Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
тәртіппен айғақтар болған
кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан
денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық
туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;
8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың
құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және
медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін,
еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытынды-
ларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз
алуға;
9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника
айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және
субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
ден-саулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым
жасауға;
11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда,
тәуелсіз са- рапшыларды тарту туралы өтініш беруге құқығы бар.
2. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз
денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы
әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.
Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, оларды динамикалық байқау
және сауықтыру;
2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты
болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды
медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен
босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының