Қан айналымының шамасыздығы.
Барлық немесе жекеленген мүшелердің және
тканьдердің қанмен қамтамасыз етілуін бұзуға, қан мөлшерінің қан арнасының әртүрлі
аймағында патологиялық қайта бөліп таратуға соқтыратын гемодинамикалық
өзгерістердің қосындысы.
Қан айналымының шамасыздығы жедел (бірнеше сағат мерзімінде) және созылмалы
(бірнеше күн және одан да ұзақ мерзімде) болып екі түрге бөлінеді. Сол қарынша түрлі
жүректің жедел жарамсыздығы кенеттен пайда болатын тұншығу түрлес ентігумен,
акроцианозбен, кілегей қабықтардың көгеруімен, тахикардиямен сипатталады. Ерте
жастағы
балалар мазасызданып, ыңғайын таба алмай қара терге түседі. Жүрек тұйықтығы
сол жаққа қарай ұлғаяды, пульстың толықтығы азайып, жиіленеді. Жүрек дыбыстары
тұншығып естіледі, кейде қатты тұншығады. «Шоқырақ» ырғақты болуы мүмкін.
Өкпелердің төменгі бөлігінде сырыл көбейеді де, олар өте үнді болып келеді. Баланың
тынысы шулы, гүрілді болады, көбікті қан аралас қақырық бөлінеді, баланың ақыл-есі
бұзылады. Оң қарынша түрлі жүрек жарамсыздығына ерте жастағы балаларда бауыр мен
бірге талақ та өседі, жергілікті көк тамырлар ісінеді (бұл белгі ерте жастағы балаларда
болмауы мүмкін), ісіктер сирек кездеседі.
ЖЕДЕЛ ТАМЫР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Талма,
кенеттен ақыл-есінен айрылу. Бұл жағдайда шұғыл ағару, мағналы әлсізденуі
анықталады. Ақыл-есінен айырылуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін (сиректеу
бірнеше сағатқа) созылуы мүмкін. Бұл кезде баланың қарашықтары ұлғаяды, сірі қабық
және қарашық рефлекстері әлсірейді немесе жойылып кетеді. Тамыр қысымы төмендейді,
жүрек дыбыстары тұншығып естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: