Клиникалық көрінісі. Катаральды көріністердің және қабыну процессінің орналасу
айқындылығы тек қоздырғышымен ғана емес, сонымен қатар науқастың жасы мен жеке
ерекшеліктеріменде анықталады.
6.1.1.1. Жедел ринит емшек жасындағы балаларда, емшек емуін қиындататын, мұ-
рынмен тыныс алуын қиындатады. Клегейдің жұтқыншақтың артқы бетімен ағуы жөтел,
әсіресе түнде, шақырады. Ауызбен тыныс алғанда байқалатын ауыз қуысының кеуіп қал-
уы жөтелді үдете түседі. Клегейлі-іріңді бөліністің пайда болуы, бактериялық инфекция-
ның жалпы белгілері болмаса да, екінші реттегі бактериялық инфекцияның қосарлануы-
ның куәсі болады. Мұрынжұтқыншық инфекциясында евстахиев түтіңгінің тарылуы
дауылпаз қуысында қысымның артуына әкеледі де, құлағының ауруымен білінеді.
Катаральды немесе
іріңді жедел ортаңғы отит клиникалық тұрғыдан баланың
мазасыздануымен, қатты айқайлап жылаумен білінеді. Емшек еме бастағанда, 2-3
сорғаннан кейін, бала емшекті аузынан шығарып тастап, басын кейін шалқайтып,
жылайды. «Құлақ бүртігіне» (трагус) сақтықпен басқанда баланың мазасыздануының
диагностикалық маңызы бар.
Отит туралы күдік пайда болған барлық балаларға отоскопия жүргізіліп, іріңді
ортаңғы отит немесе буллезді мирингит (дауылпаз жарғағының қабынуы) бар-жоғын
анықтау қажет. Іріңді ортаңғы отит мастоидитпен, отогенді менингитпен асқынуы мүмкін.
Қайталап білінетін ортаңғы отит өсе келе баланың саңырау болып қалуына ықпал етеді.
Жедел синусит вирусты ЖРА-ның құрамында 70-80% жағдайда кездеседі де
синустарға сұйықтық жиналумен немесе клегей қабатының қалыңдауымен білінеді.
Бұндай өзгерістер 10-20 күнде жойылып кетеді. Егер синустар аймағында ауырсыну,
салмақ түсу сезімі, басының ауруы, қзба, қан анализінде басқа себепсіз қабыну
432
процесстерінің көріністері білінсе бактериялы этиологиялы синусит туралы ойлау керек.
Іріңді синуситті ренгенограмма жасап дәлелдеу керек.