Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет281/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ЛАКТАЦИЯ.
Лактация күрделі процесс. Сүт безі 15-20 бездік бөлектерден тұрады. Оларды
дәнекер перделер бөлекшелер мен ацинустарға бөліп тұрады. Ацинус сүт синтездеуші куб
тәрізді клеткалар мен сүттің бөлінуіне ықпал ететін миоэпителиальды клеткалардан
тұрады. Ацинустардан түтікшелер бөлініп шығып, бөлікше аралық түтіктер қосылып,
бөлік аралық түтік құрайды. Бұл түтіктерден сүт езегінің бұтағының, емізік маңы
дөңгелекшелердің тұсынан ашылатын шеткі өзегі құралады.
Сүт кұрамы жыл мезгілі және тұқым қуалаушылық, гормондық, сыртқы (тамақтану
ережесі, ананың денсаулығы және т.б.) факторлар сияқты, көптеген әсерлерге байланысты.
УЫЗ
. Жүктіліктің соңғы күндерінде және әйел босанғаннан кейінгі алғашқы
күндерде желім тәріздес қою, сарғыш немесе сұрлы сары түсті сұйықтық, яғни уыз
(молозиво), бөлінеді. Уыздың тығыздығы 1050-1060. Уыздың құрамында, сүтпен
салыстырғанда, белок, В
12
, Е витаминдері көп, А витамині мен каротин 2-10 есе, аскорбин
кышқылы 2-3 есе, тұздар 1,5 есе артық болады. Белоктардың альбумин және глобулин
фракциясы казеинге қарағанда басымырақ келеді. Уыздың құрамында алғашқы 3 күнде
казеин болмайды. Ол 4-ші күннен бастап пайда болады. Мөлшері ұлғая түседі. Баланы
емізгенше уыздың құрамында белок мөлшері өте жоғары (102,6-132 г/л) болады. Содан
кейін біртіндеп азаяды. Уызда, әсіресе, иммуноглобулин А көп болады. Май мен сүт
қантының мөлшері уыз бен уызды сүтте, толық жетілген сүтпен салыстырғанда,
керісінше, аз болады.
50 КЕСТЕ
УЫЗ БЕН СҮТТІҢ ҚҰРАМЫ
Белок
Қант
Май
Күл
Уыз
80-110
40-53
28-41
8,1-4,8
Өткінші сүт (4-5 күннен 
бастап)
23-14
57-66
29-44
2,4-3,4
296


Жетілген сүт (2-3 аптадан 
бастап)
14-12
73-75
33-34
1,8-2,0
Микроскоппен қарағанда, уыздың құрамында денешіктер деп аталатын, май
тамшыларына толған, дөңгелек клеткалар анықталады. Бұлар майланып өзгеру
сатысындағы лейкоциттер. Сонымен қатар, микроскоппен шамалы өзгерген лейкоциттерді
де көруге болады. Антиденелік қасиеттер бойынша лейкоциттердің көбі лимфоциттер
тобына жатады, олардың 10-25%-ның иммуноглобулиндер синтездеу қабылеті бар. Кейбір
ғалымдардың көзқарасы бойынша сүттегі макрофагтардың (1 мл ана сүтінде шамамен
2000 клетка болады) фагоцитарлық қасиеті бар. Бұл қасиеттері емшектегі балалардың
ішегінде жергілікті иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді. Баланың қанының
белоктарының құрамына сәйкес болғандықтан уыздың көптеген белоктары (альбумин,
глобулин және басқалар) ішек-карында езгеріссіз сорыла алады.
Уыз – тамақтандырудың өте маңызды аралық түрі болып табылады. Бір жағынан ба-
ланың энтеральды (лактотрофты) тамақтануының басталуы болып келеді. Анасының жас
уызын ішкен жаңа туылған бала алғашқы күндері калориясы жоғары және биологиялық
маңызы үлкен, көп заттар қабылдайды. Уызда 1-ші күні 1500 ккал/л, 2-ші күні 1100 ккал/л,
3-ші күні 800 ккал/л, 4-ші күні 750 ккал/л, 5-ші күні 700 ккал/л энергия болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет