Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет323/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Нәрестенін бұлшық еттері.
Жаңа туған баланың бұлшық еттері нашар дамыған.
Баланын жағдайының өте маңызды көрсеткіштерінің бірі болып бұлшық еттердің тонусы
есептелінеді. Жаңа туылған кезде бұлшық еттерінің шамалы гипотониясы анықталады,
сосын оның орнына гипертония пайда болады және бүккіш еттерінің тонусы жазу
еттерінің тонусынан жоғары болып келеді. Сол себептен нәрестені жалаңаштағанда қол-
аяғын бауырына жинап жатады. Бұл нәрестенің физиологиялық қалпы болып саналады.
Жаңа туған баланың қимылы координациялы емес, атетоидты үзілісті, шалқасынан құлап
жатқан қоңыздың қимылдарына ұқсас болады.
Тыныс жүйелері. 
Бірінші терең дем алғаннан кейін жаңа туған баланың тыныс алуы
дұрыс, ырғақты болады, кейбір кездерде тыныс алуының ырғақтылығы бірнеше күннен
кейін пайда болады. Нәрестенің тыныс алуы жиі (1 минутқа 40–60 рет). Тіршіліктің
бірінші күндерінде жүрек соғуы ырғақсыз, жиі, 1 минутқа 120–160 болады. Ұйықтап
жатқанда жүрек соғуының жиілігі 20–25 ретке азаяды, ал айқайлағанда, емгенде,
қимылдағанда, жиіленеді. Туылғаннан кейінгі бірінші күндерде төстің сол жақ маңайында
ұрықтық тамырлардың бітелмегеніне байланысты систолалық шу анықталуы мүмкін.
Ас қорыту мүшелері.
Нәрестенің ішін қарағанда, іштің пішініне (кебу), кіндіктің
жағдайына (қан ағу) назар аудару керек. Көтенішектің аймағын қарап, оның атрезиясының
бар-жоғын анықтау қажет. Тоңғақтың шығуы көтенішектің дұрыс дамығанының белгісі.
Бірінші тәуліктің ішінде тоңғақ шықпаса жаңа туған балаларды резина катетерді анусқа
337


кіргізіп, тексеру керек. Қалыпты жағдайда катетерді 10 см тереңдікте енгізуге болады,
көтенішектің атрезиясында катетер бүгіліп кері шығады.
Тіршіліктің алғашқы екі тәулігінде тұңғыш нәжіс, жасыл түсті, ботқа тәріздес
болады, оны меконий (тоңғақ) деп атайды. Оның құрамында ас қорыту сөлдері, қабыр-
шақталған эпителиальды клеткалар, жұтылған ұрықтық сулар болады. Мөлшері 60 - 70 г.
Бала даму тарихына міндетті түрде тоңғақтың болған болмағанын тіркеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет