқ, әрине. Юрий
Мельниченко (күрес) ақтады. Марқұм
Анатолий Храпатыйдың (ауыр атлетика)
бұл лауазымды қызметте бағы жанбады.
Ермахан Ибраимов (бокс) жартылай ақта-
ды. Жаттықтырушы бір күнде білікті бапкер
болып шыға келмейді. Бұл да – ұстаз
секілді машақаты көп жауапты іс. Мұнда
да шәкірт тәрбиелеу керек. Туабітті қасиет
керек, мол тәжірибе қажет. Негізі, бәрі де
адамның өзіне бай ланысты. Егер жан-
тәнімен беріле істеп, қолына алған істің
жауапкершілігін түсіне білсе, ондай
адамнан жақсы жаттық ты рушы шығады.
Ал тиіп-қашып жүрсе, өз қызметіне бір
күндік пендешілікпен қараса, ондай адам
жаттықтырушы болып жарытпайды. Шә-
кірт терінің, жас спортшы лардың сана-се-
зі мін ояту да жаттықты рушыға байла ныс-
ты. Жаттықтырушы мен спортшы әке мен
баладай болып кетуі керек.
– Министр болғаныңызға да,
яғни ел спортын басқарғаныңызға
да біршама уақыт өтіп кетті.
Бүгінде сол кездеріңізді ой
елегінен өткізесіз бе? Дәл қазір
сол кездегі өз қызметіңізге баға
бере аласыз ба?
– Рақмет сұрағыңызға. Орыстар «век
живи, век учись» дейді ғой. Адам өмірі
қателіксіз, кемшіліксіз бола ма?! Мен
өзімнің кемшіліктерімді мойындаймын.
Бірақ спорт маманы ретінде қалыптасып
шықтым деп ойлаймын. Тәжірибе жинақ-
тадым, ысыла түстім. Қазір қандай жұмыс
болсын атқара алатыныма сенімдімін. Кез
келген адамен келіссөздер де жүргізе
аламын. Енді өзімнің білген-түйгенімді
қазақ спортының дамуына қоссам деймін.
Әлі жаспын ғой, ел спортын дамытуға әлі
де өз үлесімді қосып, еңбек етемін деп
ойлаймын.
– Сіз қазір «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қорында жұмыс
істейсіз. Қызмет бабымен
велоспорт, хоккей, бокс, футбол
және басқа да спорт түрлерімен
тығыз байланыстасыз. Қалай
ойлайсыз, қазақ балаларына осы
спорт түрлері жат па? Өзіңіз
балуан болдыңыз ғой,
айтыңызшы, біз тек бокс пен
күреске ғана бейімбіз бе?
Қалғанын меңгере алмаймыз ба?
– Жо-жоқ, біз бәрін де меңгере ала-
мыз. Біз өте талантты халықпыз. Біз мең-
гермейтін ғылым жоқ. Қазақтар ғарыш қа
да ұшып жатыр. Тілсіз тау-тастың да сы рын
ұғып, геологияны да меңгердік. Бұл тұрғы-
да Қаныш Сәтбаев ағамызды атап өтуге
болады. Ешбір ұлттан кем емеспіз. Бәрі
қолымыздан келеді. Тек бәрі де қор ша ған
ортаға, тәрбиеге, жас баланың өзі нің тал-
пы нысына байланысты.
– Ал қазақ балаларын спортқа
көптеп тарту үшін не істеу керек?
– Аудан орталықтары мен ауылдық
жерлерде спорт кешендерін ашу керек.
Доп ойнайтын алаңдарды көбейту қажет.
Содан соң мамандар жағына көп көңіл
бөлу керек. Ауыл мектептеріндегі дене
тәрбиесі мұғалімдеріне көмектесіп, олар-
дың қосымша секциялар ашуына жағдай
жасау керек. Жаттықтырушылар санын
арттырсақ, бұқаралық спорттың дамуына
ықпал етеміз. Ал бұқаралық спорт қанатын
жая дамыса, одан кәсіби спортқа ойысу,
оны одан әрі жетілдіре түсу аса қиын бол-
майды.
Әңгімелескен
Нұрғазы САСАЕВ
e-mail: info@alashainasy.kz
Ел спортын дамытуға әлі
де өз үлесімді қосамын
деп ойлаймын
ОҚИҒА
ЖО
Б
А
Аяқкиіміңіз қажаса...
Қара базардан немесе фирмалық дүкеннен сатып алсам да, кез келген жаңа
аяқкиім біразға дейін аяғымды қажап ауыртады. Таныстарым сауда орындарында
былғарыны жұмсартып, кеңейтетін спрейлер сатылады деген соң, алып көріп едім,
еш көмегі болмады. Аяқкиім қажамауы үшін не істеген дұрыс?
Дана НҰРБЕКОВА, Қарағанды қаласы
Әлбетте, уақыттың тығыздығына байла ныс-
ты сауда орындарындағы өнімдердің тек өл-
шемін алғаныңыз болмаса, оның сатып алған-
нан ке йін қандай қолайсыздықтар әке ле тінін
анық тап білу мүмкін емес. Аяқкиімдер дің аяқты
қа жауының алуан себептері бола тыны сияқты
олардан арылудың да түрлі амал-тәсілдері бар.
Төменде үй жағдайында қолдануға болатын
әдістерді ұсынып отырмыз. Былғары аяқкиім нің
қажайтын тұсына спирт жағып, 10-15 минут
киіп жүрсе, ол созылып, қажайтын тұсы бірша-
ма кеңейеді. Үйіңізде спирт болмаған жағдай-
да, оның орнына су лан ған сабын немесе ба-
лауызды пайдалануға болады. Аяққа ауыр лық
әкелетін ыңғайсыз жағдайдан сірке суы да құт-
қаратын көрінеді. Ол үшін аяқкиіміңізге дәке
бол маса орамалмен сірке суын жағып, таң ат-
қа н ға дейін қалдыруыңыз қажет.
САРАЛЫ СӨЗ
Халықаралық аренада ірі жетістіктерге қол жеткізіп жүрген
Марид Муталимов (1980 ж.), Леонид Спиридонов (1980 ж.),
Таймураз Тигиев (1982 ж.) сынды тәжірибелі балуандарымыз,
міне, үшінші олимпиадалық циклде белдесіп жүр. Енді олардың
деңгейлері жоғары өрлей бермейді. Қайта бірте-бірте
төмендей бастамаса. Қайда Мәулен Мамыровтар, кәне, Ислам
Байрамуковтар? Қайда жергілікті балуандар? Көрсетіңіздерші
шәкірттеріңізді, көрсетіңіздерші жұмыстарыңыздың жемісін...
Семей «сұмдық
өзгермек»
Семей қаласының 2025
жылға дейінгі бас жоспары
бекітілді. Осыған сәйкес,
алдағы 15 жылда қала аумағы
21 700 гектарға ұлғаяды.
Кеңейіп қана қоймайды,
келешекте қала халқының саны
400 мың адамға дейін көбейеді
деп болжанып отыр.
Жоспарға сәйкес, келешекте қала ма-
ңын дағы ауылдарға абаттандыру жұмыс-
тары жүргізіліп, балабақша, мектеп, сая-
ба қ тар салынады деп жоспарланған.
Қаланың 2025 жылға дейінгі бас жос-
пары бойынша саяжайлар мен кенттерге
еркін қатынау үшін Ертіс өзені арқылы алты
көпір салынатын болады. Ал қаланың
«Қазкрай», «Таткрай» атанып кеткен ау-
мақ тарындағы кейбір жеке сектордағы кө-
нерген үйлердің орнына көпқабатты тұр-
ғын үйлер салу көзделген.
Бас жоспарда жаңа әуежай салу да на-
зардан тыс қалмапты. Негізі, ереже бойын-
ша әуежай елді мекеннен 16 шақырым
қашықтықта болуы тиіс.
Жаңа жоспарға сай, Түйемойнақ аралы
да адам танымастай өзгереді. Арал адам-
дар дың емін-еркін жүріп демалатын орны-
на айналады. Сәулетшілердің айтуын ша,
ол жерде ойын алаңдары, әткеншектер,
со ған қоса, көрме өткізетін павильондар
орнатылады. Тіпті демалыс орнында иппо-
дром да болады делінген.
Мамандардың айтуынша, белгіленген
бас жоспар бойынша, әсіресе қала маңын-
дағы елді мекендерге қатты көңіл бөлінеді.
Соның бірі – Суықбастау кенті. Бұл жерде
екі мектеп, үш балабақша, бірнеше қос
қабатты тұрғын үйлер, спорт кешендері,
саябақтар мен ойын алаңдары салынатын
болады. Қаладан шеткері жатқан ауылда
екі ірі сауда орта лы ғы, мешіт, шіркеу және
әкімшілік ғима раттары бой көтереді.
Қаланың жаңа бас жоспарының жоба-
лық-сметалық құжаттары бюджет қаржысы
бөлінгеніне қарай келесі жылы дайын
болады. Осы белгіленген жоспардың бар-
лығы 2025 жылға дейін жүзеге асуы тиіс.
Әлем МӘДИ,
Семей
11 балақай уланып
қала жаздады
Оқиға осыдан бір апта бұрын болға-
нына қарамастан, балабақша басшылығы
болған оқиғаны жасырып келген. Болған
жайт ата-аналар балаларының денсау-
лығына алаңдап, дабыл қаққанынан кейін
ғана жария болып отыр. Қазір осы оқиғаға
байланысты Білім және ғылым министрлі-
гінен арнайы тексеріс келеді деп күтілуде.
Шынтуайтында, балабақша тәрбие-
лену шілеріне тағамдық сапалары өзара
сәйкеспейтін тамақтар берілген екен. Мә-
селен, балаларға түскі ыстық аспен бірге
алма берілген, сондай-ақ сүтке бұқтырыл-
ған макарон өнімдеріне басытқы ретінде
шие шырыны ұсынылған, ең сорақысы,
көкөністен әзірленген уылдырыққа тәтті
айран қосып берген.
«Уланып» қалған үш жастан алты жасқа
дейінгі ортаншы буын топтарының тәрбие-
ленушілерінің денсаулығы қазір жақсы.
Атал
мыш тамақ мәзірінің балалардың
денсаулық жағдайына әсері туралы зертха-
налық тексерістерден кейін толық баға
берілмекші.
Гүлжан БАЙТУҒАНОВА, Қарағанды
облыстық санитарлық бақылау
басқармасының эпидемиологиялық
қадағалау бөлімінің меңгерушісі:
– Бұл тағамдық улану емес. Тек та-
ғам рационы дұрыс таңдалмаған. Тағам
балалардың ішіне жақпаған. Ал ата-
ана лар бұл жағдайға сенгісі келмей
отыр. Барлық жағдай зертханалық тек-
се рістерден соң анықталады.
Серік САҒЫНТАЙ,
Қарағанды
Қарағандыға қанаттас
Шахтинск қаласындағы «Салта-
нат» балабақшасының 11
тәр бие ленушісі тағамды дұрыс
мәзірлік режимде тұтынбаған-
дық тан, «уланған» деген
диагнозбен қалалық ауруха на-
ның жұқпалы аурулар бөліміне
жатқызылған.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№152 (378) 4.09.2010 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
7
e-mail: info@alashainasy.kz
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
ҚХЛ додасы қашан басталады?
Әнұранды кімдер тексереді?
СЕНБІ КҮНГІ СҰХБАТ
ДЗЮДО
КҮРЕС
Бұл чемпионатта Лондон Олимпиада-
сы ның лицензиялары беріледі. Халық ара-
лық дзюдо федерациясы биылдан бас тап
лицензиялар берудің жаңа ере
же
лерін
енгізіп отыр. Биылғы жылдың 10 мамыры-
нан бастап IJF (Халықаралық дзю до феде-
ра циясы) туы астында өте тін барлық тур-
нир лерге қатысып, жо ға ры нәтиже көр-
сет кен балуандардың бар лы ғына ұпай
бе ріледі. Осы ұпайлардың ең көп берілетін
жері – жапон жеріндегі әлем чемпионаты.
Мұн да бірінші орын ал ған балуанға 500
ұпай беріледі. Со ны мен қатар IJF-тың жа-
ңа ережесі бо йын ша әр салмақта бір ел-
ден екі балуан бел
десе алады. Осыған
орай, осы әлем чем пио натында біздің ел
де кейбір салмақ дә ре же леріне екі бал-
уан нан қойып отыр.
Ендігі бір жаңалық, IJF әлем чем пио на-
тын
да барлық салмақтағы балуандарды
рей
тинг бойынша жіктеуді қолға алып
отыр. Яғни IJF-тың бүкіләлемдік рейтингі
бо йынша сұрыпталған ең үздік балуандар
фи налға немесе жартылай финалға дейін
бір-бірімен кездеспейді. Естеріңізде бол-
са, мұн дай тәжірибе былтыр боксшылар
ара сындағы әлем чемпионатында қол да-
ныл ған болатын.
Енді Токио татамиінде ел намысын
қор
ғайтын дзюдошыларға тоқтала кете-
йік. 60 келіде ел чемпионы семейлік Ер ке-
бұ лан Қосаев пен Бақытжан Төребековке
се
нім ар
тылып отыр. 66 келіде Дастан
Ықы баев пен Сергей Лим, ал 73 келіде
Ри
нат Ибрагимов пен Рашид Құлыбаев
бел де седі. Қалған салмақ дәрежелерінде
та та миге бір балуаннан шығарамыз. Олар:
Ис лам Бозбаев (81 келі), Тимур Полат (90
келі) және әлем чемпионы Максим Раков
(100 келі ). Ауыр және абсолютті салмақта
Ер жан Шымкеев пен Бейбіт Ыстыбаевқа
үміт артылуда.
Ал қыздар арасында Қазақстан ару ла-
ры тек үш салмақта ғана белдеседі. 52
келіде Шолпан Қалиева мен Линара Мин-
ға зова күресіп, 70 келіде Мәриям Ор да-
баева, ал ауыр салмақта Гүлжан Ис са но ва
бақ сынайтын болады.
Бекжан ҚАЛМҰХАМЕДҰЛЫ
Бұл басқосуда екі мәселе қаралады.
Бі рі осы ұйымның 2010 жылы атқарылған
жұ мыс тарын саралау болса, екіншісі – ке-
лесі жыл ғы әлем чемпионаты өтетін жерді
анық тау. Бұл өте маңызды шешім болмақ.
Се бебі 2011 жылғы әлем чемпионатын да
Лон дон Олимпиадасының алғашқы жол-
да малары үлестіріле бастайды. 1-8-орын-
дар ға ие болған балуандар Лондон Олим-
пиа дасында белдесу құқығына ие бо ла-
ды.
Күн тәртібіндегі ендігі бір мәселе, FILA-
ның көктемде өткен алқа жиынында
Олим пиада бағдарламасына енбеген Кү-
рес түрлері комитеті құрылған болатын.
Ко м итет мүшелерінің шешімі бойынша
бес елдің ұлттық күресі FILA-ға мүше бол-
ған- ды. Оның қатарында біздің төл өне рі-
міз – қазақ күресі де бар. FILA-ның бюро
мү шесі Дәулет Тұрлыханов осы ұйым бас-
шы ларына біздің күрестің әдіс-тәсілдерін
тез меңгеріп кетуге бо ла тындығын, бел де-
су лер өткізудің оңай екен дігін дәлелдеген
бо латын. Енді, міне, осы FILA конгресінде
осы бес елдің ұлттық кү рестеріне арнайы
сертификат беріледі. Яғни бұдан былай
қазақ күресінен барлық ірі халықаралық
тур нирлер FILA туы астын да өтетін бо ла ды.
Ал дүйсенбі күні әлем чемпионатының
ал ғашқы жүлделерін грек-рим күресінің
бал уандары сарапқа сала бастайды. Боз
кілемге 55, 66 және 96 келі салмақ дә ре -
жесіндегі балуандар шығады. Бұл сал ма қ-
тарда біздің елдің намысын Ас
хат
Құдайбергенов (55 келі), Дархан Баях ме-
тов (66 келі) және Әсет Мәмбетов (96 ке-
лі) қорғайды.
Телжан КҮДЕРОВ,
«Алаш айнасы»
үшін арнайы Мәскеуден
Қыркүйектің 9-13-і
аралығында Токиода
(Жапония) дзюдодан кезекті
әлем чемпионаты өтеді. 65
мемлекеттің балуандары
келеді деп күтіліп отырған
дүниежүзілік біріншілікке Қазақ
елінің дзюдошы қыз-жігіттері де
қатысады.
6-12 қыркүйек күндері
Мәскеуде күрес түрлерінен
кезекті әлем чемпионаты
өтеді. Бүкіләлемдік біріншілік
басталмас бұрын FILA-ның
(Халықаралық күрес түрлері
қауымдастығының) кеңейтілген
алқа мәжілісі өтеді.
«Астана»
велокомандасының
табыстарына тәнті
болған «Еуроспорт»
телеарнасы енді
команданың спортшылары
арқылы Қазақстанды
жарнамаламақ.
Ұпай жинап,
жолдама алу
Барлық елдің
балуандары
Мәскеуде
ВЕЛОСПОР
Т
Түркиядан келген «қырғыз»
– Антон, Қазақстан футболымен
ты
ныстап жүргеніңе 7-8 айдың жүзі
бо лыпты. Ел біріншілігінің деңгейіне
ле
гионер ретінде қандай баға бере-
сің?
– Мен, негізі, бұған дейін Қырғызстан
жә не Түркия чемпионаттарында ойнаған-
мын. Егер сол елдердің біріншілігімен са-
лыс тырар болсақ, Қазақстан чемпионаты
Қырғызстан біріншілігінен әлдеқайда озық
әрі тартысты. Ал Түркия біріншілігіне жете-
қа был. Әлбетте, Қазақстан премьер-ли га-
сы Түркия футболымен терезесі тең деп
ай та алмаймын. Бірақ сіздердің елдеріңіз-
де доп тебу ұнады.
– Жалпы, Түркия чемпионатынан
Қа
зақстан біріншілігіне, оның ішінде
«Та
раз» футбол клубына қалай кел-
дің?
– Ой, мұның әңгімесі көп. Ол үшін фут-
болдық ғұмырымды қалай бастағаным
жө нінде толық айтып шығуым керек бо-
лады.
– Айта бер, тыңдауға әзірміз.
– Алғашында Қырғызстанның Кант қа-
ла
сының намысын қорғайтын «Абдыш-
ата» клубының сапына алындым. Қате лес-
пе сем, ол 2007 жылдар болатын. Дегенмен
бұл командада ұзақ тұрақтаған жоқпын.
Ме ні бірден Түркияға алып кетті. Не үшін?
Не себептен? Ештеңені де білмейтін едім.
Сөй тіп, Түркияның «Гиресунспор» коман-
да
сының сапына алындым. Бастапқыда
бә рі де жақсы болатын. Түркиядан жан кү-
йер лерімді де жинап үлгергенмін. Ойын
өрнегім де басшылықтың көңілінен шығып
жатты. Қарап тұрсам, "Гиресунспор» са-
пын да барлығы 33 ойын өткізіп, 9 гол со-
ғып пын. Дегенмен бертін келе клуб бас-
шы лығы «мінез» көрсете бастады. Өзіме
тие
сілі табысымды да толық бермейтін
– 2008 жылы Nike
компаниясы ма
ған
ұсы ныс тастаған. Со-
дан бе
рі сол ком
па-
ния ның жарна ма лық
өкі лімін десем де бо-
лады. Ал жей
де жа-
ғына келер болсақ,
Түр кия да бұл жағы өте
жақ сы да мы ған.
– Антон, сен Қыр-
ғыз стан ұлт тық құ-
ра масының сапын-
да се гіз кездесу өт-
кі зіп, үш гол соқ қан-
сың. Ен ді басқа құ-
ра ма ға ой науға құ-
қың жоқ. Егер Қыр-
ғыз стан құ ра ма сын-
да алаң
ға шық
па-
ған да,
Қазақстан
са пын да
ойнауға
ке лі сер ме едің?
– Қуана-қуана ке-
лі
сер едім. Дегенмен
мен қайткен күнде де
Қыр ғызстан
та ра пы-
ның рұқсаты арқылы
ғана басқа елдің на-
мы
сын қорғауға бел
буар едім. Егер олар рұқ
сат беріп,
Қазақстан құрамасы өздеріне шақырып
жатса, осы елдің атынан алаңға шығуға
келісер едім.
– Сен Түркия футболымен жақсы
та
ныссың. Ал ертең Қазақстан құ
ра-
масы Түр кия мен алаңға шығады. Осы
ойында жерлестеріміз түріктерге қар-
сы айла қолдана алады деп ойлайсың
ба? (сұхбат 2 қыркүйек күні алынған).
– Түркия құрамасының әлеуетін білемін
ғой. Дегенмен менің ойымша, Қазақстан
ертең өзін барлық жақсы қырынан көрсетуі
тиіс. Ол жағынан қам жемесеңіздер бо ла-
ды. Тек футболшыларыңызға сеніңіздер.
Бұл ойында Қазақстан құрамасы бір доп
айыр
машылығымен жеңеді немесе тең
түсетін шығар.
– Антон, Қырғызстанның азаматы
ре тінде осы елдегі саяси ахуалдарға өз
пікіріңді білдірсең...
– Қазір жағдай тұрақталған секілді. Бұ-
рын
ғыдай хаос жоқ. Қайтадан қалпына
келе бас
тады. Енді алдағы уақытта
парламенттік сайлау өтпек. Не боларын
содан кейін көреміз. Өз басым әзірге
Қырғызстаннан ешқайда кетпейтін шығар-
мын.
Әңгімелескен
Әзиз ЖҰМАДІЛ
спорт шылары – жас теннисшілер мен фут-
бол
шыларымыз, велосипедшілеріміз ту-
ралы 16 сюжет әзірлемек. «Тұтастай ал-
ған да, осы жобалар арқылы Қазақстанның
мә дениеті мен құндылықтарын да на си-
хат тап, елдің спорттық әлеуетін көрсет пек-
піз. Осы тұрғыдан алғандағы түпкі мақ са-
ты мыз – Қазақстанды таныту, бірінші ке-
зекте еуропалықтарға кеңінен таныту», –
деген Саша Лайер Еуроспорт 2010-2011
жылдары біздің елде болатын барлық
спорттық жарыстарды да назардан тыс
қал
дырмайтынын айтып қалды. Соған
орай «Еуроспорт Астана мен Алматыда
өте тін қысқы Азиада ойындарын тран сля-
ция лай ма?» деген тілшілердің сауалына
осы баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР
ве
лоспорт федерациясының президенті,
«Са мұрық – Қазына» ҰӘҚ-ның басқарма
төр
ағасы Қайрат Келімбетов: «Біз Еу
ро-
спорт тың қысқы Азиада ойындарын көр-
сет кенін қалаймыз. Сондықтан бұл мә се-
ле ге қатысты алғашқы кәсіби диалогті Еу-
ро спорт өкілдерімен бүгін бастаймыз. Еу-
ро спорт Азиаданың тек қызықты тұстарын
көр сете ме, жоқ әлде кең ауқымда тран-
сля циялай ма, ол арасы таяу күндері бел-
гілі болады», – деп жауап берді.
Ерекше атап айтарлығы, Еу
ро
спорт
аталған екі жобаны да өзі қар жы лан ды-
рады. Дайын болған фильмдер мен сю-
жет
терді алдағы қараша айынан 2011
жыл дың ақпан айы аралығында эфирге
шы ғару жоспарланған.
бол ды. Содан не керек, ақыры клуб пре зи-
дентімен арақатынасымды бұ
зып, мені
жалға басқа командаға жіберуді сұ ра дым.
Сөйттім де «Гиресунспордың» пре зиденті
ауыспайынша, командаға орал
маймын»
деп өз-өзіме серт бердім. Бұл осы жылдың
басы болатын. Алматының «Қайраты»
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өт
кізіп
жат қан. Маған осы клуб қызы ғу шы лық та-
нытып, солармен бірге жаттығып жүрдім.
Де генмен жеке агентім мен «Қайрат» ба с-
шы лығы өзара келісе алмапты. Соны пай-
даланған «Тараз» футбол клубының өкіл-
дері жеке агентіммен бірден тіл табысып
ал ған ғой.
– Қазір сол кезде «Қайраттың» са-
пы на ауыспағаныңа қуанатын шы ғар-
сың...
– Жасырып қайтемін, «Қайратты» бұ-
рын нан білемін. Тарихы өте тереңде жат-
қан команда. Алғашында ал ма ты лық тар-
мен тіл табыса алмағаныма өкінгенмін. Бі-
рақ «Қайраттың» қазіргі жағдайына қарап
тұр сам, «сол кезде дұрыс шешім қа был-
даған екенмін» деп ойлаймын. Шынымды
айт сам, «Қайрат» футбол клубының дең-
ге йі осыншалықты түсіп кетеді деп ой ла-
мап пын.
– «Тараздағы» жалға ойнау мер зі-
мің қашан аяқталады?
– Осы жылдың соңына дейін «Та раз да-
мын». Одан кейін не болатынын көре жа-
тар
мыз. Егер «Тараз» бен «Гиресунспор»
өкіл
дері өзара келісе алса, Қазақстанда
қа ламын. Бірақ басқа біріншіліктерден тү-
се тін ұсыныстарды да қарауға дайын мын.
Ес тіп жатырмын, «Гиресунспордың» пре-
зи денті ауысыпты. Бәлкім, жаңа бас шы лық
мені ешқайда жібермей, қайта ша қыр тып
алатын шығар.
– Сен «Таразда» 44-нөмірде өнер
көр
сетіп жүрсің. Бұл нөмірлі жейдені
өзің таңдадың ба?
– Негізі, менің сүйікті нөмірім – 7. «Та-
разға» келгенде бұл жейде бос болған
жоқ. Ұлан Қонысбаевтың еншісінде екен.
Содан басшылық маған осы нөмірді ұсын-
ды. Дегенмен алдағы уақытта қайтадан
өзім нің «жетілігіме» көшсем деймін.
– Саған Ресейдің «Рубин» футбол
клу бы да қызығушылық таны тып жүр-
ген көрінеді...
– Естуім бар, бірақ әзірге еш нәр се айта
ал маймын. Барлығын же ке агентім ше ше-
ді.
– Түркия чемпионатында ой
нап
жүріп, Nike ком пан ия сы мен жарна ма-
лық келісім
шарт
қа отырғаның, сон-
дай-ақ се нің жейделерің Түркияда үл-
кен сұранысқа ие екені рас па?
Құрлықтық хоккей лигасының 2010/2011 жыл-
дар дағы маусымы 8 қыркүйек күні басталады. Алдағы
сәр сенбіде ҚХЛ-дың өткен маусымдағы жеңімпазы,
яғ
ни Гагарин кубогының иегері Татарстанның «Ак-
Бар сы» мен Мәскеудің «Динамосы» кездесіп, Қазанда
жаңа маусымның пердесін түреді. Ал Астананың «Ба-
ры
сы» алдағы маусымдағы алғашқы матчын 11
қыркүйек күні өз айдынында Череповецтің «Север-
сталь» клубымен өткізеді. Одан соң Астанаға азуы ал-
ты қарыс СКА (Санкт-Петербург) клубы келеді. Өз де-
ріңіз білесіздер, бұл клуб маусым аралығында құ ра-
мын біршама күшейтті. Команда сапына жаңадан
алын ған хоккейшілерінің сапында қақпашы Евгений
На боков те бар. Бұл қақпашы Қазақстанда (Өскемен-
де) туып-өскенімен, бірнеше жылдан бері Ресей құ ра-
ма сы ның намысын қорғайды.
Бұдан соң «Барыс» 15 қыркүйек күні Мәскеудің
«Спар тагын», 17 қыркүйекте «Салават Юлаев» (Уфа)
клу бын, ал 19 қыркүйекте «Металлург» (Новокузнецк)
ко мандасын қабылдайды. Түздегі алғашқы ойынын
23 қыркүйек күні Мәскеуде жергілікті «Динамо» клу-
бы мен өткізеді.
Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымдағы ойындары қашан
басталады? «Барыстың» алғашқы ойынын қай күні өткізетіндігін білсем деп едім.
Талғат ҒАЗИЗҰЛЫ, Астана қаласы
Қазақстан футболында легионерлер өте көп. Тіпті
ұлттық құрамамыздың бас бапкері Бернд Шторк те бас
командамызды келімсектерден құрайтын жағдайға жеткен.
Дегенмен өз клубтарында өнегелі ойын өрнегімен көзге түсіп,
жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысына айналып жатқандар
да аз емес. Мәселен, «Ақтөбенің» сапында камерундық
Тити Эссомба жасындай жарқылдап жүрсе, «Локомотивте»
молдавиялық Игорь Бугаев көрермендердің көзайымына
айналды. Сонымен қатар «Қайраттың» қақпашысы Ненад
Эрич те атап өтуге тұрарлықтай. Міне, клубына пайдасын
тигізіп, ел чемпионатының көрігін қыздырып жүрген сондай
легионерлердің бірі – қырғызстандық Антон Землянухин.
Маусым басында Түркияның «Гиресунспор» командасынан
Қазақстанның «Таразына» ауысқан футболшы азғана
уақыттың ішінде жергілікті жанкүйерлердің көзайымына
айналып үлгерді.
Елімізде өтетін VII Ақ Азиада ойындарының әнұранына байқау жарияланғанын
естідім. Айтып жібермес пе екенсіздер, байқауды ұйымдастыру комитетінің мүшелері
кімдер? Егер осыған байланысты өз туындымды өткізер болсам, оны кімдер тексереді?
Қаламқас МЕЙІРЗАТҚЫЗЫ, Ақтау қаласы
Алдымен байқауды ұйымдастыру комитеті
үміткерлердің жұмыстарын тексеріп, үздік
туындыны анықтаумен айналысатынын айта
кет ке німіз жөн болар. Ал бұл комитетке бар-
лығы тоғыз адам еніп отыр. Олардың төр ағасы
ретінде «2011 жылғы VII-қысқы Азия ойын-
дарын ұйымдастыру комитетінің ат
қа
ру
шы
ди р ек циясы» акционерлік қоғамының пре-
зи денті Анатөлі Құлназаровтың өзі сайланды.
Ал оның орынбасарлары – белгілі эстрада лық
во
калшы, композитор Жеңіс Сейдолла мен
еңбек сіңірген қайраткер, композитор Мұрат
Құ сайынов. Сондай-ақ комитетке мына ком-
по зиторлар мен әншілер де мүше болды, олар:
автор-орындаушы Еркеш Шәкеев, ком по зитор
Ринат Әбдіхалықов, A’Studio тобының жетек -
шісі Байғали Серікбаев, композитор Мақ-
сат Жәу тіков, продюсер Темірлан Төлегенов,
«Де меу» продюсерлік орталығының басшысы
Қы дырәлі Болманов және Stast Media Group
про
дюсерлік орталығының жетекшісі Эрик
Тас там беков.
Айбын БАҚЫТҰЛЫ
«Еуроспорт» телеарнасы велоспортта
топ жарып, Еуропаны тамсандырған «Ас-
та на» командасымен бірлесіп, біздің елі-
міз ді кеңінен насихаттайтын екі бір дей те-
ле жобаны қолға алып отыр. Оның бі рін-
шісін – «Спортшымен саяхат» (The Sport
Tra veller) деп аталатын 20 ша ғын фильм-
нен тұ ратын тележобаны lonely Planet про-
дакшн компаниясы қазан айынан бастап
тү
сіруге кіріседі. Сонымен, бір мезгілде
Еу ро спорттың түсіру тобы «Балғын үміт»
(Yong hopes) жобасын да әзірлеумен ай-
на лысады. Бұл жаңалықты кеше Астанада
өт кен баспасөз мәслихатында Еуроспорт
те ле арнасының Шығыс Еуропа және Ор-
та лық Азия бо йын ша сатылым директоры
То мас Бьорет пен аталған аймақ бойынша
ком
мерциялық директоры Саша Лайер
ха барлады. Еуроспорт өкілдерінің ай туын-
ша, «Спортшымен саяхат» фильмінде «Ас-
тана» велошабандоздары Қазақстанның
ДОДА
Антон ЗЕМЛЯНУХИН
Туған жылы: 11.12.1990 ж.
Туған жері: Қара-Балта қаласы
(Қырғызстан).
Бойы: 171 см.
Салмағы: 65 келі.
Клубы: «Гиресунспор» (Түркия).
«Таразға» осы маусымның соңына
дейін жалға берілген. 4 гол соққан.
Алаңдағы орны: шабуылшы.
WMAG айқастары шығыс жекпе-жек-
терінің 13 түрінен өтуде. 1108 спортшы
119 медаль жиынтығын сарапқа салуда.
Шығыс жекпе-жектері түрлерінің кеше
кеш кісін аяқталған айқастарының қоры-
тын дысын есепке алмағанда, әзірше Қа-
зақ стан қоржынында бес медаль бар. Ер-
лан Ті леуімбетов джиу-джитсуден 69 келі
сал мақ дәрежесінде чемпион атанса, Нұр-
лан Ті
леуімбетов 77 келіде күміспен
күптелді. Таэк вондошы Арман Шылманов
(+80 келі) бұл жолы ел қоржынына күміс
сал ды. Ал тай боксында бақ сынаған Сең-
гіров (81 келі) және панкратионшы Жет-
піс баев (70 келі) қола медаль олжалады.
Газетіміздің алдағы санында Шығыс
жек пе-жектерінің дүниежүзілік додасына
толығырақ тоқталатын боламыз.
Әлихан ЖАППАР
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОДА
Шығыс жекпе-жектері
Пекинде Шығыс жекпе-жек-
терінен дүниежүзілік ойындар
(WMAG) өтуде. 28 тамыз күні
басталған кешенді дода бүгін
аяқталады.
СУРЕТТЕ КІМ?
Талантты жазбай
таныңыз
А) АХАН БАЙМАҒАМБЕТОВ
Ә) ӘДІЛЕТ РАҚЫШЕВ
Б) ҚАЙРАТ АҒЫБАЕВ
В) АЙДЫН СМАҒҰЛОВ
Өткен жолы да жасөспірімдер ара-
сын
дағы I Олимпиада ойындарында
чем пион болып, абыройымызды асқақ-
тат қан жас талантымыздың суретін бер-
ген
біз. Нақтырақ айтқанда, грек-рим
кү ресінен 69 келі салмақ дәрежесінде ел
на мысын қорғап, топ жарған Жамбыл
об лысының жампоз балуаны Жәнібек
Қан дыбаевтың жеңіс тұғырында тұрған
су ретін жариялағанбыз. Жәнібекті жаз-
бай танығандар шектен тыс көп болды.
Оқы р мандарымыздың өз замандаста-
ры
на, яғни өскелең буынға үлгі бола
біл ген жеткіншектерімізді насихаттауға
ат с а лысып жатқанына біз де қуаныш ты-
мыз.
Қызық болсын деп, бүгін
Бернд Шторктің шетелдерден
әкеліп жатқан футболшы «жас
таланттарының» бірінің суретін
бергіміз келген: 32-дегі Алексей
Попов, 25-тегі Казбек Гетериев,
бұларға 26-дан асқан Михаил
Рожков пен 30-ға келген Андрей
Сидельниковті қосыңыз... Бірақ
қалыптасқан дәстүрімізді бұзбай,
жастайынан Қазақстанның
намысын қорғап жүрген өз
таланттарымызды дәріптеуді одан
әрі жалғастырмақпыз. Осы орайда
жақында ғана Сингапурда аяқталған
жасөспірімдер арасындағы
Олимпиада ойындарында чемпион
болған өреніміздің суретін
беріп отырмыз. Өкінішке қарай,
желтоқсан айында 17-ге толатын
талантымыздың жекелей сында
бағы жанбай, командалық сында
асығы алшысынан түсті. Сондықтан
бұл жігіттің өңірінде жарқыраған
алтын медаль жалпыкомандалық
есепте біздің елдің еншісіне
жазылған жоқ. Ал ойланып
көріңіздер, бұл кім?
Еуроспорт еліміз жайлы фильм түсірмек
тұ рарлық өте қызықты, айрықша ел. Сон-
дықтан менің және менің тобымның мін-
деті – көрермендерімізге осы елді ме йі-
лін ше кеңінен көрсету», – деген Саша Ла-
йер баспасөз мәслихатында «Балғын үміт»
жо басының да мақсатын ашып айтты. Бұл
жо ба бойынша Еуроспорт телеарнасы елі-
міз
дің болашағынан үміт күттіретін жас
қа
лалары туралы әңгімелеп, еуропалық
кө
рермендерге өздері демалғанды ұна-
татын көрікті орындар мен әдемі жерлерді
та ныстырады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақ-
стан ға келетін шетелдік қонаққа елімізде
қан дай табиғи қорықтар мен көрікті ме-
кендер, мұражайлар бар екендігінен
хабар дар етеді. «Қазақстан – келіп көруге
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№152 (378) 4.09.2010 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
8
e-mail: info@alashainasy.kz
ДУМАН
№152 (378) 4.09.2010 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
8
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail: info@alashainasy.kz
К
е
зекшi ред
ак
тор –
Роза ҚАР
АЕВ
А
Республикалық
қоғамдық-саяси
ақпараттық газет
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ
Бас ред
ак
тордың бiрiншi орынб
ас
ары
Мақсат ӘДIЛХАН
Бас ред
ак
тордың орынб
ас
ары
Айдын ҚАБ
А – ж
а
уапты х
а
тшы
Талға
т КIРШIБ
АЕВ –
ж
а
уапты х
а
тшының орынб
ас
ары
Нұрлыб
ай ИТЕКБ
АЕВ –
те
х.ред
ак
то
р
Күләш НАҚЫПОВ
А –
аға к
оррек
тор, т
е
л.:
388-80-76
Га
зе
т 2008 жылдың 17 қар
ашасынд
а ҚР Мәдение
т және ақпар
а
т
минис
трлiгiнде тiрк
е
лiп, бұқар
алық ақпар
а
т құр
алын есепк
е қою
ту
р
алы №9650-Г к
уәлiгi берiлг
ен.
Р
е
д
акция авт
орлар мақаласы мен ж
арнама мазмұнына ж
а
уап
бермейдi.
Авт
орлар қо
лж
азб
асы өңде
лмейдi және к
ерi қайт
арылмайды.
Көлемi екi к
омпью
терлiк бе
тт
ен (14 к
е
гль) ас
а
тын ма
териалд
ар
қабылд
анб
айды.
«Алаш айнасынд
а» ж
арияланған ма
териалд
ар мен с
уре
тт
ердi
көшiрiп немесе өңдеп б
а
су
үшiн ред
акцияның ж
азб
аша рұқс
а
ты
алынып, г
а
зе
тк
е сiлт
еме ж
а
салуы мiнде
ттi.
Құрылтайшысы және меншiк
иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС
Директор –
Александр Филимонович АН
Та
р
а
ту
қызме
тi
те
л.:
8 (727) 388-80-88
Ж
арнама бөлімі
те
л.:
8 (727) 388-81-00
Алма
ты қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС
Қалд
аяқов көшесi, 17-үй. Т
ел.:
8
(727) 273-12-04, 273-12-54
Тапсырыс – №1016
А
ст
ана қаласы «
А
ст
ана-По
лигр
афия»,
Бр
усиловский көшесi, 87-үй. Т
ел.:
8
(7172) 37-05-59
Тапсырыс – №1256
Шымк
ент қаласы «Оңтүс
тiк по
лигр
афия» б
аспалар үйi» ЖШС
Байтұрсынұлы көшесi, 18-үй. Т
ел.:
8
(7252) 30-03-30, 30-03-31
Тапсырыс – №9111
Бағасы к
е
лiсiмдi
Таралымы – 10 000 дана
Га
зе
т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
«А
ла
ш а
й
на
сы» г
аз
ет
iн
е ж
аз
ы
лу
и
нд
екс
i: 6
42
59
Ре
да
кц
и
ян
ы
ң ме
ке
нж
ай
ы
:
А
лм
ат
ы
қ
ал
ас
ы
,05
0
0
51
, Б
ег
ал
и
н кө
ш
ес
і, 1
4
8/
1 А
Те
ле
ф
он
: 8(
7
2
7
)3
8
8-8
0
-6
0, ф
акс
: 8(
7
2
7
)3
8
8-8
0
-6
1
e-
m
ail
: inf
o
@
a
lashainas
y.
kz
БҮГІН:
Аймақтағы тiлшiлер:
А
тыр
ау
– Нарғыз ҒАБДУ
ЛЛИНА, т
ел.: 8702 5876587
Қар
ағанды – Серiк САҒЫНТ
АЙ, т
ел.: 8777 3909779
Қос
танай – Алмагүл СҰЛТ
АНОВ
А, т
ел.: 87774067903
Қызылж
ар – Ерб
ақыт АМАНТ
АЙ, т
ел.: 8 7054418255
Қызылорд
а – Әділж
ан ҮМБЕ
Т,
т
ел.: 87777054466
Өск
емен – Елмейір А
ХМЕД, т
ел.: 87775797090
Шымк
ент – Шадияр МО
ЛДАБЕК, т
ел.: 8705 9877799
Астана бюросы:
Мек
енж
айы: Сейфу
ллин көшесi, 31, офис 215
Те
л.:
8 (7172) 54-27-31
E-mail: aa_as
tana@mail.ru
Айбын ШАҒА
ЛАҚОВ –
А
ст
ана бюросының ж
ет
екшiсi
Салт
ан СӘКЕН – тiлшi
Бүркiт НҰР
А
СЫЛ – тiлшi
Қана
т Т
ОҚАБ
АЕВ – тілші
Ср
Бс
Жм
Сб
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
ҚЫРКҮЙЕК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Бөлiм редакторлары:
Құб
аш МЕҢДIҒА
ЛИЕВ – с
аяси бюро, т
е
л.:
388-80-72
Берiк ӘШIМОВ – нарық, т
е
л.:
388-80-69
Қалд
ар КӨМЕКБ
АЕВ – қоғам, т
е
л.:
388-80-65
Алма
т ИСӘДIЛ – өрк
ение
т,
т
е
л.:
388-80-64
Нұрғазы СА
САЕВ – дод
а (спор
т), т
е
л.:
388-80-74
Бо
ла
тбек МҰХТ
АРОВ – ж
аңалықт
ар, т
е
л.:
388-80-68
Дарх
ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк
тi
тiлшiлер қосыны, т
е
л.:
388-80-62
Қыркүйектің 4-і
Алаштың атаулы күні
• 1 жыл бұрын Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет
күндері ресми түрде ашылды.
Туған күн иелері
Төлен Әбдіков (1942) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Жадыра Дәрібаева (1948) – ақын, «Құрмет» орденінің иегері;
Ринат Ғафуров (1949) – Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы;
Думан Орманбетов (1964) – Көлік және коммуникация министр-
лі гінің Ішкі бақылау басқармасының бастығы;
Ернұр Әйткенов (1965) – Павлодар облысы Баянауыл ауданының
әкімі;
Арман Жұмабеков (1973) – Президенттің Парламенттегі өкілдігі
жетекшісінің орынбасары;
Азамат Ибраев (1979) – Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің
орынбасары.
Қыркүйектің 5-і
Алаштың атаулы күні
• 1920 жылы Алаш ақыны Жұбан Молдағалиев дүниеге келді.
• Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні (1431 хижра
жылының 26-27-ші рамазаны). Айлардың ұлығы – Рамазан, күндердің
ұлығы жұма болса, түндердің шапағаттысы – Қадір түні. Бұл түні тек бір
Аллаға мадақ айтылып, Жаратушы иеден тілек тіленеді.
• Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес
қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Туған күн иелері
Серік Қапшықбайұлы (1935) – ақын;
Нәжмеден Есқалиев (1941) – «ОралОблГаз» АҚ директорлар
кеңесінің төрағасы;
Саят Мыңбаев (1949) – генерал-майор;
Әзімбай Ғали (1952) – саясаттанушы, тарих ғылымының докторы;
Анатолы Тегісбаев (1953) – «ҚазТрансГаз» АҚ басқарушы директоры;
Асқарбек Мұстафин (1953) – Солтүстік Қазақстан облысы орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы;
Нұрсан Әлімбай (1954) – Орталық Мемлекеттік мұражайдың директоры, тарих
ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Марат Орынбаев (1961) – «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарушы директо ры;
Мұхтар Ерман (1963) – «Нұр Отан» ХДП партиясы орталық аппараты жетекші-
сі нің орынбасары;
Берік Құтпанов (1963) – Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің
бастығы;
Әлішер Сүлейменов (1965) – журналист;
Айгүл Қаптағаева (1968) – медицина ғылымының докторы;
Берік Батаев (1967) – Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі;
Майра Мұхамедқызы (1969) – әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Шолпан Айнабаева (1969) – «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ бас директоры;
Нұрдәулет Әбілқайыров (1972) – Әділет министрлігі Зияткерлік меншік
құқығы комитетінің ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары;
Асқар Биахметов (1975) – Ақмола облысы бойынша Қазынашылық
департаментінің бастығы;
Ерлан Әукенов (1984) – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің
орынбасары.
Қыркүйектің 6-сы
Алаштың атаулы күні
• 85 жыл бұрын (1925) «Таң» журналында Әлихан Бөкейханов жасаған
«Қобыланды» жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды.
• 83 жыл бұрын (1927) Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық
әртісі Александр Затаевичтің (1869-1936) ұйымдастырған алғашқы қазақ
музыкасының кеші болып өтті.
• 50 жыл бұрын (1960) Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері болып
өтті.
• 1994 жылы Министрлер кабинетінің Қаулысымен «Қуат» холдинг-компаниясы
мен британдық «Амлон Трейдинг ЛТД» фирмасы негізінде «ҚуатАмлонМұнай»
біріккен кәсіпорны – Қазақстандағы тұңғыш жеке мұнай компаниясы құрылды.
Туған күн иелері
Болат Сұлтанов (1951) – Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының
директоры, саясаттану ғылымының докторы;
Ерғали Алдоңғаров (1953) – Төтенше жағдайлар министрлігі Әкімшілік істер
департаментінің директоры;
Николай Қуатов (1953) – генерал-майор;
Түменбай Қалжанұлы (1955) – Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы;
Азат Қосынов (1959) – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық
департаменті директорының орынбасары;
Жұмағазы Кенжалин (1964) – «Қазақ газеттері» ЖШС бөлім бастығы;
Ерлан Өтешов (1971) – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі;
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Шығуы
Ұзақтығы
Батуы
06:18
13.07
19:25
ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ
ТАРАЗЫ
Романтикалық қатынас-
тар бастауға, кездесу ұйым-
дастыруға, сүйіктіңізге де ген
сезіміңізді білдіруге та ма ша
күн. Жұмыстағы жағдай жақсы
жағынан қалыптаспауы мүмкін,
бірақ сізді аса алаңдат пайды.
САРЫШАЯН
Бүгін сіз кез келген сы нақ-
тан оңай өтіп кете ала сыз. Ой-
ламаған жерден мол сыйлық
алуыңыз мүм кін. Сондай-ақ
өз-өзіңізге сый лық жасап, яғни
бет-бейнеңізді өзгертіңіз. Сүйікті
болғыңыз келсе, сүйкімді бола
білі ңіз.
МЕРГЕН
Осы күн жағымды тосын
сыйлықтар сыйлайды. Қар-
жы мәселесін оңды шешу-
дің сәті туды. Жанұядағы
бәріңізге ортақ қуаныш, сізді
бақытқа бөлейді. Соның әсері-
нен жұмыста жарқырап, көңілді
болып жүресіз.
ТАУЕШКІ
Асығыстық жасаудың
қа жеті жоқ. Мақсатқа жетер
жол өте ұзақ болып көрінген-
мен, өзіңізге қажетті бағытта
жылжып келесіз. Ең маңыздысы
– табандылық таныту. Ал қалға-
ны, өз орнымен болады.
СУҚҰЙҒЫШ
Тәуекелге бел бууды та лап
ететін іс-шараларға қа
тыс-
пағаныңыз абзал. Әріп
тес-
термен қатынасыңыз ай тар лық-
тай жақсарады. Бүгін асығыс
тұ жы рым жасамаға ны ңыз жөн.
БАЛЫҚТАР
Бұл күн сізге махаббат
қуанышын тарту етеді. Қыз-
ме тіңіздің кез келген сала-
сын жақсы меңгергендіктен,
жоғары деген бағаға ие бола-
сыз. Әңгіме-дүкен құруға, кез-
де
сулер өткізуге, жиналысқа
қатысуға қолайлы күн.
ТОҚТЫ
Сіз үшін сәтті күн болмақ.
Рухани және шығарма шы-
лық күш құйылып жатқандай
сезімде боласыз. Тағдырыңызда
маңызды рөл ойнайтын таныс-
тық күтеді. Жоспарыңызға өзге-
рістер енгізуге қолайлы күн.
ТОРПАҚ
Күн жаман емес, алайда
бұл күн оңтайлы болып өтсін
десеңіз, біршама еңбектену ге
тура келеді. Жаңа істер бас тау ға
немесе қыр-сырын біл мей тін са-
лада өзіңізді сынап көруге қо ла й-
сыз күн. Бүгінше асықпа ңыз.
ЕГІЗДЕР
Жұмыс істеу немесе де-
ма лу үшін де қолайлы күн.
Өміріңізге өзгерістер енгізуге
мүмкіндік туады. Ой-өрісі-
ңіз ді кеңейтетін жаңа таныстар
табуыңыз мүмкін.
ШАЯН
Кәсіби тұрғыдан қара-
ғанда сәтті күн. Жұмысқа
көп уақытыңызды жұмсаған-
дықтан, жақындарыңызбен қа-
тынасыңызға қатты әсерін тигі-
зеді. Салқынқандылық пен
са быр сақтай білуіңіз қажет.
АРЫСТАН
Жанұяңыздағы жағдай-
ды жайлы деп атауға кел-
мей ді. Барлық сәтсіздіктерді
жақындарыңызға жабасыз,
ал олар да өз кезегінде сізді жа з-
ғыруға дайын тұрады. Өзара
келіспеушіліктерге түсіністікпен
қараңыз.
БИКЕШ
Ғашық жандар үшін күз
мезгілінің жағымды күн де-
рінің бірі. Романтикалық
қатынастар жақсы жаңалық та-
рымен жаныңызды жадыратып,
көңіліңізді қуантады. Осы күні
өміріңізге өзгерістер еніп, ар-
ман-тілегіңіз орындалады.
Газетіміздің №151 (377) санында жарияланған сканвордтың жауабы
КӨЛДЕНЕҢІНЕН:
Оригами. Еңіреу. Онон. Сама. Түк. Бас. Тікен. Кінә. Шынар. Дал. Шел. Ғабит. Қу. Жасу. Авар. Азот. Па.
ТІГІНЕН:
Еренқабырға. Аса. Агент. Камбуз. Аң. Үтір. Міскін. Штат. Лира. Кәде. Емле. Алқап. Алуа. Нәл. Ура.
Байқағанымыз:
Егер де сіздің әріптесіңіз таң атпай, сағат тоғыз
болмай кеңседегі өз орнында тапжылмай отырса,
онда оны жұ мыс қа ерте келгендердің қатарына
жатқызуға болмас. Ол осында қона салған ғой...
***
Ескі достар кездесіп қалады:
– Әлгі ауылдағы жынды Төкең Ғылым академия-
сында жұмыс істейді екен ғой.
– Ол онда нені зерттеп жүр екен?
– Керісінше, ғалымдар оны зерттеп жүр екен.
***
Бір музыкант келіншек пианино аспабын жөндеу-
шіні үйіне шақырады:
– Кешіріңіз, Сіз неге менің аяғымды сипалап жа-
тыр сыз.
– Мұны да түзету керек екен...
***
Қожанасыр теледидар жасаушыға келеді:
– Бауырым, менің теледидарымның даусы шық-
пай қалды.
– Қалайша?
– Кино көріп отырғанмын, сіріңкенің талымен құ-
лақ шұ қылап...
Әзіл-шыны аралас
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
Швеция тұрғыны
жедел жәрдем
көлігін такси орнына
пайдаланып, екі елді
мекенді аралап
шықты. Дәрігерлер
өздерінің алданып
қалғанын кейін
бір-ақ білді.
DN.se сайтының хабарлауынша,
Швецияның Эстергетланд провинция-
сының 28 жастағы тұрғыны жедел
медициналық жәрдем қызметіне қо-
ңырау шалып, анасының ауыр халде
жатқанын айтқан. Дәрігерлер келген
кезде ол анасының Вальдемарсик елді
мекенінде екенін айтып, ақ халатты-
лар ға жол бастап бармақ болып кө-
лікке отырады. Көлік әлгі елді мекенге
келгенде, жігіт өзінің қателескенін,
ауру шешесінің басқа, Гусум деп ата-
латын жерде екенін айтады. Ол жерге
келгенде де көмекке мұқтаж ешкім
болмай шығады. Ал жігіт дәрігерлердің
көз алдында ізім-ғайым жоқ болады.
Жергілікті билік Эстергетланд тұрғы-
ны ның әрекетін өрескел бұзақылық
деп бағалап отыр. Қазір дәрігерлерді
ақымақ қылған адам іздестірілуде.
Жедел жәрдемді
«жынды» қылды
Сөзжұмбақ шешумен әуестенетін адам қартайған
шағында жылдам алжасады. Мұндай жаңалықты АҚШ
ғалымдары жария етті.
Чикагодағы ірі медици-
налық орталықтың дәрі-
гер лері Альцгеймер ауруы-
на қатысты зерттеу жүргізу
үшін 1000-нан астам па ц-
иент ті үш жыл бойы сы нақ-
тан өткізген. Нәтижесін де
«ой еңбегімен әуес тене тін
адамдар алжасуға төзімді
келеді» деген пікірдің жаң-
сақтығы дәлелденді. Ми
қызметінің үздіксіз белсен-
ді болуы, соның ішінде –
сөзжұмбақ шешу, кітап оқу,
жаңалықтар тыңдау, мұражайды тамашалау мен ғаламтор ақтару 65
жастан асқан қарияларда аталған ауру белгілерінің қарқынды
дамуына ықпал етеді екен.
Жиі бас қатыратын адам
жылдам алжасады
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ
СКАНВОРД
Балықшы
кемесі
Кіші үй
Наразы-
лық, кө-
теріліс
Бап,
тарау
Бидегі бір
қадам
Одағай
сөз
Цирк
аттарына
арналған
ер
Екі
нәсілдің
ұрпағы
Бір жасар
аю баласы
Қағида
Ежелгі
Спарта
диқаны
Мадақ
жыр
Шикі
қамыр
Соғыс құдайы
(Грек.)
Бас жарасы
Алып
хайуан
...
Раневская
(актриса)
Жапон
шиесі
Мұхаммед
(с.ғ.с.)
пайғамбардың
серіктері
Отырар
Алғашқы,
бірінші
Қабырға
шамы
Көп пайда,
кіріс әкел-
ген фильм
Астралия
түйеқұсы
Ұзындық
өлшемі
Салық
түрі
Ұждан
Шыңғысхан.
немересі
Қозы
...
Махарадзе
(Спорт
шолушы)
Пьеса
бөлімі
Бөтен
Document Outline - 1.pdf
- 2.pdf
- 3.pdf
- 4.pdf
- 5.pdf
- 6.pdf
- 7.pdf
- 8.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |