Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет164/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ.
Өкпе лимфа түйіндерін төмендегі топтарға бөледі:
1. Трахеальды; 2. Буфуркациялы; 3. Брон-хо-пульмональды (бронхтардың өкпеге
енетін жерінде): 4. Үлкен тамырлардың түйіндері. Бұл лимфа түйіндері, лимфа тамырлары
арқылы, өкпемен, орталық көкірек қуысымен бұғана үстіндегі түйіндермен байланысқан
(50 сурет).
1.
Төменгі
трахеабронхиальды түйіндер.
1.
Жоғарғы
трахеабронхиальды түйіндер.
2.
Паратрахеальд
ы түйіндер. 
3.
Бронхопульмон
альды түйіндер.
Кеуде қуысы.
Жас нәрестелердің диафрагмасы (көк ет) жоғарырақ орналасқан,
жиырылуы әлсіздеу болып келеді. Үлкендермен салыстырғанда, үлкен болып келетін өкпе,
жүрек және орталық көкірек қуысы баланың кеуде қуысында көбірек орын алады. Жас
балалардың тыныс еттері әлсіз дамыған. Жас балалардың қабырғалары омыртқаға
перпендикуляр жатады. Қабырға аралықтары жіңішке, тегістелген. Кеуде қуысы үнемі
тыныс алу қалпында болады және қабырғалар өкпе бетіне басыңқырап, кіріп жатады. Бұл
ерекшеліктердің бәрі өкпенің толық жазылу қабілетін тежеп, тыныстық беттің көлемін
азайтады.
ТЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тыныс мүшелері қызмет бойынша алып келетін бөлігінен: көмекей, кеңірдек, трахея,
яғни, бронх «бұтағы» және тыныс бөлігінен ацинус, яғни бронхиолдар, альвеол жолдары
мен альвеолдардан тұрады. Демалу, тыныс әрекеті (қызметі) – газ алмасу диффузия (сіңу,
араласу) арқылы жүреді. Альвеолдан өкпе капиллярларындағы қанға оттек түседі, ал
қаннан альвеолаға көмір қышқыл газы өтеді.
Өкпедегі газ алмасу бір-бірімен байланысты бірнеше механизмдерге негізделген
күрделі процесс: альвеол эпителийіндегі сурфактанттың пленкасынан оттек және көмір
қышқыл газы молекулалары өтеді. Олар капиллярлар эндотелийі арқылы қан плазмасына
кіреді және гемоглобинде бекіп орналасады. Бұл процесстердің құрылымы аэрогематика-
лық барьер (ауа-қан кедергісі) болып есептелінеді. Ол өкпенің үлкен көлемін алып жатады
да, газдың организмге қажетті мөлшерде сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Ауа-қан кедергісі келесі компоненттерден тұрады 
(51- сурет):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет