Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет288/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

2. Емшектің ұшының қысқа,
ішіне тартылған, жалпақ, инфантильді, тығыз болып,
түрінің өзгеруі. Бұндай жағдайда балаға емшекті, әдейі осыған арналған, емізікшелер
арқылы сорғызады. Массаж жасап, уқалап, қолымен тартып, сауып, біртіндеп баланы
емізуге үйретеді.
3. Емшек ұшының жарылуы 
– лактацияның алғашқы аптасында пайда болады, көбіне
маститтің пайда болуына себепкер болады.
Емшектің ұшының жарылуына әртүрлі даму ақаулары, бала емгенде зақымдану,
ананың жеке гигиенасын толық сақтамауы себепкер болады. Бұндай жағдайларда баланы
сауылған сүтпен тамақтандыруға немесе арнайы емізікшелер арқылы емізуге мәжбүр
болады. Емшектің сүттен толық босауын қадағалап отыру керек. Анестезин қосылған май,
А витамині, бриллиантты көктің 1%-дық ертіндісі, дезинфекциялайтын препараттар,
ультракүлгін сәуле сияқты эпителизациялауға бейімдейтін шаралар қолданылады.
4. Мастит 
– сүт безінің қабынуы. Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына
байланысты пайда болады. Маститтің пайда болуына жеке гигиенаны сақтамау, сүт
бездерін дұрыс күтпеу, сүт безінде сүттің тоқырауы әсерін тигізеді.
Мастит бездің ісінуі, жекеленген тығызданып ауруы, лимфа түйіндерінің үлкеюі,
организмнің уыттану белгілерінің және қызбаның пайда болуы сияқты клиникалық
белгілерімен анықталады.
Алдын алу шаралары:
сүт бездерін ұкыпты күту, емшектің жарылуын мезгілінде
дұрыс емдеу, баланы дұрыс емізу, емшекте сүттің тоқырауын мезгілінде жойып отыру.
Жаңа басталып келе жатқан қабынуды жою үшін абайлап сүтті сауу, емшекті жоғары
тартып, байлап тастау пайдалы болады. Маститті емдеу тиісті мөлшерде антибиотик
тағайындау және зақымдалған емшектен сүтті түгел сауып тастаудан басталады.
Маститтің жергілікті түрлерін емдеу хирургпен бірігіп жүргізіледі. Баланы зақымдалған
304


емшекпен емізу мәселесі клиникалық белгілеріне анасың, баланың жағдайларына байла-
нысты әрбір жағдайда жеке шешіледі. Организмнің уыттану және қызба белгілері айқын
білінгенде баланы емізуге болмайды. Сауылған сүтті балаға беруге болама деген мәселені
шешу үшін бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет