Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет482/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Эфференттік ем
.
Ұзақ созылмалы процессте бактериальдық токсиндер жиналады.
Бұлар өкпе деструкциясына әкеледі. Осы себепті плазмафарез, ибупрофен қолданылады. 
Диуретик амилорид (ингаляция арқылы) тыныс эпителийі жасушаларындағы иондық
тасымалды реттеп, секреттің тұқырлығын азайтады.
Адам ДНҚ-азасы (ингаляция арқылы) қақырықтың реологиялық қабылетін
жақсартады.
Болжамы
 
онша жағымды емес. Ресейде орташа өмір ұзақтығы 16 жылдан аспайды
(Н.И. Капронов, 1995 ж).
Алдын алу.
Муковисцидоз диагнозын мерзімінде қою үшін пробандтар отбасын
мұқият тексеріп, осы кеселмен ауру балаларды бақылау, пренатальдық кезеңнен бастап
диагноз қою мәселесіне көңіл аудару керек 
(103 сурет).
103 сурет. 
Нәрестелер мен сәбилерде Муковисцидоз диагнозын ерте қою алгоритмі
7.3. БРОНХОЭКТАЗДЫҚ АУРУ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПНЕВМОСКЛЕРОЗ
468
Меконийде альбумин деңгейін анықтау. 
Нәресте қанының құрғақ дағында иммунореактивті 
трипсин концентрациясын тексеру
Жауап теріс (–)
Жауап оң (+)
Тер электролит-
терін тексеру
Диспансерлік бақылау (МВ-дың
клиникалық белгілері бар болса –
ДНҚ- зондтау диагнозы)
Диспансерлік бақылау
(мутацияны тексеруде диагноз
анықталған)
Тер электролит-
терінің деңгейі
ДНК-зондтау
диагнозы
Қалыпты 


Бронхоэктатикалық ауру –
негізгі патоморфологиялық субстраты, созылмалы
іріңдік процесспен қабаттасатын, көбіне өкпенің төменгі сегметтерінде бронхтың
жергілікті кеңеюі мен деформациясы болып келетін ауру. 
Этиологиясы
. Бронхоэктазалар түрлі жағдайларда пайда болады. Жүре пайда болған
бронхоэктаздық ауру жедел пневмонияның асқынуы, бөгде дене және тағамның
созылмалы аспирациялары нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда біріншілік
бронхоэктазалар туралы сөз болады. 
Екіншілік бронхоэктазалар балаларда туа біткен ателектазда, трахеобронхиальды
бұтақтың ақаулыры, иммундық тапшылық, муковисцидоз, цилиарлы дискинезия негізінде
пайда болады. Соңғы жылдары жедел пневмония мен балалардағы бөгде денелердің
аспирациясының сапалы диагностикасы емі нәтижесінде біріншілік бронхоэктазаның
кездесу жиілігі төмендеді. Деформацияланған бронхтардағы созылмалы-іріңді
процесстердің жиі қоздырушылары болып, гемофильді таяқша, пневмококк,
гемолитикалық стрептококк, грам теріс (-) шартты-патогенді флора есептеледі.
Патогенезі.
Бронхоэктазаның патогенезінде маңызды рөльді бронхтар өткізгіштігі-
нің бұзылысы мен ателектаз алады. Зақымдалынған аймақта гипоксия фонында лимфо-
және қанайналысы, трофикасы, иннервациясы бұзылады; пролиферативті процесстер
негізінде клеткалық элементтердің феррменттативтік белсенділігі төмендейді.
 
Іріңді процесс, бронх қабырғасын зақымдап, құрылымды элементтердің
дегенерациясына, содан соң тіннің грануляциялануына, одан әрі склерозға (қыртыстарға)
әкеледі. Нәтижесінде бронхтар секреттен босау (тазалау) әрекетінен, тіптен механикалық
обтурацияны жойғаннан кейінде, айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет