Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет246/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

90 сурет. 91 сурет.
Несеп ағарлық нүктелердің Пастернацкий белгісін анықтау
орналасу схемасы.
 әдісі.
1.
Жоғарғы
несепағарлық нүкте.
1.
Төменгі
несепағарлық нүкте.
НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ БӨЛУ МҮШЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ
Сау баланың жуық арада жиналған кіші дәретінің түсі ақшыл сары, мөлдір болып,
ұшпалы май қышқылдарына байланысты әлсіз ғана қышқыл иісті болады. Бала өсімдіктер
жеген болса, реакциясы сілтілі болады. Несептің жалпы зертеуінде меншікті салмағы
ауытқымалы болады. Ол қаншалыкты су ішкеніне байланысты. Қалыпты физиологиялық
жағдайда 1005-1029-ға тең. Несеп тұнбасын микроскопия жасағанда, бір көру аймағында
бірлі-жарым лейкоциттер (5-6-дан болмауы керек), бір ғана эритроцит көруге болады.
Белок болмайды немесе 0,033% дейін ғана болуы керек. Патологиялық жағдайларда түрлі
өзгерістер байқалады.
Несептің түрінің өзгеруі 
– несептің түсі қан араласқанда еттің жуынды суы сияқты
қоңыр-қызыл болып (гематурия, макрогематурия), ірің араласқанда (пиурия) лайланып
және тұздар көп мөлшерде байқалғанда, өзгереді. Қоңыр-қара түсті, несеп гемоглобину-
рияда (гемолитикалық анемия, тобы сәйкес келмеген қан құйғанда, бертолетті тұздармен
262


уланғанда және т. б.) кездеседі. Алкаптанурияда несеп қарайып кетеді. Несептің түсі,
сонымен қатар, әртүрлі дәрі-дәрмектерге (амидопириннен соң – қызыл, сантониннен соң –
сары және т. б.) және тамақтың түріне де байланысты (қызылша және т. б.) өзгереді.
Иісі.
Несептің иісі кейбір патологияларда маңызды мәлімет беруі мүмкін.
Мысалы:
фенолкетонурияда (фенилаланин алмасуы бұзылғанда) несептің иісі – «тышқанның иісі»
сияқты болады. Несептен жаңа піскен нанның немесе ашытқының, үйеңкі шырынының
иісі шығуы мүмкін (лейциноз).
Гипостенурия
– зәрдің меншікті салмағының төмендеуі (1002-1005) – суды көп
мөлшерде ішкенде, ісік тарағанда, қантсыз диабетте, созылмалы бүйрек
жарамсыздығында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет