Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет614/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагностика 
негізінен клиникалық көріністеріне негізделеді: 
 А. Клиникалық белгілер
:
1. Арудың 16 жасқа дейін басталуы;
2. Ісінумен/сұйықтықпен немесе келесі белгілердің ең болмаса екеуі анықталатын (функ-
циясының шектелуі, буын контрактурасы, сипағанда ауырсынуы, жергілікті қызудың
көтерілуі, бұлшықеттік атрофия) бір немесе одан көп буындардың зақымдалуы.
3. Ұсақ буындардың симметриялы зақымдалуы.
4. Омыртқа жотасының мойын бөлігінің зақымдалуы.
5. Ертеңгісін буындарды жазу қиындығының байқалуы.
6. Буындағы өзгерістердің 6 аптадан кем болмауы.
7. Увеит.
8. Ревматоидты түйіндер.
9. ЭТЖ -ның 35 мм/сағаттан артық болуы.
10. Ревматоидты фактордың (РФ) анықталуы.
11. Синовиальды қабаттың биопсиясындағы тән өзгерістер.
Б. Рентгенологиялық белгілер:
1. Остеопороз;
2. Буындар саңалауларының тарылуы;
3. Сүйектердің өсуінің бұзылуы.
Жоғарыда берілгендердің ішінен үш белгі анықталса – диагноз мүмкін, төртеуі
анықталса – нақтылы, жетеуі болса – классикалық болып есептеледі. 
ЮРА туралы күдік туғанда, жалпы міндетті клиникалық зерттеулермен қатар,
төмендегілерді орындау маңызды:
– буындар рентгенографиясы:
– болжамдық маңызы жоғары болып келетін, бірақ диагнозды қоюға немесе жоққа шы-
ғаруға мүмкіндік бермейтін, сарысуды РФ-ға (балаларда 5-15% анықталады) зерттеу; 
– антинуклеарлық факторға (АНФ) зерттеу (РФ жоқ балалардың 25%-да, РФ анықталған
балалардың 75%-да анықталады, жүйелік түрлерінде кездеспейді деп айтуға болады).
Оның анықталуы увеитте процесстің жаугершілігінің белгісі болып келеді;
– титрі қабыну активтілігімен корреляцияланатын α
2
және γ-глобулиндерді анықтау;
– цикликалық цитруллин бар пептидтерге (анти-ССР) антиденелерді анықтау сезім-
талдығы бойынша РФ анықтаудан кем түспейді (50-80%), тіптен спецификалығы
бойынша айтарлықтай басым (96-99%) және ЮРА-ны аурудың дебютінде анықтауға
ықпалын тигізеді;
599


– иммуноглобуллиндерді анықтау (әсіресе, концентрациясы патологиялық процесстің
артуы барысында жағарлай түсетін Ig A);
– окулисттің тексеруі;
– синовиальды сұйықтықты зерттеу.
Әдетте, ЮРА-ның субсепсистік түрін анықтау қиынға түседі, балалар жиі ауруханаға
бактериальдық сепсиске күмәнмен түседі. Қанды бактериалық зерртеу барлық уақытта
теріс болады, сепсистің жергілікті ошақтары анықталмайды, антибактериальдық ем
нәтижесінде белгілер жойылмайды, бірақ преднизолон тағайындағанда басылады.
Сонымен қатар, диагноз қою үшін басқа да буындардың зақымдалуы байқалауы мүмкін
ауруларды жоққа шығару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет