Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет206/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Сол қарыншалық түрде
– өкпе шемені немесе соған жақын
жағдайлар байқалады: тұншығу, терең дем алу, оқтын-оқтын ауыр жөтелу. Оң қарыншалық
227


түрде мағналы ісік синдромы байқалады: гепатоспленомегалия, олигоурия, нәжістің
тұрақсыздығы.
1.5.6. АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ
Балалар ас қорыту жолының патологиясы әртүрлі, осымен қатар баланың жасына
байланысты кейбір науқастар балалық шақтың кейбір кезеңіне ғана тән болып келеді.
Екінші жағынан баланың жас кезеңдеріне байланысты аурулардың клиникалық
белгілерінің көптеген ерекшеліктері, оны анықтап диагнозын қоюды қиындатып жібереді. 
Ауыз қуысы.
Жаңа туылған және емшек жасындағы балалардың ауыз қуысы
кішкене болып келеді. Тіс өсінділері және қатты таңдайдың күмбезі шамалы дамыған.
Баланың тілі ауыз қуысының көлемінен үлкен болып келеді де, оның қуысын толық алып
тұрады. Шайнау еттері және ерін бұлшық еттері жақсы дамыған. Қызыл иекте қатты
болып келетін және жақсы бөлектенген майлы жастықшалар бар. Ол Биша төмпешіктері
деп аталады. Бұл төмпешіктер қызыл иектің иілгіштігін қамтамасыз етіп, соруға жақсы
жағдай жасайды.
Эпителиальды жамылғысы айқын қызыл, нәзік, қан тамырларымен бай, бірақ
құрғақтау болып келеді. Жаңа туылған балаларда қатты таңдайдың ортаңғы сызығының
бойында сарғыш ақ нүктелер байқалады. Олар алғашқы апталар ішінде жойылып кетеді.
Жақтың бойында қатты ұзынша томпақтар орналасқан, кілегей қабаты кішкене жастықша
сияқты қыртыстанған, төменгі жағы кейінірек орналасқан.
Бұл ерекшеліктердің барлығының баланың емуге (соруға) икемдеуде атқарар маңызы
үлкен.
Қысқа, жалпақ және қалың тіл лимфа фолликуларымен бай, бүртіктерінің барлық
түрлері де дамыған. Бүртіктерінің саны бір жыл бойына арта түседі. Мерзімінде туған дені
сау баланың ему рефлексі жақсы дамыған болып келеді. 
Өнеш.
Жасқа дейінгі баланың өңешінің сағасы жұмсақ. Таңдайдың төменгі артқы
жиегінен жоғары орналасқан және ауыз қуысымен жалғасып тұрады. Сондықтан, жас сәби
бір мезгілде тыныс алып және тамағын сорып жұта алады. Бұны үлкен адамдар істей
алмайды.
Бала дүниеге келген мезгілде, оның өңеші негізінен қалыптасып біткен, оның
ұзындығы орташа 10 см, 15 жасқа келгенде ол екі есе үлкейеді (19 см), яғни кішкене
сәбилердің өңеші біршама қысқа болып келеді.
 
Жаңа туған баланың өңеші жұқа болады.
Одан әрі кілегей қабатының эпителиясы тез қалындай бастайды. Етті қабығы бұл кезде
нашар дамыған, кілегей асты қабаты, керісінше, өте жақсы дамып, қан тамырлары мен
лимфоидты элементтерге бай болады. Өңештің басқа жан жағындағы мүшелерге жанаса
орналасуына байланысты, оның ұзын бойында бірнеше тарылулар пайда болады.
Неғұрлым көлемдірек таралуы, оның көк ет арқылы өткен жерінде. Ал, кішірек тарылуы
кеңірдек (трахея) бифуркациясының деңгейінде, яғни сол жақ бронхтың өңешпен
қиылысқан жерінде және сол жақ жүрекшенің артқы қабырғасымен өңештің жанасқан
жерінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет