Талықсу (коллапс) жедел пайда болған тамыр жарамсыздығы, тамыр тонусының
төмендуімен және қан айналу мөлшерінің азаюымен сипатталады.
Әдетте баланың жалпы жағдайы кенеттен нашарлайды. Ақыл-есі сақталған, бірақта,
бала талғаусыз (байыпсыздық) қалыпта болады, терісі боз түстеніп, мұрын ұшы,
бармақтары, ерні көгереді. Терісі мұздап, тыныс беткі, жиіленген болады. Пульстің
толықтығы азайып, соғысы жиіленіп, зорға анықталады. Тамыр қысымы мағналы
төмендейді (систолалық пен диастолалық бірге). Көк тамырлар басылады, жүрек
дыбыстары алғашқыда қатты естіліп, содан тұншығып естіледі. Оқтын-оқтын аритмия
(экстрасистолия) пайда болуы мүмкін.
Ерте жастағы балаларда талықсу кезінде тырысу және ақыл-есінен айырылуы
байқалуы мүмкін.
Созылмалы жүрек шамасыздыгы. Созылмалы жүрек шамасындағы балаларда тұтас
жарамсыздығы түрде болады. Клиникалық белгілерге байланысты қан айналымының
жарамсыздығы бірнеше сатыға бөлінеді.
І-ші сатысы. Денеге салмақ түскенде пайда болып, ентікпемен, тахикардиямен, ему
процессінің қиындауымен, ызалануымен, ұйқының бұзылуымен сипатталады.
ІІ-ші сатысы. А кезеңі. Белгілері гемодинамикалық нашарлауының қан айналы-
мының қай шеңберінде пайда болатынына байланысты. Сол қарыншалық түрде ентігу
пайда болады: тыныс жиілігі тыныштықтағы жасының мөлшерінен 30-50% артық және
жүрек соғысының жиілігі тыныш кездегіден 15-30%-ке көбейеді. Оң қарыншалық түрде –
іштің кебуі, шамалы гепатомегалия (қабырға доғасының 3 см төмен), тиісті салмақ
сызығының өзгергіштігі, зәр шығаруының сиреуі байқалады.
ІІ-ші сатысы. Б кезеңі. Сол қарыншалық түрде тыныс жиілігі 50-70%-ке, жүрек
соғысының жиілігі 30-50%-ке көбейеді, акроцианоз, жабысқақ жөтел, өкпеде тұрақты емес
ылғалды сырылдар болады.
Оң қарыншалық түрде гепатомегалия (3-5 см), іштің, белдің, ер балаларының енінің
ісінуі пайда болады.
ІІІ-ші сатысы.