Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Балалардың көректік жағдайын бағалаудың негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет279/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Балалардың көректік жағдайын бағалаудың негізгі принциптері.
Тиімді
тағамдандыру балалардың көректік жағдайын алдын ала бағалауды талап етеді. Ол үшін 3
тәсіл қолданылады:
1. Балалардың көректілігінің қазіргі жағдайын және оның қазіргі энергияның жойылуына
сәйкес келуін анықтау. Ол үшін анкеталы-сұрастыру және салмақты өлшеу әдістері
қолданылады.
Анкеталы-сұрастыру әдісі.
1-7 күн ішінде күнделікті тағам рационын балалардың
ата-аналарынан арнайы сұрақтардан тұратын анкеталарды толтыру арқылы жүргізіледі.
294


Салмақтық әдіс.
Күн бойына баланың ішкен тағамын өлшеу арқылы бағалау, 3-7
күн бойына жүргізіледі.
Емшек жасындағы балалардың ішкен тамағы тамақтандырғанға дейін және онан
кейін баланың салмағын өлшеу арқылы анықталады.
Жасанды және аралас тамақтандыру берілетін қоспа, қосымша тағамдар
мөлшерленеді. Бұл алынған мәліметтерден соң тағамдардың энергиялық құндылығы,
химиялық құрамы, баланың жасына сай қалыпты физиологиялық мұқтаждығымен
салыстырылып, тексеріледі.
2. Дене дамуы, денсаулық жағдайы баланың тамағының сапалылығы туралы мәлімет
береді.
3. Балалардың тағамдық маңызды заттармен қамтамасыз етілғендігін биохимиялық
тәсілімен анықтайды. Организмнің қажетті нутриенттермен қамтамасыз етілгендігін
анықтауға арналған биохимиялық әдіс организмдегі биологиялық сұйықтық пен
тканьдердегі нутриенттерді және олардың әрі қарай биотрансформацияланған
метаболиттерін есептеуге негізделген. Организмнің
 
белокпен қамтамасыз етілгендігін
қандағы жалпы белоктың жалпы мөлшерін, ауыстырылатын, ауыстырылмайтын
аминқышқылдарын, альбумин, азот балансын, және зәрмен экскрецияланған жалпы
азоттың, мочевинаның, креактининнің, аммиактың мөлшерін анықтау арқылы
жүргізіледі. Бала организмінің липидтермен қамтамасыз етілуін май қышқылының
метаболизациялық коэффициентімен анықтайды.
Витаминдермен және минеральды заттармен қамтамасыз етілуін олардың
экскрецияланған мөлшерін қалыпты мөлшерімен салыстырып тексереді.
Балалардың тамақтану жағдайына бағалау комплексті түрде клиникалық,
биохимиялық зерттеу нәтижесінде берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет