Тік ішек.
Жаңа туған баланың тік ішегінің ампуласы жетілмеген. Артқы тесік (көтен
ішек) жотасы, қуысы қалыптаспаған, шел майы жоқ, осыған байланысты ішек дұрыс
бекімейді. Артқы ішек каналы 4 см. 1-ші айлардағы баланың ішегі қысқа келеді және ішек
толған кезде кіші жамбас қуысты толық алып тұрады. 2 жасқа таман толық орнығады.
Кілегей асты қабығының жақсы жетілуі мен кілегей қабығының нашар бекітілгендігінен
балаларда ішек айналуы жиі кездесіп отырады.
Аш ішекпен (жоғары шажырқай артериясының артымен оңнан солға карай) тоқ
ішектің (осы артериядан солдан оңға қарай) толық ауысу процессі
ішектің бұрылуы
(ротациясы)
деп аталады.
Ішектін микрофлораларының
өзіндік ерекшеліктері болады. Ішек микрофлора-
ларының қалыптасуының бірнеше сатылары анықталады:
1. Асептикалық саты – бала дүниеге келгеннен кейін алғашқы 10-20 сағат бойына ас
қорыту жолында бактериялар мүлде болмайды.
2. Микробтардың жайылу сатысы – ас қорыту жолдары мұрын, кеңірдек тыныс жолдары
және көтеншек (анус) арқылы тез, микробтар мен (стафило-, стрепто- және
пневмококктар) бактерияларға және басқаларға тола бастайды. Балаларда бұл кезде
қысқа мерзімде физиологиялық диспепсия байқалады. Бұл саты 3-4 күнге созылады.
3. Ішек микрофлорасының тасымалдау сатысы – ана сүтімен қоректендіруді қалып-
тастыру және дұрыс нәжістің пайда болуына сәйкес келеді.
Микрофлораның түрі баланың қоректенген тамағына, жыл мезгілдеріне, баланың
денсаулығына және тағы басқа да жағдайларға байланысты болады.
Баланың асқорыту жолдарында микрофлоралар бірқалыпты жайылмайды. Қарында
аздаған сапрофиттер (энтерококк, сарцин, ақ стафилококк, уақ саңырауқұлақтар және т.б.)
кездеседі. Ұлтабарда микробтар бұдан да аз болады. Төменгі бөліктерде микробтар
көбейеді, ең көп тұрақтайтын жері тоқ және тік ішектер болады.
Қалыпты дұрыс ішек таяқшаларының санды және сапалы түрде симбионттар жағына
қарай өзгеріп, көбеюі
Достарыңызбен бөлісу: