Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Зәр шығару және жыныс мүшелері



Pdf көрінісі
бет324/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Зәр шығару және жыныс мүшелері.
Өмірінің бірінші күндерінде бала зәрді аз
шығарады (тәулігіне 4-5 рет). Зәр шығаруы, зәр шығару жүйелерінің туа болған ақауларын
анықтау үшін даму тарихына тіркеліп отырады.
Жаңа туылған баланың сыртқы жыныс мүшелері жетіліп дамыған. Ер балалардың
аталмыш бездері ұмасында, қыз балалардың жыныс саңылауы жабық болады.
Жүйке жүйелері.
Жаңа туған бала сыртқы тітіркендіргіштерге шамалап жауап
береді. Оның себебі ми қабығы әлі толықтай жетілмеген, қатты тітіркендіру жүйке-іс
әрекетін тежеп, ұйқыға соқтырады. Жаңа туған баланың жүйке-іс әрекетін тексеру –
жалпы тексерудің маңызды бөлігі. Жаңа туған балада есінеу, ему, жұту бейнелістері жақсы
анықталады. Бұл бейнелістер III–IV дәрежелі шала туған және қатты зақымдалған
балаларда анықталмайды. Жүйке жүйесінің жетілмеуіне байланысты жаңа туған
балаларда бірнеше аптадан кейін жойылатын бейнелістер анықталады (физиологиялық
рефлекстерді қара).
Тіршілігінің бірінші тәуліктерінде кездесетін жаңа туған баланың физиологиялық
жағдайлары тиісті бөлімдерде толық жазылған.
Терінің физиологиялық қабынуы туылғаннан кейін, бірнеше сағат өткесін баланың
терісі қызарады. Бұл жағдай жаңа туған баланың физиологиялық қызаруы деп аталады. Ол
бірнеше күннен кейін жойылып кетеді. Оның орнына ұсақ қабыршақтану (әсіресе, алақан
мен табанында) пайда болады – физиологиялық қабыршақтану.
Токсикалық эритема. 
Бірінші күндердегі баланың ерекше жағдайы. Бала терісінде
іріңсіз шамалы гиперемиямен шектелген, кішкене ақ ісік, кей кездері бірімен-бірі қосылып
маса шаққандай болып тұрады немесе көлемі 5 мм және одан артық торсылдақ пайда болу
мүмкін. Токсикалық қызару 2-3 күннен кейін жойылып кетеді. Себептері толықтай
анықталмаған, зерттеушілердің көбісі оны ұрықтың анасының белогына аллергиялық
реакциясы деп болжамдайды.
Физиологиялық сарғаю. 
Бұл жағдай 2-3 тәуліктің соңында анықталады, жаңа туған
балалардың 70% 7-10 тәулікте жойылады. Бұл жағдайдың негізінде гемолиздің қарқынды
жүруі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет