әсіресе, жаңа күйінде көк-өніс, жеміс-жидек қабылдауына үлкен көңіл бөліп отыру керек.
Шикі көк-өністен жасалған салаттар, жеміс-жидек (күнде), табиғи және консервілінген
шырындар, жеміс пюрелерін берген жөн. Макарон тағамдарының күніне 1 реттен артық
қайталанбауын қадағалап отырған жөн. Егер ертеңгісін ботқа берілсе, кешкісін көк-өніс
пюресін немесе басқаша дайындалған түрін беру керек. Күніне көк-өніс тағамдары 2
реттен кем берілмеуі керек.
Тамақтардың кейбіруі жоқ болса, оларды басқа тамақтың тиісті мөлшерімен
ауыстыру керек. Бұндай мәлімет арнайы берілген кесте бойынша анықталады
(59 кесте).
Мысалы, 100 г етті 110 г сүзбе ауыстыра алады, бірақ сүзбеде май көп болғандықтан сол
күнгі тамақ құрамынан 6,5 г май алынып тасталуы керек. Сол сияқты 100 г етті 155 г
балықта ауыстыра алады, бірак онда 2 г май қосылу керек.
59 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: