Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЮВЕНИЛЬДЫ РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ



Pdf көрінісі
бет612/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

9.8.1. ЮВЕНИЛЬДЫ РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ
595


Ювенильды ревматоидты артрит
(ЮРА немесе ювенильды идиопатиялық
артрит)

16 жасқа дейін балада байқалатын буындардың созылмалы қабыну
аурулары.
Жоғары деңгейдегі жиілігі, ерте мүгедек болуы, патологиялық процесске басқа
да мүшелердің (жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, лимфа түйіндері, көз) қатысатындықтан ЮРА
басқа коллагеноздарға қарағанда ерекше орын алады. ЮРА дербес нозологиялық форма
болып 1946 жылы бөлінген және балалық кезеңінде ревматикалық аурулардың ішінде жиі
кездесетін түрі болып келеді. 5 жас балаларда ең жиі кездесетін кезең. Жасөспірімдерде,
12 жасқа дейінгі балаларға қарағанда 2 есе артық кездеседі. Ер балаларға қарағанда қыз
балалар 1,5- 2 есе жиі кездеседі. 
Этиологиясы.
Ауру негізінде кезкелген арандатушы антигендер жиынына
патологиялық иммундық жауап жатады. Балаларда болуы мүмкін факторлардың ішінде
аурудың инфекциялық табиғаты мен иммунологиялық бейімділігі ерекше аталады.
Процессті арандатушылар ретінде жарақат, салқындау, шектен тыс инсоляция аталады.
ЮРА-ның ең ауыр түрлері В35-бен қосарланған антигендердің DR локусын тасымалдаушы
балаларда жиі кездеседі. HLA-антигеннің В12, В40, В27 локустары негізінен буындық
түрлерімен ассоцияланады, ал серопозитвті варианттары HLA DR-4 -мен
корреляцияланады. 
Патогенезі.
Патологиялық процессс синовиальды қабатта басталады. ЮРА-ның
патогенезінде эндотелиальды жасушалардың зақымдалуына үлкен орын беріледі.
Көптеген буыннан тыс (жүйелік) зақымдалулардың генезі иммундыкешенді васкулиттің
дамуымен, сонымен қатар тіндердің лимфоциттермен, аутоантиденелермен тікелей
зақымдалуына байланысты.
Жіктелісі.
Диагноз қою үшін А.В.Долгополова, А.А. Яковлева, Л.А. Исаева (1980)
жіктелісін 
(102 кесте)
қолдануға болады.
102 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет