Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет159/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

АЯҚ - ҚОЛДАРДЫ ТЕКСЕРУ
Аяқтың О
 
және X
 
тәріздес болып қисаю
(44 сурет),
білезік (қолдың ұзын түтікше
сүйектерінің эпифиз аймағында жұмырлануы) анықталады. «Інжу талшығы» (саусақ
сүйектерінің диафиздерінің бұдырлануы), рахит (мешел) ауруында, дабыл таяқшалары
(саусақтың тырнақты фалангасының томпаюы
(45 сурет) 
туа болған жүрек ақауларында,
созылмалы өкпе қабынуында, бронхоэктазды ауруларда байқалады
Хондродистрофияда
 
балтыр және білек сүйектерінің ұзындығы қалыпты болады да,
сан және қарының сүейктері қисық болып келеді. Саусақ сүйектері үш тісті айыр
тәрізденеді 
(46 сурет).
Буындарды тексеру оның түрін, деформацияның (формасының өзгеруі), терінің түсін
ажырату, оның өзгеруін қарау арқылы жүргізіледі
(47 сурет).
Оның мөлшерін
сантиметрлік таспамен өлшеу арқылы анықтайды.
Сипау арқылы буын тұсындағы терінің қызуын, сезімталдығын, ауратындығын,
жуандығын, қозғалғыштығын, буынның ісінуін, ауыратын нүктелердің дәл орнын
анықтайды.
183


44 сурет.
1)
Рахит
2)
Рахит тәрізді аурулары
Аяқтың қисаюы: 
а)
 О - тәрізд 
б)
 X- тәрізді
Флуктуация (сұйық жиналған қуыстың үстін тықылдатқанда болатын тербелу
толқыны) тәсілімен буындағы сұйықтық жиналуын анықтайды. Сәл бүгілген буынын
алақанмен екі жағынан қысып, тканьді жоғары қарай ығыстырып, тізе қабығында
тықылдатып, тербелу толқының тексеріп қарайды. Егер буында сұйық жиналған болса
шайқалғаны білінеді. Сонымен қатар, рентген арқылы, қан мен дәретті биохимиялық
тексеру арқылы да анықтайды.
1.5.4. ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
ДЕМ АЛУ МЕХАНИЗМІ
. Жаңа туылған сәбидің бірінші дем алуы организмнің
бірнеше факторлардың әсерінен қайта құрылуына байланысты болады:
1. Плацентарлы қан айналуы тоқтап, қанда көмір қышқылы газы (СО
2
) көтеріліп, РН
және оттегінің парциальды қысымы төмендейді. Осыған байланысты қолқа мен ұйқы
артериясының рецепторларынан тыныс орталығына импульс тарайды да, тыныс
орталығының тиісті параметрлерінде өзгерістер пайда бола бастайды.
2. Сыртқы ортаның төмен температурасы әсер етеді.
3. Сыртқы ортаның жоғарғы қысымы ықпал етеді.
Диафрагманың (көк еттің) жиырылуы әсерінен кеуде қуысында теріс қысым туады
да, ауаның тыныс жолдарына таралуын жеңілдетеді. Өкпе жабысқақ, тұтқыр суы мен
альвеоланың беткі керілуі тарайтын ауаға біраз кедергі жасайды. Альвеоланың беткі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет