Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет589/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ажырату диагнозы.
Адгезивті перикардит
туберкулездік, ревматикалық,
септикалық процесстерден кейін пайда болуы мүмкін. Клиникалық көрінісінде
гиподиастолия типтес гемодинамикалық бұзылыстар басым келеді. Кейде тері жүрек ұшы
соғуы анықталады. Жүрек шекаралары шамалы өзгереді. Тахикардия, өкпе артериясында
ІІ тонның акценті, протодиастолалық қосымша тон (перикардиальды тон) тән болып
келеді. Рентгеноскопияда жүректің пульстік тербелісі азаяды, ал жүректің мөлшерлерінің
ұлғаю байқалмайды. 
Емі мен алдын-алу.
Негізгі ауруды емдеу
(антимикробты, антигистаминді ем,
химиотерапия, диализ және т.б.).
Перикард қуысының пункциясы және дренаж
(іріңде перикардитте) жасалады. 
Ота жасау емі
(адгезивті перикардитте).
Перикардиттің арнай алдын-алу шаралары жоқ. 
Диспансерлік бақылау
.
Негізгі ауруларға байланысты жүргізіледі.
Ақыры 
 
іріңді және
 
адгезивті перикардиттерде қатерлі болады. 
9.4. ЫРҒАҒЫ МЕН ӨТКІЗГІШТІГІІҢ БҰЗЫЛУЫ
Балаларда жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылулары

әртүрлі
факторлардың әсерінен пайда болатын, өткінші немесе тұрақты сипатты және
жағымды немесе гемодинамиканың бұзылуымен өтетін, физиологиялық немесе
патологиялық жағдайлар.
Аритмиялар көптеген балаларда кездеседі. Олардың көбі жеке даму процессін,
әсіресе белсенді даму кезеңінде, функциялық (өткінші) болып келеді. Жүрек ырғағы
бұзылған балалардың шамамен 20-30%-да жүрек аурулары немесе басқа патологиялық
жағдайлар анықталады.
Этиологиясы.
Импульстің жасалуы мен өтуінің бұзылуы туа біткен немесе пайда
болған сипатты және әртүрлі себептердің әсерінен болуы мүмкін.
Жүрек аурулары
– туа біткен және пайда болған жүрек ақаулары, кардиттер (негізінен
миокардиттер), кардиомиопатиялар және басқалар. 
Метаболизм мүкістіктері
– тұқым қуалайтын аурулар, электролиттік бұзылыстар
және басқалар.
Нерв, эндокрин, тамаққортыу, тыныс және басқа жүйелердің аурулары
.
Инфекциялар
(әдетте, вирусты). 
Токсикалық әсерлер
– дәрілер және басқалар.
Хирургиялық араласулар
– негізінен жүрекке және ірі тамырларға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет